Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Көміртек жəне оның маңызды қосылыстары

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,г.Семей
КГУ «СОШ №27»
Учитель химии и биологии
Конакбаева Бибигуль

Сабақтың типі аралас
Жалпы мақсаты Көміртектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі қасиеттері мен аллотропиялық түрөзгерістері туралы біледі, көміртек пен оның қосылыстарының тіршіліктегі және өнеркәсіптегі маңызы туралы түсінік қалыптасады.
Күтілетін нәтиже 1. Көміртек пен оның қосылыстарының  құрамы, қасиеттері және адам өміріндегі  маңызы туралы білім алады.

2. Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері,  олардың маңызы туралы қосымша ақпарат алып, бұрынғы білімін жетілдіреді, танымдық қабілеті артады.

3.Топтық жұмыста өзінің білімін нақтылайды, салыстырады, өзіне сын көзбен қарап, басқаның пікірін тыңдауға, талдау жасай білуге үйренеді.

Негізгі түсініктер Көміртек және оның  аллотропиялық түрөзгерістері,қасиеттері, адсорбция, көміртектің түрөзгерістері
Көрнекі құралдар Компьютер, презентация, зертханалық тәжірибеге арналған  құрал- жабдықтар
Сабақтың  барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеттері
Ұйымдастыру кезеңі    — 1мин

 

 

Топқа бөлу-2 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа психологиялық дайындық.

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күшің бар да.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

     Алға қойған мақсатың, ісің бар да!

Сұрақтарға жауап беріп, топтарға бөлу

«Көміртек» тобы

Реттік нөмірі-6

Протон саны-6

Электрон саны-6

Атомдық масса-12

«Азот» тобы

Реттік нөмірі-7

Протон саны-7

Электрон саны-7

Атомдық масса-14

«Оттек» тобы

Реттік нөмірі-8

Протон саны-8

Электрон саны-8

Атомдық масса-16

«Фосфор» тобы

Реттік нөмірі-15

Протон саны-15

Электрон саны-15

Атомдық масса-31

«Күкірт» тобы

Реттік нөмірі-16

Протон саны-16

Электрон саны-16

Атомдық масса-32

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды атайды.

 

 

 

 

5 Топқа бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру- 5мин « Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 

Тест

Әрбір топқа 10 сұрағы бар тест беріледі.

1. Қоректік элементінің болуына қарай тыңайтқыштар қалай бөлінеді?

А) органикалық, бейорганикалық;

Ә) сұйық, қатты;

Б) азотты, фосфорлы, калийлі;

2.Ауадағы азоттың массалық үлесі

А) 21%

Ә) 1%

Б)78%

3. Адам үшін ауадағы азоттың атқаратын рөлі?

А) дем алу үшін

Ә) маңызды биологиялық заттардың құрамына кіреді;

Б) ағза үшін инертті орта бола алады

4. Сильвиниттің формуласын тап:

А) NaCl*Kl

Ә)NaNO3

Б)NH4NO3

5. Аммиактың формуласын тап:

А) N2

Ә) NO

Б)  NH3

6. Азот жетіспеген жағдайда өсімдіктің:

А) жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болады,

Ә) жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, гүлі майда болады,

Б) жапырағы қызарып, гүлдері түсіп қалады.

7. Преципитат қандай тыңайтқыштарға жатады?

А) азотты;

Ә) фосфорлы;

Б) калийлі;

8. Кешенді тыңайткышқа  қандай қосылыс жатады?

А) KNO3

Ә) NH3

Б) Nа NO3

9. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы  NH3 құрамындағы азоттың мөлшері?

А) 80%

Ә) 70%

Б) 90%

10. Өсімдікте калий жетіспесе:

А) сабағы қурап, жапырағы түседі.

Ә) жапырағы қарайып, гүлдері майда болады.

Б) фотосинтез процесінің қарқыны төмендейді

Топ басшылары тексеріп, бағалайды

Тест сұрақтарына  жауап береді және бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ басшылары бағалайды

Сабақтың  мақсатың белгілеу—1мин Проблемалық сұрақ: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат, 6 пәтерінде тұратын элемент?!

Бүгінгі сабақта қандай элемент туралы айтамыз? Қазір сабақтың мақсатын айқындауға тырысыңыздар.

Қойылған сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсаттарың белгілейді.
Жаңа тақырыпты оқыту -17 мин Сабақтың тақырыбы:  Көміртек жəне оның маңызды қосылыстары

1-кезең. Тапсырма беру      —  7 мин

/ оқу, постер жасау/

«Оттек» тобы–көміртекке периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама беру, көміртектің табиғатта таралуы

«Күкірт» тобы – аллотропиялық түрөзгерістері, адсорбция

«Көміртек» тобы –көміртектің химиялық қасиеттері

«Азот» тобы – қөміртектің оксидтері, олардың қасиеттері

«Фосфор» тобы — көмір қышқылы, қасиеттері, карбонаттар

 2- кезең. Түсіндіру

/ Әрбір топ дайындаған постерді талдап, 2 оқушы қорғайды/

3- кезең. Дәптерлерге жазу

Қорытындылау

/слайд бойынша/

Дәптерлерге жазады

Топпен жұмыс – оқулықтан тақырыпты оқып, А3 қағаздарға  постер жасайды.

Оқулық бойынша дайындаған материалды басқа топтарға түсіндіру.- 2 минуттан

 

 

Дәптерге постердан көшіреді.

 

Бекіту -12 мин        №3 Зертханалық тәжірибе «Көмірқышқыл газын алу, анықтау»

Мақсаты: Көмірқышқыл газын алуға және оны анықтауға үйрену

Құрал-жабдықтар:фосфор қышқылы, әктас, әк суы, газ алатын құрал тығынымен, сынауықтар

Жұмыстың барысы:

Не істедім Не байқадым Реакция теңдеулері
     

Қорытынды:

Зертханалық тәжірибені жасайды

 

 

 

 

 

Бағалау- 2 мин

Қорытынды баға қояды Бағалар қояды, түсіндіреді
Рефлексия -2мин SMS жазу (сабақ туралы пікірлерін) Стикерлерге жазады.
Үй тапсырмасы — 1мин § 22,23 , 110 бет 9-жаттығу көміртектің табиғаттағы айналымы, нанохимия туралы қосымша оқу Күнделікке жазу
(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *