Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Мамандығым – мақтанышым!

Бугумбаева Назима Маратовна
Ясли-сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан

«Мамандығым – мақтанышым!»

ЭССЕ

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын…
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл
жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…,
жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді
білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
Әбу Насыр Әл-Фараби
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал
бүгінгі таңда балабақшаның, тәрбиешінің ең басты міндеті – рухани бай, жеке қабілеті
дамыған тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты,
мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырынан нәр алып жатады. Сол ұлттық құндылықтарды
бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, мектепке дейінгі білім берудегі озық
ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың, бүлдіршіннің қабілеті, ептілігі мен
дарындылығын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, болашағына жол ашуына түрткі
жасауымыз қажет.
Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп, өзінің
ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет-ғұрпымызды,
салт-дәстүрлері-мізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі бүлдіршіндерді
өсіру.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев: «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз
ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті», – деген. Жас ұрпаққа сапалы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең
алдымен тәрбиешінің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына
байланысты.
Тәрбиеші – баланың өмірлік жолындағы анасынан кейін кездестіретін ұстаз. Тәрбиеші
– жүрегінде әлі де бала болып қалатын жан, себебі олай болмаса, балалар сізді өзінің әлеміне
қабылдамайды. Біздің мамандығымыздың ең басты мәні – балаларды жақсы көру, ешқандай
себепсіз, өз жүрегін арнау. Балалармен қарым-қатынасқа түсу – бұл емтихан іспеттес, кіп-
кішкентай дана ұстаздар сіздің төзімділігіңізді тексере отырып, сізге барынша өз махаббатын
сыйлайды. Олардың кіршіксіз таза махаббаттарының құрпиясы қарапайым – олар ашық және
ақ көңіл жандар. Олармен жұмыс істей отырып, үнемі таңқаламын, олар сондай әр түрлі,
болжап болмайтын, қызықты, жайдарлы, ақылды, өз ой-пікірлері, көзқарастары бар. Әр бала –
ерекше. Оның бойында талантты суретші де, аңғарғыш бақылаушы да, қайтпас мінезді
тәжірибеші де жатыр. Ол әсемдік пен жақсылықа ашық, ал әділетсіздік пен жалғандыққа
жылдам әрекет етеді. Мен өз мамандығымды мақтан етем, себебі есейіп ер жеткен
тәрбиеленуші балаларым көшеде мені көргенде, жүздерінің күлкілерінен танимын, олар
менімен өз жаңалықтары мен жетістіктерін бөліскенде өзімді осы әлемдегі ең бақытты әрі
ұлағатты жан деп санаймын. Тәрбиеші мамандығы — мен үшін ерекше: оның алдында үлкен
мінддеттер тұрады. Баланы достыққа, махаббатқа, ойлауға үрету өте қиын, кейде тіпті мүмкін
емес, алайда андай жауапкершілік десеңізші. Себебі баланың болашақ дамуына ең алғашқы
«іргетасты» біз қалаймыз. Сол себепті де өзімізді сәл де болса «сиқыршы» деп атасақ, артық
емес.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің
де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бес жыл болған екен. Қиындығы мен
қызығы, ауартпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы
педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр
тәрбиленушімніңбойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін
ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Сондықтан да бұл

іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін
жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз
маманның қолынан ғана келетін жұмыс.
Көпшіліктің ойынша, тәрбиешінің еңбегі бұл баламен үнемі ойнау және көңілді уақыт
өткізу, ал шынында көп еңбек пен шыдамдылықты талап ететін мамандық. Себебі мұның
барлығы баланың нағыз тұлға болып қалыптасу мақсатында орындалады. Тәрбиешінің
бойында қаншама білім мен біліктілік болуы тиіс. Оның еңбектерінің қатарында: тігу мен
сурет салу, тоқу мен гүл отырғызу, бау-бақшамен айналысу, белгілі бір актерлік және
режиссерлік шеберлікті меңгеру, балалар мен ата-аналардың алдында ән айтып би билеу,
көркемдік талғамға, анық дикцияға ие болуы тиіс, үнемі өзінің педагогикалық шеберлігін
жетілдіріп отыруға, өзігінен білім алып отыруы тиіс. Сонда балабақшаның тәрбиешісі деген
кім болды екен? Әрине, ол – адам. Балаларды жақсы көріп, тәрбиелейтін адам, сол себепті
олар – бақытты. Мейірімділік пен қайырымдылық барлық адамға тән, әсіресе тәрбиешінің
бойында осы қасиеттер негізінде оның балаға деген, өз мамандығына деген қатынас орнайды.
К.Д.Ушинскийдің айтқандай: «Егер де сіз айналысатын еңбегіңізді сәтті таңдап, оған бар
жаныңызды салсаңыз, онда бақыт сізді өзі-ақ тауып алады». Ал бақытты тәрбиеші бірден
көзге көрінеді – ол балалардың арасында өмір сүріп, олардың қажеттіліктерін түсініп, ата-
аналармен сәтті байланыс орнатады, барлығын ой елегінен өткізіп, тынымсыз педагогикалық
өмірдің ауыртпалығын табандылықпен өткереді. Тәрбиешінің еңбегі ауыр әрі оңай емес
болуы мүмкін, кейде барлық физикалық және рухани күш-жігерін тартып алады, алайда бұл
жұмысты кертартпа және қызықты емес деп атай алмаймыз. Менің пікірімше, тәрбиеші – ең
алдымен балалардың досы, ақылшысы, көмекшісі мен одақтасы. Тәрбиші болу – үлкен
жауапкершілік, сондай-ақ үлкен бақыт. Себебі, бұл мамандықтың мәні – сыйлау. Балаға әсем
әлемді сыйлау, көркемдікпен тамсандыру. Кейде терең ойға түсіп жатамын, «егер осы кішкене
бүлшіндердің жалындаған көздері мен «не үшін?» деген сұрақтарынсыз мен не істер едім?»
деп. Тағдыр мені бекерден балабақшаға жібермеген деп ой түйемін. Қазіргі таңда балабақша –
бұл менің үйім, мұнда мені тағатсыздана күтеді, жақсы көреді, бағалайды және дәл осы жерге
қызықты ойларым мен керемет көңіл-күймен асыға келемін. Сол себепті де баланың дәл
мектепке дейінгі кезеңдегі жасында тәрбиеші ең жақын деген адамына айналады. Тәрбиеші
баланың:

  • Баланың анасымен айырылғысы келмей, оны жұмысқа бармағанын қанша қаламаса да,
    таң азанымен қуанышпен асыға баратын жақын адам;
  • Кей кездері кіп-кішкентай баланың көңіл-күйі төмен болып, өз эмоциясымен шамасы
    келмеген жағдайда құшақтап жылауға болатын жақын адам;
  • Баланың сүйікті тәрбиешісін қуанту үшін таң азанымен бар күшімен алақанына
    кәмпитін қысып әкелеліп сыйлайтын жақын адамы;
  • Ертеңгіліктерде өз тәрбиешісін мыңнын арасында: Ақшақар, Аққала, Күз Ханшайымы,
    Көктем Ханшайымы қандай рөлде болмасын тауып, көзіңізден танитын жақын адамы.
    Баламен бірге тәрбиеші де мың өзгереді, өмірге қайта үйреніп, өз әрекеттеріңді талдап,
    басқаша қабылдай бастайсың. Баламен әлемді қайта танып, өзі жаңалық ашасың. Балаға
    қарапайым өмірлік шындықтарды түсіндіріп, олардың мағынасын өзің де қайта түсінесің.
    Ал ата-аналардың педагог мамандығына сыйластық және түсіністікпен қарап, екінші
    және үшінші балаларын сеніммен әкелгенде, жүректе сөзбен жеткізе алмайтын рух пен жігер
    пайда болады. Себебі ата-ана баланы тәрбиелеу процесінде маңызды көмекшіге, сүйенішке
    айналады.
    «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы
    ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.
    Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға
    тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Он жылдан аса тәрбиешілік еңбекте
    жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыбүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым.
    Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш уақытта
    естен шығармаймын.

Мен – бақытты адаммын. Мен өзіме мамандық таңдадым, мамандық мені таңдады. Өз
еңбегіңе деген қызығушылық пен құштарлық болса – бұл үлкен жетістік деп есептеймін.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *