Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ойлан, тап!

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск

Средняя школа №33

Учитель казахского языка и литературы

Чайкымуратова Акмарал Чайкымураткызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, тілді сүюге тәрбиелеу.

— Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгін біз 5,6 –сынып оқушылары арасында сайыс сабағын өткізгелі жиналып отырмыз.Ортаға екі топты шақырайық.

— Қош келдіңіздер! Бүгін біздің көрермендерімізге өздеріңіздің қазақ тілі пәнінен алған білімдеріңізді көрсетіп, қазақ тілін жақсы көретіндеріңізді білдіртсеңдер екен деген ойдамын.

Олай болса, әділқазыларымызбен таныстырайық: Нажбиева А.А., Еремеева И.Б.

-Таразылар, талқылар,

Алдыңда тұр асқар сын.

Ортаға шық, ұландар,

Сайысымыз басталсын!

1-топ басшысы: Біздің тобымыз: «Еңбек». Ұранымыз: «Аянбай еңбек етеміз, мұратқа біз жетеміз!»

2-топ басшысы: Біздің тобымыз: «Жас қыран». Ұранымыз: «Еркіндік қыраны шарықта!»

Бірінші сайыс «Төртінші артық»

  1. Гүл, кітап, ағаш, өсімдік.
  2. Қыс, көше, жаз, көктем.
  3. Тақта, парта, әке, мектеп.
  4. Түлкі, қоян, қасқыр, қой.
  5. Әдемі,сұлу, жуан, көркем.
  6. Етістік, жіктеу, сілтеу, өздік.
  1. Ана, бала, әке, дала.
  2. Дыбыс, жер, буын,әріп.
  3. Құс, жолдас, дос, құрбы.
  4. Хабарлы, сұраулы, қабатты, лепті.
  5. Ілік, барыс, табыс, қатыс.
  6. Қорық, суық, аязды, қарлы.

Екінші сайыс «Мақал-мәтелдерді толықтыр»

Мақал-мәтелдер — қазақтың қысқа, әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы дегендей сендер қандай қазақтың мақал- мәтелдерін білетіндіктеріңді тест арқылы  анықтаймыз.

  1. Оқу – білім бұлағы, … — өмір шырағы.

а) білім

ә) өнер

б) ғылым

  1. «Отансыз адам – ормансыз …».

а) торғай

ә) бұлбұл

б) ағаш

  1. «Оқу — … құдық қазғандай».

а) күрекпен

ә) қолмен

б) инемен

  1. «Отан … да ыстық».

а) оттан

ә) күннен

б) достан

  1. «Ақыл азбайды, … тозбайды».

а) көйлек

ә) кітап

б) білім

Үшінші сайыс «Сөздерді дұрыс жина».

Партада сөздер аралас шашылған, әр топ өздеріне берілген тақырыпқа ғана сөздерді жинайды

Қала                                                             Рәміз

  1. Аялдама 1. Әнұран
  2. Мұражай 2. Пырақтар
  3. Ескерткіш 3. Қыран
  4. Ғимарат 4. Елтаңба
  5. Көше 5. Шаңырақ
  6. Дәріхана 6. Жұлдыз

7.Шаштараз                                                        7. Ту

  1. Ғимарат 8. Ою-өрнектер
  2. Мекеме 9. Көгілдір түсті

«Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық»

Келесі сайыс «Жұмбақ шешу» Жұмбақтың жауабын орысша, ағылшынша айтыңдар.

1.Сылдыр сұйық су емес,

Ақ болса да қар емес.

( сүт, молоко, милк)

  1. Ағашта ол тұрады,

Жерге қызыл болып түседі.

(алма, яблоко, эпл)

  1. Екі батыр қатар тұрса да,

Бірін-бірі көрмейді

(көз, глаза, ай)

  1. Бір зат бар дүниеде,

Бұл заттан адамдар уақыт біледі.

(сағат, время, клок)

  1. Білімнің нәрін тереді,

Балаға білім, тәрбие береді.

( мұғалім, учитель, тича)

  1. Түнде бармын, түнде жоқпын.

(жұлдыз,звезда,стар)

Бесінші сайыс «Эстафеталық сайыс». Берілген сұраққа жауап жазып, келесі оқушыға бересіңдер.

Бұл сайыста білімдеріңмен қоса жылдамдықтарыңды анықтайтын боламыз

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
  2. Мағыналары қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
  3. Көптік жалғауларды жаз.
  4. Зат есімнің сұрағы?

5.Қыста күн қандай болады?

  1. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
  2. Қоян қандай?
  1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
  2. Күз айларын ата.
  3. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
  4. Сағат қанша болды? 14.50
  5. Көмекші есімді тап. Менің қасымда Саша отыр.
  6. Есімдіктің неше түрі бар?
  7. Қыста күн қандай болады?

Алтыншы сайыс «Бұл не?»

Мен сендерге бір зат не бір нәрсе туралы айтамын сендер не екенін шешііп айтыңдар.

  1. Бұл зат үйде де, мектепте де бар. Өздері әр түрлі болады. Көбінесе жасыл түсті болады. Адамдар оны терезенің алдына, үстелге, еденге де қояды. Ол ауаны тазартады. (гүл)
  2. Ақ , кішкентай. Сабақта оны пайдаланамыз. Бұл зат үйде жоқ, сыныпта бар.

(бор)

  1. Бұл зат әр үйде де, мектепте де бар. Өзі үлкен де кіп-кішкентай да болады. Қалтаға да салуға болады.Бұл зат үлкендерге де, балаларға да керек, әсіресе, студенттер жиі қолдданады. (калькулятор)
  1. Бұл қыста болады. Өзі мақтаға ұқсайды, бірақ мақта емес. Күннің көзі шықса ериді. (қар)

Жетінші сайыс «Сандар сөйлейді». Көрген санның нені білдіретіндігін айтыңдар.

1991,  22, 2006, 16, 1989, 1, 7, 1997

Сегізінші сайыс «Кім жылдамі?»

Берілген сөздерден кім көп сөз құрайды?

Жапырақтар

Тоғызыншы сайыс «Топ басшылар сайысы» өздеріңе ұнайтын бір өлеңді жатқа, мәнерлеп айту.

Сөз әділқазыларға беріледі.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *