Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Урок казахского языка в 3 классе на тему «Тіл халықтар достығының кепілі»

Казахстан,Акмолинская область,Жаркаинский район

Зерноградская основная общеобразовательная школа

Учитель казахского языка и литературы

Жумабекова Эльмира Мейрамбековна

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесі мен маңыздығын анықтау

Білімділік: оқушылардың білімдерін  жаңа деректер арқылы толықтыру

Дамытушылық: сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту

Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:                1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу)

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Жаңа тақырып
  3. Сергіту сәті
  4. Тапсырмалар орындау
  5. Ү й тапсырмасы
  6. Бағалау

Сәлеметсіңдер ме?! (кезекшімен сұхбаттасу)

Сабағымызды Қазақстан Республикасының Гимнімен бастайық.

Бүгінгі біздің сабағымыз Тілдер мерекесіне арналып отыр. 22-қыркүйек тілдер күні деп саналады.

Мемлекеттік тіл

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа  қатынас  құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.

Қазақ тілі – Қазақстан және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс – қағаздардың тілі.

Үй тапсырмасын  талқылау

1-тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстарды тақтаға жазайық.

Ә,Ү,Ұ,І,Ө,Қ,Ғ,Ң,Һ

Енді осы әріптерге сөз айтамыз.

Ә-әке, әже, әліппе, әтеш

Ү-үш, күш, үкі, үй, үйрек

Ұ- ұлу, ұш, құс

І- іні, ілгіш, білім, бір

Ө- өрмекші, өрік, төрт

Қ- қол, ақ, қалам, қарындаш

Ғ- аға, ғалым, ғарыш, ғарышкер

ң-аң, шаң, таң, оң

һ- айдаһар, жиһаз, қаһарман

2-тапсырма.  Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазыңдар.

Бұл мен..ң дос..м. Ол то..ыз жа..та. Оның аты Бек..ат.  Ол үш..нш.. сы..ыпта оқ..ды. Ол қаз..қ тіл..н біледі.  Ол жа..сы д..с. Біз бір..е ойна..мыз.

 

3-тапсырма Әліппе, қазақ тілі, дәптер сөздерін жіктеңдер

І жақ         мен         әліппемін      қазақ тілімін     дәптермін

ІІ жақ        сен         әліппесің       қазақ тілісің      дәптерсің

ІІ жақ        сіз         әліппесіз       қазақ тілісіз       дәптерсіз

ІІІ жақ      ол            әліппе           қазақ тілі            дәптер

   

Сергіту сәті

Бала бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнат

Сандар сөйлесін  ойыны. Сөз тіркесін құрау.

Бір бала, екі доп, төрт қалам, бес бұзау, жеті  құлын,  сегіз қарындаш, он екі алма, он төрт сиыр, жиырма сурет.

Диалог құрастыру.

Сөзжұмбақ шешу

 

Ручка    Школа    Кошка    Козленок   Пять    Книга   Семь    четыре

 Әріптерден сөз шығар.

ҚДӘПТЕР
АКІТАПУ
ЗСЫЗҒЫШ
АҚАЛАМП
ҚСЫНЫПО
ӨШІРГІШ
АПЫАЛМА
АТАПЛАҚ

 

ҚАЗАҚ, ДӘПТЕР, КІТАП, СЫЗҒЫШ, ҚАЛАМ, СЫНЫП, ӨШІРГІШ, АЛМА, АТА, ЛАҚ

Сабақты қорытындылау

Балалар біз сендермен Тілдер мерекесіне арналған ашық сабағымызды өткіздік.

Сұрақ – жауап.

Үйге тапсырма: балапан сөзін жіктеу, сөзжұмбақ құрау.

Скачать


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *