Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Не ішіп, не жейміз

Республика Казахстан,город Павлодар

ГККП «Ясли – сад № 126- детский центр эстетического развития»

Преподаватель казахского языка

Тукенова Айман Айтмухамедовна

Мақсаты: Тақырып бойынша  үйренген сөздерді бекіту.

Міндеттері: 1.Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

2.Сөйлем құрастыру, әңгімелесу дағдыларын кеңейту.

3.Дастарқан басында өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, тғам муляждары, текше, тірек сызбалар, жеке карточкалар

Сөздік: тақырып бойынша меңгертілген сөздер

Әдіс-тәсілдер:сәлемдесу, күнделікті сұрақтар, Зайцев технологиясы, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтастыру, орталықтарда жұмыс, сергіту сәті, сөйлем құрастыру, жеке жұмыс, дамытушылық ойын, қорытындылау.

 

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Күнделікті сұрақтар.

-Бүгін аптаның қай күні?   –Бүгін сәрсенбі.

-Қазір қай жыл мезгілі?     –Қыс мезгілі.

-Қыста күндер қандай?      -Қыста күндер аяз.

 

Н.Зайцев технологиясы: «Текше» ойыны.

Текшенің алты жағында тән дыбыстар бейнеленген. Балалар кезек-кезек текшені лақтырып, жоғарғы жағында түскен дыбысы бар сөздерді атайды.

«Қ» — қант, қаймақ, құрт…

«Ү»  — сүт

«Ұ» — құрт, шұжық, бауырсақ. .. т.с.с.

 

ІІ. Мотивациялық қозғаушы.

Балаларға таныс күнде ішіп-жеп жүрген тағамдар туралы сұрақ-жауап әдісімен әңгімелесу.

-Балалар, сендер таңертең үйде не іштіңдер, не жедіңдер?

— Мен сүт іштім.

-Мен шәй іштім.

-Мен ботқа жедім….

 

Тапсырма: «Топтастыру»

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ –тағамдар суреттерін жинайды. Екінші топ тін сусындар суреттерін жинайды.

ТӘРЕЛКЕ                    КЕСЕ

Ет                                      Сүт

Май                                   Айран

Қант                                  Су

Шұжық                             Шәй  т.с.с

 

Тез және сөздерді дұрыс атап шыққан топ жеңімпаз болады.

 

Орталықтарда жұмыс:

Тіл дамыту орталығы:  «Сөз тіркестерін құрастыр» (жеке карточкалар)

-Дәмді нан.

-Тәтті қант

-Ащы құрт

 

Көркем әдебиет орталығы: Жаттау. Мақал.

Құрт, май, қазы – ас екен,

Алтын – күміс тас екен.

 

Сергіту сәті. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

 

Балалар  дөңгелек үстел басна отрырады, үстелде тағам муляждары.

Күнделікті дастарқан басына жиналған уақыттағы ұқыпты же, төгіп алма, шашпа сөздерін қазақ тілінде дұрыс түсініп, дұрыс айтуға, керекті жерінде қолдана білуге үйрету.

 

Сөйлем құрастыру.  «Дастарқанда не бар?»

-Дастарқанда бауырсақ, құрт, май, шұжық бар.

-дастарқанда  дәмді ет бар.

-Дастарқанда  дәмді нан, тәтті құрт, шә бар … т.с.с

 

ІІІ.Рефлексиялық- түзетушілік

Қорытындылау.

 

Д/о «Не артық?» дамытушылық ойыны.

Азық – түлік арасында артық заттар бар суреттерді көрсету.

Мысалы: ет, шұжық, сүт

(ет пен жұжықты жейміз, сүтті ішеміз)

 

«Бағдаршам» әдісімен сабақты аяқтау.

Мадақтау,қоштасу.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *