Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Алар асуы, өтер белесі көп — Қазақ тілі

Республика Казахстан,Акмолинская обл., г.Степногорск, п.Бестобе
Средняя школа №2 п.Бестобе
Учитель казахского языка и литературы
Досимова Балмекен Калиакбаровна

Талай  тар жол тайғақ кешуден өткен, талай асу-белестерді бағындырған, қиыншылықтарды бастан өткеріп, талай жеңістерде бірге қуанаған, талай арман-қиялдарға қол жеткізіп, бүгінгі егемендікті бірге тойлаған-қазақ халқымен-сонау ғасырлардағы дана да дара,шешен де шебер, білгір де бірегей халықтың ұрпағымын. Қазақтың қара жамылған аспанында, армандаумен ғұмыр кешкен, келер ұрпаққа тәуелсіздік таңын, тұғыры биік тілді аманат етіп қалдырған.

Тәуелсіздік таңы тілдің де, тіл тұғырындағы құнарлы қатпарларын қозғалысқа түсірмей ғана, қазақ тіліне бақыт құсын сыйлап, сол бақыт құсы аспан төңірегіндегі қараңғылықты сейілтіп, азаттықтың дәмін таттырды.

Қазақ тілі-әрбір қазақтың қара домалақ баласының мақтанышы,мөлдір тұңғиығы. Қазақ тілі-халқымыздың асыл мұраларын жинақтаған, мәдениеті мен әдебиетінің құндылығын сақтаған-тіл. Анамыздың әлди әнімен, әкеміздің тәрбиесімен ұрпақ бойына тараған, ата-бабаларымыздың даналығы мен алтын батасының құдіреттілігін сақтаған-тіл. Бірде, Жүсіпбек Баласағұн: «Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,баста жарар, қадір-құтты ел өшірер»,-депті. Бар құдірет тілде, тіл-биіктетеді де, биікке шығарып, көктен түсіреді де.

Бар жақсылықтың басы-тіл.

«Қазақ тілім, ана тілім, ардағым,

Сен барда арайлап атар таңдарым

Сен барда мен де тірі, мен де бар,

Жүрегімде жалындаған отта бар».

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *