Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мағжан –ақын, азамат

Казахстан,Северо-Казахстанская область, Жамбылский район
Благовещенская средняя школа №1
Учитель казахского языка и литературы
Рамазанова Маруар Базаровна

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасының жоғары екендігін ұғындыру
2. 
Дамытушылық: Ой – өрісін дамыту, сөздік қорын молайту; оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету;
3. 
Тәрбиелік: Оқушыларды елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, кітап көрмесі, үлестірме қағаздар, бейнетаспа.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу

б) психологиялық тұрғыдан қарым – қатынас туғызу

II. Үй тапсырмасын сұрау:

«Ыстық орындық» әдісі бойынша тексеріледі.

Сәкен Сейфуллин кім?
— Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы туралы не білесің?
— Сәкеннің қоғамдық-саяси өмірі қандай болған?
— Сәкен поэзиясының тақырыбы қандай?
— Ақын шығармаларының шыңы қандай поэмалары?
— Ақын «Ақсақ киік» өлеңінде қандай мәселе көтерген?
— Өлең неге «Ақсақ киік» деп аталған?
— Елімізде табиғат қорғау мәселесі қалай шешімін табуда?

III. Қызығушылықты ояту

«Адасқан әріптер» ойыны ойналады. Оқушылар адасқан әріптерді таба отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

м ж а в м е н

ғ ұ б а а а ж

IV. Мағынаны тану

1. Мағжан Жұмабаев туралы бейнематериал ұсынылады.

Оқушылар бұрын алған білімдерін еске түсіре отырып, бейнематериалдардан көргендерімен ұштастыра Мағжан кім ? деген сұраққа жауап береді. Өз пікірлерін айтады.

ұлы ақын азамат педагог

«Түркістан» өлеңі қоғам

Мағжан кім ?

Мағжан кім? кіЖЖұмабаев

қайраткері білімді

аудармашы 1893 жылы жерлес Солтүстік Қазақстан облысы

2. Тірек-сызбамен жұмыс

Мұғалім М.Жұмабаев туралы мәліметтермен таныстырады.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылында дүниеге келген.  Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы аяқтайды.

1911-1912 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. /1914-1917жж/

Мағжанның өлеңдері: Махаббат лирикасы: «Сен сұлу», «Шолпы», «Гүлсімге» ,«Күміс нұрлы ай» т.б.

Түрме тауқыметіне арналған: «Сағындым», «Тұтқын», «»Оқжетпестің қиясында» т.б.

Философиялық жырлары:

«Жан сөзі», «Ой», «Домбыра» , «Мені өлім ,әлдиле» т.б.

Мағжанның поэмалары: «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы»

3. Сөздік жұмысы

4. Оқулықпен жұмыс

Топпен жұмыс / 15 минут/

I топқа берілетін тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны.

II топқа берілетін тапсырма : Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы

/ Тақта алдында топтар постерін қорғайды/ Топтар алған мәліметтерін дәптерлеріне жазып алады.

V. Бекіту

1) Мағжан Жұмабаев қандай ақын?

2) Қандай поэмалары бар?

3) Лирикаларының өзгешелігі неде?

4) Ол кімдердің шығармаларын аударды?

VI. Дәптермен жұмыс « Бес жол өлең» әдісі

  1. Зат есім Ақын
  2. Сын есім, сын есім ұлы қөрнекті
  3. Етістік, етістік, етістік жырлады суреттеді аударды
  4. Сөйлем Ұлы ақын халқын жырлады
  5. Синоним Сөз шебері

VII. Қорытынды

«V» — бұрыннан білемін «+» — мен үшін жаңа ақпарат «-» — менің пікіріме қайшы «?»- тағы да білгім келеді
Біздің жерлес ақын.

Булаев ауданы

«Мағжан оқулары»

болады

VIII. Үй тапсырмасы: М:Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

.Балалар бүгінгі сабағымызды Зейнолла Қабдоловтың мынандай сөзімен аяқтағым келеді

Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының айтулы алтын діңгектерінің бірі ,ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев.

( З.Қабдолов)

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *