Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым

Қазақстан,Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау ауданы,Лавровка
Лавровка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Калибекова Райхан Орынтаевна

Мақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау   2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу  қабілеттерін арттыру ,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Көрнекілік: суреттер,сызбалар,қанатты сөздер,карточкалар,логикалық есептер.
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Жоспар :
1.Оқушыларды топқа бөлу
2.Топ басшысын сайлау
3.Әділқазы алқасын сайлау
4.Әр топқа тапсырмалар беру
5.Қорытындылау
1 топ «Алғырлар» тобы
2 топ «Тапқырлар» тобы
Жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру
«Бүгінгі білім- ертеңгі байлығым.» сайыс
— Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

— Құрметті оқушылар бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?

— Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр

Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі — дамыған тіл.

I-тур : « Кім жүйрік»
а.Топ басшысына арналған сұрақтар
II-тур: « Ойлан,тап!»
Ана тілі пәні      а.Құпия хаттарға жауап беру
ә. «Сөзден сөз құра»  ойыны
б. «Сөз шебері»  Капитанға
III-тур : « Кім жылдам ?»
IV-тур : « Сен білесің бе?»
V- тур: «Тапқыр болсаң-тауып көр»
I-тур « Кім жүйрік »
1-тапсырма.      Топ басшысына арналған сұрақтар
1 топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2 Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
3. Сөйлемнің қандай түрлері бар? (хабарлы, лепті, сұраулы)
4. Күйді орындаушы адам ( күйші )
5. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
6. Қазақтың үш биін ата
7. Бір жылда неше ай бар?

 

 

2топ
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2.. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
3..Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
4.  Дауысты дыбыстарды ата
5. Бие сүті қала аталады?
6. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

7. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қалай сұрақ қоямыз?

II Тур «Ойлан,тап!»
1 тапсырма Құпия хаттарға жауап беру
I –топ      Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным
сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
II-топ     Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
III-топ        Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып   келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің
не істегенім дұрыс?
2-тапсырма  «Сөзден сөз құра»  ойыны

Шарты:  екі топқа да 1 сөз беріледі Ол сөзден кім қанша сөз құрайды
3-тапсырма      «Сөз шебері»  Капитанға

Қалаған 1 өлеңді жатқа айту
III-тур « Кім жылдам ? »                1 тапсырма. «Сиқырлы сандар»
1 топқа. Сызба байынша сөйлем құрап, сөйлемнің байланысын көрсету.
2 топқа. «Сыйлық»
2 тапсырма. Суретпен жұмыс

Топтағы әр бала 1 сөйлемнен ойлап, мәтін құрастыру
IV-тур « Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, екі тілге аудару.
1. Әттең,даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.(кітап-книга)
2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)
3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)
4. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
5. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка)
6 .Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса)
7. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
8. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
9. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)
V тур-   1 тапсырма    «Сиқырлы сөз»

Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.

I топ Күз                                     II топ Жапырақ

2 тапсырма   «Тапқыр болсаң — тауып көр»

Бұл әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.

Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:

1. Мектеп қай көшеде орналасқан?

2. Күз айларын ата?

3. Неше рәміз бар?

4. Туда не орналасқан?

5. Қазақстан қандай мемлекет?

6. Көктемде не болады?

7. Қандай азық — түліктерді білесің?

8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:

1. Апта күндерін ата?

2. Жазда не болады?

3. Әнұранның авторларын ата?

4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?

5. Біздің мектеп қандай?

6. Қандай мерекелер бар?

7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата

8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

9. Қыс айларын ата?

10. Елтаңбада не орналасқан?

— Ал, балалар бүгінгі «Бүгінгі білім- ертеңгі байлығым» интеллектуалдық сайыс сабағымыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.

Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *