Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

«Қанағат-қарын тойғызар» С.Ақаев

Махамбетова Сандугаш Советовна,
Жаркенская средняя школа,
Тимирязевский район,Северо-Казахстанская область,Казахстан

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.

2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

  1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
  2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Қызығушылықты ояту Топқа тапсырма

Сөзжұмбақ құрастыру

Постер қорғау

Ребус

Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырамын.

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,

Күнінде бір отырмас дамыл алып.

Өзінен ауыр жүкті көтереді.

Үйінде жатып жейді рахаттанып.

(Құмырсқа).

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа).

Шешуін тапқан соң “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні бар мәтінді мәнерлеп оқитынымызды айтамын. Ауыз әдебиетінен үлгі ретінде берілгенін ескертемін, авторы жоқ.

Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?

Ой толғаныс –         аз демеу керек

–         жоққа шыдау керек

–         ең асыл қасиет

–         қанағат қарын тойғызады т.б.

Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған, ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? – белгілері бойынша.

Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?

ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.

VІ топтың сұрағы: Құмырсқа туралы не білесіңдер? Тағы басқа қандай шығарма өлең оқыдыңдар? Құмырсқа қандай екен?

Әр топқа 5 минуттай уақыт беріледі. Талданады, топпен жұмыс біткен соң салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

 

Салыстыру кестесі

 

1. Мысалдың аты,

тақырыбы

Шегіртке мен

құмырсқа

Қанағат қарын тойғызар
2. Авторы Крылов (Абай аударған) Ел аузынан
3. Оқиға орны Егіс даласында Бақ ішінде
4. Кейіпкерлер Шегіртке мен құмырсқа Оқымысты мен құмырсқа
5. Құмырсқа қандай? Біреу, еңбекқор, қарапайым, үйі бар, дән жинайды Құмырсқа біреу және көп дән жинады, күзетті, інін кеңейтеді
6. Мазмұны, идеясы қандай? Қарапайым, еңбекқор болу керек Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болуы керек

 

 

Үйге тапсырма Берілген тапсырманы түсіндіру
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Кері байланыс

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *