Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қазақстанның ұлттық мәдениеті

Казахстан, Акмолинская область, Жаркаинский район

Средняя школа им. 50 лет Октября

Учитель начальных классов

Жусупбекова Айгуль Жамантаевна

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту; еліміздің ұлттық мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: ертегі кітаптар, мақал-мәтел кітабы, нақыл сөздер кітабы.

Сабақтың барысы:

Бұл сабақта жергілікті жердегі өнер мұражайына, кітапханаға топсеруенге апаруға болады. Өнер қайраткерлерінің портреттері мен туындылары қойылып, көрме ұйымдастырылады. «Қазақстан халықтарының мәдениеті» бейнефильмі көрсетіледі.

Сабақты төмендегі нұсқамен өткізуге де болады.

Кіріспе бөлім.

Мұғалім сабаққа әжейдің қоржынын алып келеді. Қоржынды ашып, бір шоқ жусан, кесе, тау хрусталі, құм салынған кішкене қапшық, су кұятын ожау және барқытқа жібек жіппен кестеленіп тігілген сурет.

— Әжейдің қоржынынан шыққан заттар нені білдіреді?

Жусанда туған жердің иісі бар. Ертеде алысқа сапарға шыққан адамдар өздерімен бірге бір шоқ жусанды алып жүрген. Туған жерге деген сағыныштарын жусанды иіскеп басқан. Өйткені жусан қазақ даласында көп өседі.

Ожау бұлактың мөлдір суы сияқты тазалықты білдіреді.

— Құм салынған қапшық «қаптағы құм сияқты достарың көп болсын» дегенді білдіреді.

Сурет жолды, тауды, өзенді білдіреді.

Негізгі бөлім.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетін танып-білуге саяхат.

1-аялдама. Аңыз-әңгімемен танысу.

Райымбек бастауы

Райымбек сарбаздары алғашқы күні-ақ сусыздықтан тарыға бастады.

Райымбек қатты ойланып отырды да, орнынан атып тұрды. Қолына сүңгі алып, атқа мінбей, Көкойнақты жаяу жетектеп, жүріп кетті. Жерден көз алмайды. Бір ойпаңдау жерде Көк- ойнақ көк тістеп тұрып, оқыранып қалды.

Райымбектің күтіп тұрғаны сол еді. Райымбек дәл аяғының астына бойлата сүңгіні сұқты да, қайта тартып алды. Сүңгінің ұшына лайлы топырақ жұғылып шықты. Сүңгіні бірнеше рет түйгіштеп сұққылады. Бір кезде су атып шықты. Қуанғанынан:

Су, су, — деп айғайлап жіберді.

Сол күннен бастап мөлдір сулы бастау «Райымбек бастауы» деп аталып кетті.

«Ана тілі» кітабынан

Мұғалім қазақ халқында туған өлке, туған өлкенің батыр ұлдары мен қыздары туралы аңыз-әңгімелері көп екендігін айтып өтеді.

2-аялдама. Топпен жұмыс. Мақал-мәтелдер жарысы.

Мақал-мәтелдер

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Елдің ерлігі ерінен танылар,

Елдің байлығы жерінен табылар.

Өз елім — алтын бесік, жат елдің — түбі тесік.

Жер шежіресі — ел шежіресі.

3-аялдама. Әр топ қазақ халқының әндерін орындайды.

Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтін оқылады, мазмұны ашылады.

ә) Әңгіме жүргізіледі.

Мақал-мәтелдер қандай тақырыптарды ашады?

Достық, бірлік, білім, т.б.

Мақал-мәтелде терең ой жинақталып, қорытылып беріледі.

— Қазақ халқының аңыз-ертегілерін қағазға, жазбаша түрде бірінші кім түсірді?

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: қосымша әдебиеттерден Қазақстан мәдениеті туралы оқып келу, қазақ халқының мақал-мәтелдерін оқып, дәптерге жазып келу.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *