Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Әдептілік әлемі

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское

ГККП Ясли-сад «Еркетай»

Воспитатель

Кайсина Зура Манаповна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы                                   

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» (өлең оқу)

Мақсаты: «Әдептілік әлемі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағыналарын түсіндіру; өлең арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; әдептілік туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; әдепті, кішіпейіл, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: әдептілік туралы суреттер, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аяқ-табақты, асықпай.

Билингвальді компонент: әдептілік — воспитанность; әлем — мир.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық —

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық — ізденістік Кіріспе әңгіме

—  Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

—  Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, киын кезде көмектесуді айтамыз.

—  Бүгін біз ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жина аяқ-табақты.

Сөздік жұмыс:

Аяқ-табақ — тамақ ішетін ыдыстар. Билингвальді компонент:

әдептілік — воспитанность;

әлем — мир.

Сұрақ-жауап

—  Асты асықпай, сөйлемей отырып ішу керек. Асықпай ішкен ас сіңімді болады. Ас ішкен соң ыдыстарды жуып-тазалауға көмектесу керек.

—  Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?

—  Әдепті атану үшін қандай болу керек?

Сергіту сәті

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем, жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Есенсіз бе, ата?» — деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей?» — деп.

Дидактикалық ойын:

«Қайсысы дұрыс?»

Ойынның шарты: тақтаға бірнеше сурет ілінеді, балалар сол суреттердің ішінен әдептілік туралы не көрсетілгенін әңгімелеп береді.

Мақал жаттау

«Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені».

Балалардың жауаптары.

 

 

— Әдепті болу — үлкенді сыйлау, ұқыпты киініп жүру, тәртіпті болу, кішіге қамқор болу, жаман сөз айтпау, достарын ренжітпеу.

 

 

 

Балалар өлеңді жаттайды.

 

 

 

Сөздің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:

Әдептілік — воспитанность;

Әлем — мир.

 

Аяқ-табақты, асықпай сөздерінің мағынасын қайталайды.

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

Балалар қимылмен орындайды.

 

Сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

 

Балалар мақалды жаттайды.

Рефлексиялық — түзетушілік —  Әдепті бала қандай болады?

—  Сен әдепті болу үшін не істер едің?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп, мәнерлеп айтып береді;

Игереді: әдепті болу үшін мейірімді, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білу, таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді;

Меңгереді: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып бере алады.

 

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *