Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Файлдармен жұмыс

                                                                                                               Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Кентау

 Школа–лицей №4 им. Ататюрка

 учитель информатики

Нуржанова Инжу Турсынбековна

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты:

Файлдармен жұмыс жасауда алған білімдерін практикада қолдана білуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Файлды енгізуді, шығаруды үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі: Файлдармен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар: Текстік файлдар жазады.

Ойлау дағдылары:

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері:

Формативті және өзін-өзі бағалау.

Тілдік мақсаттар:

Файлмен жұмыс алдында оның атын файлдық айнымалымен байланыстырып алу ASSIGN операторы қолданылады.Файлды жабу үшін CLOSE  операторы қолданылады.Дискіден бос орын ашып, жаңа файл жазуға дайындау үшін стандартты REWRITE  процедурасы қолданылады. Дискіде бар файлды ашу үшін RESET процедурасы қолданылады.

Құндылықтарды дарыту:

Файлдармен жұмыс. Мысалы: Шығару файлының жалғыз жолында бастаушы нөлдерсіз бір бүтін сан – есептің жауабын шығару.

Пәнаралық байланыстар:

Алгебра.

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақтада көрсетілген есептің қатесін табу.

Бастапқы білім

1) Сызықтық алгоритм деген не?

2) Енгізу операторы қандай?

3) Меншіктеу операторы дегеніміз не?

4) Меншіктеу операторының жазылу тәртібі?.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер.

Ресурстар.

Сабақтың басы

  • Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесі, оқушыларды түгелдеу.
  • Жаңа сабақ.

«Файл» атын тақырып етіп алып, осы туралы оқушылар не білеміз деген сұрақ қойылады да, білетіндерін ауызша мұғалім сұрайды. Бүгінгі жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға мәтін, есеп жазылған парақтар таратылады. Тақтаға және оқушылар дәптерлеріне кесте сызады да, кестедегі шартты белгілер бойынша кестеге түртіп отырады. Бұл түртіп алу стратегиясы – INSERT (3 минут)

Білетін мәселе
Сен үшін жаңалық
Анықтау керек
2-кезең  Жаңа түсініктер
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютердің сыртқы жадында белгілі бір атаумен жазылған деректер жинағы файл деп аталады. Программаның өзі де файл болып табылады.
Дискідегі әр файл екі бөліктен тұрады: атауы мен кеңейтілуі. Атауы 8 символдан, ал кеңейтілуі 3-ке дейінгі рұқсат берілген символдардан тұрады. Кеңейтілуі атауынан нүкте арқылы бөлінеді.
Текстік файлдар өте кең тараған. Әр түрлі символдардан құралған қатарлар тізбегінен тұратын файлдарды текстік файлдар деп атаймыз. Кейбір үлкен программаларда мәліметтерді қайта-қайта өңдеу программалаушының ұзақ уақытын алады және жұмыс барысында көптеген қателер жіберуіне әкеп соқтырады. Сондықтан көп мәліметтерді енгізу мен шығаруды қажет ететін программаларды файлдарға сақтап, дискілерге жазып қойған жұмысты көп жеңілдетеді. Текстік файлдар әртүрлі текстік немесе сандық шамалардан тұратын мәліметтерді сақтау үшін қолданылады.
Текстік файлдың файлдық айнымалысы VAR бөлімінде TEXT стандартты типімен сипатталады.
Var аты: text
Файлмен жұмыс 3 пунктен тұрады:
файлды ашу;
оқу немесе жазу;
файлды жабу.
Текстік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторлары:

assign (файлдық айнымалы,
файлдың аты)
Файлдық айнымалының міндеті
reset     (файлдық айнымалы)
текстік файлды оқу үшін
rewrite (файлдық айнымалы)
текстік файлды жазу үшін ашу
close     (файлдық айнымалы)
файлды жабу

Pascal-да файлдар айнымалы болып табылады, сондықтан оның аты болады. Операциялық жүйе өз кезегінде файлдардың аттарын пайдаланады. Файлмен жұмыс алдында оның атын файлдық айнымалымен байланыстырып алу ASSIGN операторы қолданылады.
Assign(X,N)
X – файлдық айнымалы, N – ашылатын файлдың аты.
Файлды жабу үшін CLOSE  операторы қолданылады.
Close (Х)
X – файлдық айнымалы
REWRITE  процедурасы
Дискіден бос орын ашып, жаңа файл жазуға дайындау үшін стандартты REWRITE  процедурасы қолданылады. Бұл процедура көмегімен дискіде бұрыннан бар файл ашылып жазылған жағдайда ескі файлдағы мәліметтер өшіріледі де орнына жаңа мәліметтер жазылады.. Жалпы жазылуы:
REWRITE  (Х);                          Х-дискіге жазылатын файл аты.

RESET процедурасы.
Дискіде бар файлды ашу үшін RESET процедурасы қолданылады. Бұл процедура дискідегі файлды оқуға дайындап ашады да, арнаулы файлдық сілтеме көрсеткішті файлдың басына апарып орналастырады. Егер файлдық айнымалы дискіде жоқ файл атын қабылдаса, онда программа орындалуы тоқтайды.
Жалпы жазылуы:
RESET (Х);      Х-дискіден ашылатынфайл аты.
Кіріс файлын құру үшін бағдарлама құру алаңының өлшемін тышқан курсорын жұмыс терезесінің 1 нүктесіне апарып, сол жақ батырма арқылы кішірейтіп аламыз. Содан кейін File             New бұйрығын орындап жаңа терезе ашамыз. File             Save as…. бұйрығын орындап, ат беріп сақтаймыз. (sabak.in)  Терезедегі қос ақ сызыққа тышқанды апарып, сол жақ батырманы басып отырып бос алаңға апарамыз. Осы әдіспен шығыс файлының да терезесін ашамыз.(sabak.out)
Кіріс және шығыс файлдарын құрып болғаннан кейін кіріс файлына айнымалылардың тиісті мәндерін енгіземіз. Әрбір мәнді енгізгеннен кейін бос орын тастап отырамыз. Үтір немесе басқа да тыныс белгілерді қоюға болмайды. Санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі нүкте арқылы ажыратылады. Сан мәндерді енгізгеннен кейін Ғ2 пернесін немесе File          Save  бұйрығын орындап енгізілген мәндерді сақтаймыз.
Бірінші терезені  екпінді етіп, Ctrl+F9  немесе Run бұйрығымен бағдарламаны компиляциялаймыз. Бағдарлама компиляцияланса, шығыс файл терезесін екпінді күйге өткізіп, бағдарламаның орындалу нәтижесін көруге болады.:

1 есеп
Радиусы r болатын дөңгелектің ауданын тап.  S:=П*r2   (П- шеңбердің ұзындығының оның диаметріне қатынасы барлық уақытта тұрақты. 
П=3,14)
Program esep1;                              Program esep1;                          
Var                                                                Var
r, s:real;                                          r, s:real;                         
f1,f2:text;                   
 const  Pi=3.14;
const  Pi=3.14;                                     begin
begin                                                             read(r);                       
assign(f1,’audan.in’);                      s:=Pi*r*r;
reset(f1);                                           writeln(’s=’s:2:1);            
read(f1,r);                                         end.
close(f1);                     
s:=Pi*r*r;
assign(f2, ‘audan.out’);   
rewrite(f2);                   
writeln(f2,’s=’,s:2:1);        
close(f2);                     
end.                                       

3-
кезең: Компьютерменжұмыс. Оқушыесепкебағдарламақұрып, компьютерденәтижесінкөрсетеді.

2 есеп
Тығыздығы  ρ  жәнебиіктігіНболатынсұйықтыңбағантүбінетүсіретінқысымынесептеугеарналғанпрограммақұр. ( P= ρ*g*Н);

Program esep2;
Var
Н:integer;
P: real;
f1,f2: text;
const g=9.8;
const
ρ =800;
begin
assign (f1, ‘dabl.in’);
assign (f2, ‘dabl.out’);
reset (f1);
rewrite (f2);
read (f1,
ρ, Н);
P:=
ρ*g*Н;
writeln (f2,’P=’,P:4:2);
close (f1);
close (f2);
end.

3 есеп. Олимпиадаесебі.    Носкилер

Енгізуфайлыныңаты:          socks.in
Шығаруфайлыныңаты:      socks.out
Уақытшектеу:         2 секунд
Жадығашектеу:         64 мегабайт

Үймеде N носкижатыр, әрноскидіңпарыосыүймедебарекенібелгілі, бірақәрқашандайоларараласыпкеткен. Кемдегендебірпарноскиболатынынакепілболуүшін, үймеденқаншаминималдыноскиалукерек?

Мәліметтердіенгізуформаты
Енгізуфайлыныңжалғызжолындабірбүтін, жұп, 100 ондықцифрданаспайтын N –үймедегіноскисаныберілген.

Мәліметтердішығаруформаты
Шығаруфайлыныңжалғызжолындабастаушынөлдерсізбірбүтінсанесептіңжауабыншығарыңыз.

Мысал:

socks.in
socks.out
4
3

Program socks;
Var
N:real;
S: real;
f1,f2: text;
begin
assign (f1, ‘socks.in’);
assign (f2, ‘socks.out’);
reset (f1);
rewrite (f2);
read (f1, N);
S:= (N/2)+1;
writeln (f2,S:1:0);
close (f1);
close (f2);
end.

Интерактивті тақта, компьютер, оқулық.

Үйге тапсырма

«Жалғасын тап!» ойыны.Ойла, ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген.
Формуланы білмесең,
Өте алмайсың көпірден.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Ссылка на материал:  https://yadi.sk/i/t-0PbNFTzhu6C


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *