Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Есеп бойынша теңдеу құру

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район

КГУ «Ащигольская средняя школа»

Учитель начальных классов

Секей Аспенгуль

Сабақтың мақсаты: оқушыларды есепті шығарудың жаңа тәсілімен — теңдеу құру арқылы шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру; құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу біліктіліктерін арттыру; талдау және қорытындылау дағдыларын дамыту.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап  хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

  1. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

№1 тапсырма ауызша есептеуге беріледі. Проблемалық жағдай туғызу үшін «теңдеу» және «өрнек» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Тақтаны ортасынан сызықпен бөліп, алдымен теңдеу құрастыруға байланысты берілген тапсырманы орындатады, содан соң екінші бөлігіне тапсырма бойынша өрнектер жазылады.

   Теңдеу жазуға берілген тапсырмалар:

а) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 220 санын алдым. Мен қандай сан ойладым?»

ә) «Мен бір сан ойладым, оны 20 есе арттырып, 100-ді қосқанда, 220 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?»

   Өрнек жазуға берілген тапсырмалар:

а) 11 санын 20 есе арттыр.

ә) 11 мен 20 сандарының көбейтіндісін 100-ге арттыр.

Оқушылардан осы жазулар тақтаға жазылғаннан кейін,  оң жақтағы және сол жақтағы жазулардың қалай аталатынын сұрайды. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Балалар осылайша «өрнек» және «теңдеу» деген терминдерге анықтама береді.

Сұрақ-жауап:

Жазулардың қайсысын теңдеу деп атауға болады?

Теңдеу деген не?

Теңдеуді шешу деген не?

Теңдеудің түбірі деген не?

  1. Жаңа тақырыппен жұмыс.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, оқулықтағы №3 (а) тапсырмаға ұқсас есепті шығаруды ұсынады. Есепті теңдеу құрып шығаруға болады. «Бір күнде 100 мм қар түсті. Егер екі күнде 300 мм қар түскен болса, екінші күні қанша қар жауды?»

Ары қарай мұғалім есепті теңдеу құрып шығару кезінде есептің сұрағын анықтап, белгісіз санды табу керек екенін айтады. Екінші күні түскен қардың мөлшерін х деп белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құруға болады: 100 + х = 300.

Теңдеуді шешіп, есептің сұрағына жауап береміз. Тақтаға мынадай жазу жазуға болады:

1-тәсіл

Амалдар бойынша немесе өрнек арқылы

2-тәсіл

Теңдеудің көмегімен

                                                          1-куні — 100 мм

300 мм

2-күні — ? мм

300 — 100 = 200 (мм)

 

х мм қар түсті дейік.  Теңдеу

құруға болады:

100 + х = 300

х = 300 — 100

х = 200 (мм)

Жауабы: екінші күні 200 мм қар түсті.

Балалар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады деген қорытындыға келу керек.

  1. Алғашқы бекіту.

Есептің сызбасы бойынша теңдеу құрастыру. Тақтаға есептің сызбасы ілінеді. Бірінші сабақта белгісіз қосылғыш, азайғыш, азайтқыштары бар теңдеулер құрастыруға болатын есептің сызбаларымен шектеуге болады. Сызбалар:                          

                      

    Есептің үлгілері:

Велосипедшілер 2 күнде 110 км-ді жүріп өтуі керек. Егер оларға екінші күні әлі 60 км жүру керек болса, бірінші күні қанша километр жүрген?

Туристер 40 км жолды жүріп өткеннен кейін, өлі жүрілмеген 80 км жол қалды. Оларға барлығы қанша километр жолды жүрулері керек?

   Оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болатындығы туралы қорытындыға келулері керек.

  1. Өздік жұмыс үшін №3 (ә) тапсырмасы.

Ауылда 45 бала ойнап жүрді. Олардың  14-і ер бала,  ал қалғаны — қыздар. Неше қыз ойнап жүр?

Талдау жұмысы жүргізу, содан  кейін  осы есепті әртүрлі тәсілмен орындау  №2 тапсырма теңдеу шешуге жаттықтыруға арналған.

Жұпта бірін-бірі тексерді.

  1. Өтілгеп материалдармен жұмыс.

Есептеумен байланысты №4 тапсырмасын орындау.

№6 тапсырманың суреті мен өрнектері бойынша есептер құрастыру жұмысы жүргізіледі.

Рефлексия: Смайлик арқылы көңілдерін білдіреді.

Үй тапсырмасы: №5.

 

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *