Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Аңдардың көктемгі тіршілігі

Қазақстан,Астана қаласы

№ 28 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Утегенова Дина Амангельдиновна

Сабақтың мақсаты:
-аңдар тіршілігіндегі көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру;
Міндеттері:
             -мәтінді түсініп оқиды, алған білімдерін толықтырады, жинақтайды;
-аңдардың маңызын, пайдасын  туралы білуге жағдай жасау;
-алған білімдерін өмірмен байланыстыруға жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
             -табиғатты аялауға үйренеді, табиғат ережелерін білуге жаттығады;
-өз ойын айтуға үйренеді;
-дәлелдеуге үйренеді;
-өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді;
-бір-бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдылана алады.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың әдісі: RWCT  бойынша.
Қажетті материалдар: суреттер, ватман, маркер
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту

-Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз.Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер?Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Жеке жазу.
Жұпта ойын таныстыру.
Топта талқылау.

аш  болады                              қонжығы бар                  балалайды                         әдемі

ұйқыдан оянады                                орманда
болады                             тез жүгіреді                        шөп жейді

Ұжым ойын ортаға салып, қорғайды.
II.Мағынаны ажырату
Мәтінді оқиды, талдайды.
Құралай – киіктің баласы.
Қонжық – аюдың баласы.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
III. Ой толғаныс
-Біз бүгін сабақта не үйрендік?
-Сұрақтарға жауап бере алдық па?
Венн диаграмма

Киік,
шөп жейді,
тез жүгіреді,
далада мекен етеді
                          Аю,
жыртқыш,
құмырсқаларды, жас
балапанды  жейді,
орманда өмір сүреді
Аң,
сүткөректі,
балалайды,
қоректенеді,
өседі

 

 

 

 

 
IV.Үйге тапсырма: мәтінді оқу, сурет салып келу
V.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.А. Утегенова
№28 орта мектеп мұғалімі
Астана қаласы, 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл және қала.Ауыл еңбегі

Сабақтың мақсаты: Ауылды жердегі шаруашылық  түрлерінің
сан – алуандығымен  таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

  • ауыл өмірі жайлы мағлұмат беру;
  • еңбек түрлерінің бір – бірімен тығыз байланыстылығын  білуге
    үйрету;
  • ауылға деген  сүйіспеншілігін  арттыру

Күтілетін нәтиже:

  • ауыл өмірі туралы   терең мағлұмат ала алады;
  • ауылды жердегі еңбек түрлерінің сан – алуандығымен танысады;
  • топта салыстыру, зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру», «Кубизм»,         «Кейіпкерге хат», «Автор орындығы»
Бағалау: «Топтастыру», «Кубизм», «Кейіпкерге  хат», «Автор  орындығы», әдістерімен  жұмыс  істеу арқылы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: инновациялық — ақпараттық   сабағы
Сабаққа қажетті материалдар:оқулық, суреттер, интерактивті тақта т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I.  Қызығушылықты ояту
«Жидек  алаңы »  сергіту сәті
Оқушылар  «Ауылым»  әнін  тыңдайды.
— Өлең не туралы?
— Дұрыс, ауыл туралы.
Интерактивті тақта  арқылы  ауыл  мен  қаланың  суретін  көрсету.
«Ой  шақыру»  әдісі  бойынша  сұрақ  қою:
Ауыл  еңбегі деген  сөзді  естігенде  ойларыңызға  не келеді?
Жеке жазады. Жұпта оқиды.Топта талқылайды.
Ауыл  еңбегі  жайында  білетіндерін тақтаға жазад

    Ауыл еңбегі

  ерте  оянады

өте ауыр                                                мал күту

            шөп шабу                                                 отын дайындау
егін жинау
 
— Олай  болса, бүгінгі  өтетін тақырыбымыз «Біздің ауыл немесе қала. Ауыл  еңбегі»
II. Мағынаны тану
— Олай  болса, бүгінгі  өтетін тақырыбымыз «Біздің ауыл немесе қала. Ауыл  еңбегі»
Мәтінді  оқу арқылы  жаңа  ақпаратпен  танысады.
— Ауылда  қандай  мекемелер  бар?
— Мал  өсіруге  байланысты  қандай  еңбек  түрлері  бар?
— Егін егуге  байланысты  қандай  еңбек  түрлері  бар?
— Еңбек түрлерінің  бір-бірімен байланысы  қандай?
Жеке  жазады.Жұпта оқиды.Топта  талқылайды.
Балалар  кезектесіп айтып, толықтырады.
—  Қазақстан  халқының  көбі ауылды  жерлерде тұрады.Егін егу, мал бағу,  жеміс-жидек өсіру – осының  бәрінде  де  ауыл  адамдары  істейді.Ауылда мектеп, мәдениет үйі, бала тәрбиесі мекемелері, дәрігерлік  мекемелері бар.
Мал өсіру  саласында еңбек  ететіңдер: мал  дәрігері, қойшы, сауыншы, бақташы, күзетші.Егін егу саласында  еңбек  ететіңдер: тракторшы, шөпші, маяшылар, комбайыншы.Еңбек түрлері бір-бірімен тығыз байланысты.Біреулері  еңбекшілердің  киім-кешегін тігеді, екіншілері оларға мәдени, медициналық,  қызмет көрсетеді.
«Кубизм» стратегиясы  бойынша  әр топқа  тапсырма беріледі.

1 топ. Суреттеңіз.
а)  ауылдың  табиғат  бейнесін  суреттеңіз
ә)  ауылдың  тұрмысын  суреттеңіз

2 топ. Қолданыңыз
а) ауылға  байланысты  қандай  өлең, мақал – мәтелдерді білесіңдер?

3 топ. Салыстырыңыз.
а)  ауыл мен қала тұрмысын  салыстырыңыз
ә)  ауыл еңбегі мен қала еңбегінің  түрлерінің  салыстырыңыз

4 топ. Ойыңызбен  байланыстырыңыз.
а)  ауыл сөзді  естігенде  көз  алдарына не елестейді?

5 топ. Зерттеңіз.
а)  ауылдағы  еңбек  түрлерінің  пайдасын  зерттеңіз
ә)  қаладағы   еңбек  түрлерінің   пайдасын  зерттеңіз

6 топ. Қарсы  шығыңыз, пікірді қолдаңыз.
а)  Ауыл өмірі  жақсы ма? Қала өмірі жақсы ма?
Иә                                                 Жоқ
3дәлел                                              3дәлел

III.Ой  толғаныс
«Кейіпкерге хат» стратегиясы  бойынша  ауыл  тұрғындарына хат  жазу.
Жеке жазады. Жұпта оқиды.Топта талқылайды.
«Автор орындығы» стратегиясы  бойынша  әр  топтан ең  қызықты  хатты  бір  оқушы  ортаға  шығып  оқиды.
Үйге: «Ауыл – алтын  бесік»  эссе  жазып  келу

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *