Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Пішіндер

Казахстан, Мангистауская область, Бейнеуский район

Детский садик «Бейнеу»

Воспитатель

Наушабаева Маржан Жылкибаевна

Білім беру саласы: «Таным» Оқу іс-әрекеті: Математика Тақырыбы: «Пішіндер» Мақсаты: Балаларға таныс геометриялық пішіндер (үшбұрыш,дөңгелек,төртбұрыш) туралы білімді бекіту; балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту; қабылдауды,есте сақтауды,көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: пішіндерге ұқсас заттардың бейнеленген суреті; пішіндер(дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыш) бейнеленген. карточкалар;пішіндер салынған қапшық. Сөздік жұмыс: дөңгелек,төртбұрыш,үшбұрыш; Билингвальды компонент: дөңгелек – круг,шаршы- квадрат

Іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері:

Бәріміз енді тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық,

Жақсы-жақсы тілекті,

Қонақтарға сыйлайық!

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндермен танысамыз. Видеоролик көрсетіледі.

Тәрбиеші:-Балалар,алдымен пішіндер мен олардың түстері туралы тақпақтар тыңдайық. (геометриялық пішіндерден көрпеше құрастырып,қуыршаққа сыйлайды)

Тақпақтар:

Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер»

Шарты:геометриялық пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырады.

Әр балаға кез-келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша) үстелге қоюды ұсынады. Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды. Заттың пішінін саусақпен жүргізіп

шығуларын ұсынады.Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді.Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті:

Бір,екі –еңкей,

Бүгілмесін тізең. Үш – төрт шалқай,

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға,

Саусақты соз, жасқанба.

Оңға,солға бұрылып, Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тапсырма: «Түс пен пішінді ажырата білу»

1.Сары шеңберге секір.

2.Қызыл төртбұрышқа аяқты қой.

3.Жасыл үшбұрышты атта.

«Қапшықтан алып шық» ойыны.

Шарты:Үстел үстіне бір пішінді қояды. Балалардың біреуі шығып, қапшықтың ішінен дәл сондай пішінді сипап сезу арқылы табады.

Төртбұрышты қолданып,

Үшбұрышты қолданып,

Көрпешені жасаймын,

Әдемісін ішінен, Қуыршаққа сыйлаймын.

Ойыншықтар қандай, қандай,

Қызыл,жасыл,сары,ақ.

Түрлі – түсті түрлері,

Көз тартады өздері.

Балалар тапсырманы орындайды.

Педагогпен бірге

қайталап,

қимыл – қозғалыс арқылы жасайды.

Балалар сары түске секіреді;

Қызыл бұрышқа аяқтарын қояды;

Жасыл үшбұрыштан аттайды;

Сипап ұстау арқылы

қапшықтың ішінен

алып шыққан пішіннің атын айтып,түсін атайды.

Балалар ойынға қызығушылық

танытады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз, геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік, олардың неге ұқсайтынын білдік.

-Сонымен бірге,олардың әртүрлі үлкен-кішілігін және түстерін білдік. -Сендер,барлығың өте жақсы атсалыстыңдар,сендерге көп рақмет.Жарайсыңдар,балалар!

Ендеше, бүгінгі іс-әрекетімізді аяқтай отырып, бір –біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

Балалар берілген

сұрақтарға жауап

береді.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын,(төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек);Түсінеді:пішіндердің түсі және пішіні бойынша салыстыру дағдысын; Қолданады:көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттала отырып,заттарды жинақтауды;

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Наушабаева Маржан

Технологиялық картаны тексерген әдіскер: Кожанова Жаным


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *