Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Методическая разработка открытого занятия по развитию речи в средней группе на тему «Үй жануарлары»

Казахстан, Акмолинская область, Буландынский район,город Макинск
КГУ Школа-детский сад «Балдырған»
Воспитатель
Тастубаева Асель Сериковна

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту. Мүсіндеу

Тақырыбы: «Үй жануарлары», «Ұлттық тағамдар-құрт».

Мақсаты:

а) Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.

ә)Үй жануарлары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

б) Үй жануарлары қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.

в) Балаларды ұлттық тағамдар туралы түсіндіру, құртты мүсіндеуге үйрету.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы.

Көрнекілік: Үй жануарларының мен төлдерінің суреттері, дидактикалық ойынға құрал-жабдықтар

Дидактикалық материалдар: Әңгімелесу, жұмбақ шешу, тақпақтар, дид-қ. ойын, тыйым сөздер, слайдпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,топпен жұмыс,сергіту сәті.

Билингвальдық компонент: Сиыр – корова-cow, түйе – верблюд-camel, қой – баран-sheep, жылқы – лошадь-horse, ешкі-коза-goat.

Типі: «Тәй-тәй» технологиясы.

 

Іс-әрекет

кезіндері

Тәрбиешінің басқару әрекетБалалардың іс-әрекеті
 

 

 

Мотивациялық – қозғаушылық

 

—  Балалар бізде бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіпті. Орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар

-Жақсы балалар, орындарына отырыңдар.

 

 

 

 

 

Балалар  шеңберге тұрып,қайталайды.

 

 

 

Ұйымдастырушылық

ізденістік

 

Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

-Күздің қай айы?

— Дұрыс айтасыңдар, қазан айы екен.

Балалар мен сендерге  жұмбақ  жасырамын кім шешуін шешеді.

 

Жұмбақтар

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім.

Жем,шөп беріп аламыз,

Сүтін сауып аламыз.

Кезікті бір жануар.

Үстінде екі тауы бар,

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.

Суретпен жұмыс:

-Балалар, дұрыс мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

-Балалар, дұрыс айтасыңдар. Оңда балалар үй жануарлардың аттарын атап шығайықшы.

Үй жануарлары — колға үйретілген жануарлардың түрлері.

Бұл жануарларды төрт-түліктер деп атайды.

-Бүгін біз төрт-түлік мал туралы айтамыз.

— Қазір осы жануарлармен жақындап танысайық.

Балалар осы суретке қараңдаршы қандай жануарлар бейнелеген?

-Дұрыс, балалар ол сиыр.

Сиырдың төлін -бұзау деп атайды.

-Мынау қандай жануар?

Дұрыс айтасыңдар.

Жылқының төлін-құлыншақ деп атаймыз.

-Осы суретте қандай жануар?

Дұрыс балалар!

Төлін-қозы деп атаймыз.

-Мынау қандай жануар?

-Ешкіні де қоймен бірге бағады.

Ешкінің төлін-лақ деп атайды.

-Осы суретке қараңдаршы қандай жануар?

Түйенің төлін – бота деп атаймыз.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз,  жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек.

-Олар қайда мекендейді?

Ғажайып сәт: Қонаққа әже келеді.

Әже:-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге ауылдан сыйлықтар әкелдім!

Бауырсақ,жүнінен тоқылған киім,сүт.

— Келініз әже отырыныз, біздің балаларымыз

сізге тақпақтарды айтып береді.

-Балалар әжеге кім тақпақты айтып береді?

Дария: Мінезім жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал,

Нұршат:Арғымақ тұлпар жылқымын,

Мақтанымын жұртымның.

Ерге қанат тұлпар мен,

Қалай түлік келер маған тең.

Амира: Қой-ешкі бір түлікпіз,

Бірге өстік еш күдіксіз.

Еті тәтті, сүті бал,

Қой-ешкі ең құнды мал.

Жанболат: Қара көзін мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көзім тоймайды.

Әже:- Рахмет балалар үй жануарлары туралы көп тақпақ білесіңдер, ал осы жануарлардың қалай дыбыстайтының танып білесіңдер ме?

Әженің тапсырмасы:

«Қай жануардың дауысы?»

Үнтаспадан шыққан

дыбыстың қай үй жануарының дауысына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Жарайсындар,балалар,енді демалайық бәріміз тұрып сергіту сәтін орындаймыз.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз –

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

-Ендеше балалар фишкалар арқылы орталықтарға бөлінейік.

Орталықтырға бөлу.

1.Тіл дамыту орталығы:

Үй жануарлардың пайдасын айтайық. Слайд корсету.

-Сиырдың пайдасы қандай екен?

Дұрыс балалар. Сиырдың сүтін біз ішеміз,еттен әр түрлі тағамдарды пісіреміз.

-Жылқының пайдасы қандай?

Дұрыс айтасыңдар. Жылқының қымызы өте дәмді,қымызды –дәрі деп санайды

-Қойдың пайдасын кім біледі?

Дұрыс балалар!Жүннен біз киім тоқыймыз.

Түйенің пайдасы қандай?

Енді балалар осы үй жануарларға арналған

тыйым сөздер де бар.

Тыйым сөздер.

1. Малды ұруға болмайды.

2. Малды теппе, төкпе.

3. Малға теріс мінбе.

2. Өнер орталығы. Құрт мүсіндеу.

Балалар сендер әжемен бірге өнер орталығында тұзды қамырдан құртты  жасайсыңдар.

-Өте жақсы,балалар.

-Балалар жұмыстарында аяқтадыңдар ма?

Қазір орнымызға отырып ойын ойнаймыз Дидактикалық ойын: «Енесін тап!»

-Балалар үй жануарлардың төлдері өздерінің енесін жоғалтты, көмектесеміз бе?

Әже: -Жарайсындар балалар,үй жануарлар туралы көп білесіндер! Сау болыңыздар балалар! Мен өз ауылыма кеттім.

Сүрақ-жауап:

-Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы. Олардың төлдерін атайық.

 

 

 

 

 

 

-Күз жыл мезгілі

-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қазан айы

 

 

Жылқы

 

Сиыр

 

Түйе

 

Қой

 

 

Үй жануарларды

 

-Жылқы, сиыр,ешкі, қой, түйе

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиыр

Бұзау

-Жылқы.

 

Құлыншақ

-Қой.

 

Қозы

-Ешкі.

 

Лақ

-Түйе.

Бота

Жем, шөп береміз. Су береміз.

 

Үйде, қорада

 

Балалар әжемен амандасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтарды айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әженің тапсырмасын орындайды

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүті, еті, май, айран, құрт,қаймақ

 

Ет пен қымыз

 

 

Еті, жүні,тері

 

Шұбат,жүн

 

 

 

Балалар тыйым сөздерді қайталайды

 

 

 

Балалар құртты мүсіндейді

 

 

 

 

Ойын ойнайды

 

 

Әжемен қоштасады

 

 

Үй жануарлар туралы

Сиыр,жылқы,қой,ешкі.

Бұзау,құлыншақ,қозы,лақ,бота

 

 

Рефлексиялық — түзетушілік

Қорытынды.

-Балалар келесі сабақта сабақты әрі қарай жалғастырамыз.

Қазір орнымызға отырып ойын ойнаймыз.

Оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Әженің сыйлығын балаларға үлестіру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

біледі: үй жануарлар туралы білу керек,олардың пайдасын.

игереді: үй жануарлардың дауысын ажыратады;

меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.

Скачать


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *