Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Методическая разработка открытого занятия по развитию речи на тему «Құстардың тіршілігі»

Қазақстан, Акмолинская область, Буландынский район, город Макинск

КГУ Школа-детский сад «Балдырған»

Воспитатель

Сергазина Майдагуль Елеусизовна

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Білім бөлімі: «Тіл дамыту», «Жапсыру»

Тақырыбы: «Құстардың тіршілігі» «Ұя»

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.Мақал-мәтел,тиым сөздерд айту арқылы балалардың сөздік қорларын тілін дамыту.Табиғатты аялауға құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қарға,көгершін.

Оқу-іс әрекетінің түрі: Кіріктірілген сабақ.

Дамыта оқыту: Тәй-тәй технологиясы

Керекті құралдар: Құстардың әртүрлі суреттері,слайд, үлестірмелі материалдар, құстардың ұясының макеті,құстарды қоректендіруге арналған дәндер ,май.

Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы.

Билингвалды кампонент:қарға-ворона- a crow, сауысқан-сорока-a magpie, торғай-воробей-a sparrow .

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,ойын,тәжірбие.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер.

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын алайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Мейрімділік шоғын алайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға сыйлайық

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Өлең оқу

Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеуміз,

Құламайды екенбіз,

Ақ шанамыз зырлайды.

Ақ қар оны шыңдайды.

Сұрақ жауап:

Өлең қай мезгіл туралы айтылған ? 1. Балалар жылдың неше мезгілі бар?

2. Қыс айларын ата.

3. Қыста қандай өзгерістер болады?

4. Балалар сендер құстар туралы не білесіңдер?
Жұмбақ шешу

Қанаты бар талмаған

Аспанда ұшып самғаған

Жауы шыбын шіркейдей

Табиғатты ол қорғаған.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Ғажайып сәт:

Қарша қыз келеді.

Қарша қыздың тапсырмасын орындайды.

Құстар туралы тақпақтар айтады.

Дидар.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, қор болар,

Бұтаққа кеп қорғанар.

Аиша.

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға

Секең- секең ауысқан.

3 тілде сөздерді айтады.

Қарға вороно

Сауысқан сорока

Көгершін голуб

Тіл жаттығуы:

(Күрке тауық айнаға қарап жасату )

Құстардың ұясы туралы сурет бойынша әңгімелеу.

Сергіту сәті:

Қәне қанат қағайық,

Мойнымызды созайық.

Бір, екі, үш құс аспанға ұш,

Бір, екі, үш құс аспаннан түс.

Құстар жем жейді

Құстар су ішеді.

Бір, екі,үш

Құс аспанға ұш.

Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

Өнер орталығы:

Ұжымдық жұмыс. Ұя жапсыру.

Кітап орталығы:

1.Кітаппен жұмыс.

2.Слайд көрсету.

3.Д/о «Дауысын сал»

Ойынның шарты:

Әтеш «ку-ка-ре-ку»

Тауық «қыт-қыт-қыт»

Қарға «қар-қар-қар»

Көкек «кук-кук»

Ойын : «Сауысқанның моншағын табу»

Сауысқаның мойнындағы моншағы үзіліп кетіп, шашылып қалды.Сауысқанның он мошағын табуға көмектесіңдер.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Балаларға тыйым сөздер айтқызу.

Сурет бойынша сөздерді айту, буынға және сөйлем құрату.

Қарға, сауысқан, торғай.

Екі топтың балалары ортаға жиналады.

Ғылым орталығы:

Тәжірибие жасау.Майды ерітіп дәндермен араластыру.

Қарша қыз балалармен қоштасып, шығып кетеді.

Ойын: «Жақсы-жаман »

1.Құстарға ұя жасау дұрыс па?

2.Құстардың жұмыртқасын жару

дұрыс па?

3.Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

4.Құстардың ұясын бұзу жақсы ма?

Балалардың жауабы

Шешуін табады

«құс»

Балалар әңгімелейді.

Балалар қуанады.

Айда.

Торғай, торғай, торғайым

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашып берейін ,

Сонда сен тоңбайсың.

.

Тіл жаттығуын жасайды.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар екі топқа бөлінеді.

Ұя жапсырады.

Сурет бойынша

әңгімелейді.

Ойын ойнайды.

Моншақтарды табады.

Құс ұясын бұзба.т.б

Қар-ға,сау-ыс-қан, тор-ғай

Қарға ұшып келді.

Тәжірибие жасайды.

Ойынды шарты бойынша ойнайды.

Рефлекстік —

үйлесімділік

Қорытынды:

Ой, балалар, балалар

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Құс ұясын бұзбайық

Обалына қалмайық.

Мадақтау, бағалау.

Құстар туралы тақпақты қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар құстарды таниды, құстар туралы көптеген тақпақтар біледі.

Болу керек: Қыстап қалатын құстар туралы және олардың тигізетін пайдасы туралы біледі.

Үйрену керек: құстарға қамқорлық жасау үшін не жасау қажеттілігін түсінді.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *