Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Хәрпі және дыбысы

Казахстан, ШҚО., Көкпекті  ауданы
«Көкжайық орта мектебі»  КММ
Бастауыш  сынып мұғалімі 
Жакашбаева Айнаш Аскергазиновна
 
Сабақтың  мақсаты : 1.Оқушыларды жаңа  әріппен  таныстыру, буын ,    дыбысарқылы талдау жасау ;

2. Оқушылардың  ынтасын,  қызығушылығын   өзінің  жаупкершілігін  сезіне  білуіне  және  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  жұмылдыру,  шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

3. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді  сын  тұрғысынан   меңгерту.

Көрнекті құралдар :  Интербелсенді  тақта, музыка.

Сабақтың түрі : Жаңа  сабақ.

Сабақтың  әдісі : Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 Скачать

                                    Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық  дайындық:  Қазір  кімнің  көңіл- күйі өте тамаша қолдарыңды  көтеріңдер!   Кімнің  досы  сыныпта  отыр , қолын  шапалақ- сын!  Кім  өз- өзіне  сенімді,  қол  көтерсін ! Бүгін  біздер  сабақта не  істейтінімізді білетіндер, қолын  шапалақтасын!

Бүгінгі  сабағымыз  ҚР Тұңғыш  Президент күніне  арналады( слайд )

ІІ. Өткенді  қайталау.

1. Дыбыстар  қандай екі үлкен  топқа  бөлінеді? ( дауысты, дауыссыз)

Өткен дауысты, дауыссыз дыбыстарын  қайталау.

2. Үй  тапсырмасын  қайталау. «Жарыс»  мәтінін  мазмұндау.

 ІІІ. Жаңа  сабақ.

1. Жұмбақ  шешу.

Аяғы  жоқ, ауызы  жоқ,

Ашсаң,  өзі  сөйлейді.  ( ХАТ )

Ендеше  бүгін біз «Х» әрпімен  танысамыз.

2.«Х» қандай дыбыс ?  Неліктен ол дауыссыз?

Әріптің  баспа  және  жазба  түрлерімен таныстырып  кету.

3. Оқушылардың  шығармашылық  жұмысы.

— Жұмбақ  құрастыру

— Шағын  жобаларын  қорғау.

4. Ойын «Қай әріпті жоғалттым?» (Слайд)

…ат, …абар, ша…мат, …ор, …алат, сая…ат, …алел, …амит

Қай сөздер бас  әріптен  жазылады? Неліктен?

5. Сергіту  сәті  «Көңілді  бауырсақ»

6. Мәтінмен  жұмыс .  «Кітапхана» мәтіні  неше  сөйлемнен  тұрады? Мәтінде  не туралы  айтылған?  Кітапхананың пайдасы қандай?   Мәтінді  мәнерлеп  оқу.

7. Біздің мектептің  кітапханасы туралы әңгімелеу ( слайд )

8. Көркем  жазу .

Дәптерімізді  ашайық!

Салақтықтан  қашайық.

Қолға  қалам  алайық,

Көркем  етіп  жазайық!

Хх жазып  көрсету. ( Ауаға, тақтаға, дәптерге )

9. Терме  диктанты. « Х» әрпі бар сөздерді  теріп  жазу.

Жарыс, хат, қоян, асхана, Хамит, хан, оқушы, хор.

10.Сергіту  сәті. ( Көзге  арналған )

ІV. Сабақты  қорытындылау.  Бүгінгі  сабақта  не істедік? Сабақ сендерге  ұнады ма?

V. Үйге  тапсырма.  99 бет. Оқу, мазмұндау.

 
(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *