Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Оқу құралдары

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Есильский район, с. Корнеевка
Корнеевская средняя школа
Учитель казахского языка начальных классов
Хасенова Риза Ораловна

Сабақтың тақырыбы Оқу құралдары (Буын, дауысты және дауыссыз дыбыстар)
Сабақтың мақсаттары 1. сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

2. Сұраққа дұрыс жауап беріп, берілген сөздерді дұрыс үлгі бойынша буынға бөліп үйрену, екі тілде айта білу, дұрыс аударуға үйрену

3.Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу,

 

Күтілетін нәтиже Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыптыі мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды.

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Алдыңғы оқуды қайталау  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.Сөздерді ауыз екі тілде айта алады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

 

 

5 минут

   Қошемет сөз (комплимент). Балаларды екі топқа бөлу.

Қатысушылар жұптасып қарама-қарсы тұрады.Оқушылардың әр қайсысында қолдарында жасырынды оқу құралдары бар.Бірінші оқушы қарама-қарсы тұрған оқушыға қолындағы оқу құралын көрсету үшін оған жақсы тілектер, қошемет сөз (комплимент) айту қажет, екіншісі айна секілді қайталайды.

 

                                                                                                     

Қалам алып қолыма,                   

Жазам дәптер жолына

Қызыл, қара, көк, қалам,                                                                                   

Менде осындай көп қалам.

                                                                                                                                   

Көрсететін баршаңа,                     

Қарындашым қаншама,

Өзім ұштап аламын

Сөмкеме саламын.

 

Сызғышсыз түзу,

Қиын ғой сызу,

Портфельде  тұрар

 

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою. Балалар сендер оқу құралдары   дегенді қалай түсінесіңдер?

Суретке қарап әңгіме жүргізу

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

1.Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Сол бойынша сұрақтар қою. Сөйлету.

Оқушыларды топқа бөліп әр топқа постерберіледі.

Әр топ «Оқу құралдары тақырыбы бойынша» постер құрайды.Джигсо приемы бойынша постерлерін салыстырады: кім қанша сөз жазды және қанша сөз сәйкес келеді.

 

Критериилері:

Қазақ тілінде сөздерді дұрыс жазу

Аудармасын білу

Кем дегенде 7 сөз болу қажет.

Постерді түрлі түсті фломастерлермен безендіру.

 

2. Балалар, сөзжұмбақты шешуі – «Оқу құралдары». Белингвальды компонентті қолдану  арқылы балалардың білімдерін арттыру

Слайд № 6,7

 

Критериилері:

Сөздерді дұрыс жазу.

Дұрыс аудару.

Дұрыс айта білу.

Әріптерді яшықтерге дұрыс орналастыру.

Сөздерді жылдам аудара білу.

 

Кері байланыс

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.

Тақта, интерактивті тақта суреттер, оқулық, дәптер

 

Сергіту сәті

3 минут

Қоңырау. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы

12 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау

 

 

 

Қар көшкіні. Қатысушылар шеңбер құрайды. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әрпінен басталатын 1 сын есім қосады. Мысалы, Алғыр Айнаш. Келесі қатысушы алдыңғылардың есімдері мен эпитеттерін қайталайды.

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Үйге тапсырма: Дифференциация  тәсілін қолдану.

1.Жаңа сөздерді жаттау

2.Мәтінді оқу

Қазақ тілі тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.

 

 

Қар көшкіні. Қатысушылар шеңбер құрайды. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әрпінен басталатын 1 сын есім қосады. Мысалы, Алғыр Айнаш. Келесі қатысушы алдыңғылардың есімдері мен эпитеттерін қайталайды.

 

Қар көшкіні.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Өзін топта көрсетуге мүмкіндік беру.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Қазақ тілі тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабаққа өзіндік талдау

Корнеевка орта мектебінің мұғалімі  Хасенова Риза Оралқызының қазақ тілі сабағы.

Сабақтың тақырыбы: «Оқу құралдары». Сабақ 3 сыныпта өтілді. Бұл сыныпқа 3 – сыныптан сабақ беремін. Сыныптағы оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта алады. 3 сынып  оқушыларының пәнге қызығушылығын   бір – біріне  сұраққа сұрақ қоя отырып, білмеген  сұрақты өзі толықтыруынан пәнге жауапкершілігін, ізденгенін көреміз.

Бұл – дәстүрлі сабақ,  жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың мақсаты:

  1. сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
  2. Сұраққа дұрыс жауап беріп, берілген сөздерді дұрыс үлгі бойынша буынға бөліп үйрену, екі тілде айта білу, дұрыс аударуға үйрену

3.Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу,

Сабақта пайдаланған әдістерім: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,ресурстар қолдану , белингвальды компонент қолдану

баяндау, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау:  сөз құрамына, сөзсандылық талдау.

Жаңа сабақты түсіндіруді сызбаға салып, интербелсенді тақтадан  көрсеттім. Оқушыларға ой қозғайтын сұрақтар қоя отырып нан тағамдары туралы ұғындырдым. Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушылар  тірек сөздер арқылы мәтінмен жұмыс жасады. Жаңа сөздерді қолдана отырып, сатылай кешенді талдау және сөзсандылық талдаулар жасады. Логикалық сұрақтар арқылы жаңа сабақты қорыту барысында жеңілден күрделі тапсырма арқылы жаңа білімді игерттім. Семантикалық карта арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып,  оқушыларды сабаққа қамтыдым. Аз уақыттан дұрыс жауабы көрсетіліп оқушылар өздерін – өздері тексереді.

Оқушылар бағаланды, үй тапсырмасы берілді.  Нан туралы тыйым сөздер жаттап келу. Оқушылар сабақты толық игерді деп ойлаймын, сабақта жоспардан ауытқу болмады.

Ссылка на материал: https://yadi.sk/d/NV3f6duh3QgJzV

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *