Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Бакирова Жанат Егинбаевна
Тәрбиеші
КМҚК «Ақбота» бөбекжайы
Қарағанды қаласы, Қазақстан

Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе –
бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Қоғам жоғары білімді, рухани бай адамдарды ғана емес, сонымен қатар,
тұлғалық ерекше қасиеттері бар адамдарға да зәру. Жаһандану заманында
енді өсіп келе жатқан бүлдіршін өмірдің тек жағымды жақтарынан ғана
хабардар емес, олар өмірде болып жатқан жайсыз жағдайларға да куә болуда.
Сондықтан тек білім беру аздық етеді, демек балаға адамгершілік рухани
тәрбие де беру керек. Рухани білім балалардың жаңашыл өмірдегі қарым
қатынас ережелерінен ақпарат береді, ол ереже бұзылған жағдайда неге
әкеліп соғатыны туралы немесе қоршаған адамзатқа қандай зиян әкелетіні
туралы көрініс береді.
Демек, алдымен баланы рухани адамгершілікке тәрбиелейтін орта құру
керек екендігі ойға келеді.
Сондықтан рухани адамгершілік тәрбие беруге ең қолайлы әрі жемісті
жол таңдау қажет. Ал менің жұмысымда осы мәселені шешуде ертегі үлкен
рөл атқарады. Атақты педагог В. Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он
екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға
рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп
жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,-деп атап көрсеткен.
Мыңдаған жылдар өтсе де халықтық ертегілер балалардың өсіп, білім
алуына үлес қосуда. Ертегілердің баланың рухани тұрғыда тәрбиеленуіне
қажеттілігі артуда. Жастайынан қиял ғажайып ертегілері балалардың бойына
рухани ізгілік қасиеттерді сіңіруде, ал ертегі мазмұнындағы мәдени
халықтық таным, баланың шыққан тегін сақтап қалуға, өзінің салт санасын
ұмытпауға, әрқашан қандай халықтың ұрпағы екенін есінде ұстап, сол
дәстүрмен өсіп өнуге,еңбекқорлыққа, бір іспен айналыса білуге, әр ісін
тырысып әрі ұқыпты орындауға, бастаған жұмысын аяғына дейін атқаруға,
өз ісіне және өзге адамдардың жұмысына құрметпен қарауға септігін
тигізуде.
Білім мен ғылым жолында еңбек еткен үлкен педагогтардың өзі
ертегілердің бала өмірінде алатын орнын ерекше атап көрсеткен.

2
Ертегі арқылы баланың жүрегі нәзік деп саналатын адамның небір
керемет қасиеттерін ашуға болады. бала жасынан қайырым, көмек, адалдық,
бауырмалдық, достық, адамгершілік, көңілге қарауды, өз ісін түсіне
орындауға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуды, қоршаған өлі, тірі
табиғатты аялауға үйренеді. Бұл баланың алғашқы рухани білімі. Бұл өскен
сайын дамып, бекіп, баланың бойына тұлғалық керемет қасиеттерді
шыңдайды.
Сондықтан, балаға рухани адамгершілік тәрбие беруде өз тәжірибемде
ертегімен жұмыс жасаудың әңгіме, мазмұнын айту, ертегі терапиясы
әдістерін қолданамын.
Балалардың таным аумағындағы дамуы мен сөйлеу тілінің дамуын, сөздік
қорының баюына ертегілердің берер үлесі орасан зор.
Тәрбиеші баланың көңілін, зейінін ертегіге тұрақтандыру үшін ертегі
мазмұнын жетік білуі тиіс. Ертегі оқып отырып, кей тұстарын баланың көзіне
қарап отырып, үтірін, нүктесін, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкердің
өзі болып айтып беру, ертегі мазмұнын ұғымды қабылдаудың жақсы тәсілі.
Әңгімелесе отырып, ертегі мазмұнын талқылау да ұтымды тәсіл.
Алдын ала даярланған сұрақтар арқылы баланы сөзге тарту, ертегінің
жағымды, жағымсыз жақтарын баланың жауабы арқылы қорыту, баланың
ертегі сюжеті туралы ойын ашуға көмектеседі. Сұрақтар баланың ертегі
кейіпкерінің қандай қасиеттерге ие екенін, жағымды, жағымсыз қылықтарын
саралауға көмектеседі. Баланың жауаптарын, топ ішіндегі балалардың қарым
қатынасымен сабақтастыру арқылы, түзету жмыстарын да жүргізуге болады.
Немесе ертегінің арасында, «енді не болады деп ойлайсың?», «сен қандай
ақыл берер едің?» т.б. сұрақтар да баланың өмірге, ортасына көзқарасын
білуге, бағыттауға болады.
Ертегінің мазмұнын айтып беруі де тамаша тәсіл. Бала ертегі
мазмұнын жай айта салмай, рухани адамгершілік қасиеттерді суреттейтін
сөздердің мағынасын түсіне отырып, өз сөздік қорында қолдануы, («жаны
ашып», «бөліп бергісі келіп», «жылама деді», «көтеруге көмектесті»,
«кішкентай деп ойлады», «сіз», «ақылдасып жасауға келісті», т.б.) алғашқы,
жағымды көзқарас болып табылады.
Ертегітерапиясы – бұл тұлғаның интеграциялық дамуы үшін
қолданылады. Бұл тәсіл баланың шығармашылық қабілетін, қиялдай алуын,
болашақты тек әдемі қылып есестетуін, «мен өскенде осындай боламын»
деген мақсаткерлік қасиетін ашуға жетелейді.
Сондықтан ертегі баланың әлеуметтік педагогикалық үлесі зор
халықтық мұра. Ертегі басқа да көркем туындылар секілді көңіл күйге әсер
етеді, кейіпкерлермен бірге оқиғаны сезіну, ой елегінен өткізіп, қиындықтан
шығар жол іздеуге, шешім қабылдай алуға жетелейді. Бұл балаға рухани
адамгершілік түсінік беруде, бірізді, жоспарлы жұмыс жасауды
қалыптастырады.

3
Ертегінің руханилық мазмұнын көңіл күй өзгерісінде және еркін іс
әрекеттерде түзетуші құрал ретінде пайдалануға да болады.
Мектепке дейінгі балалық шақтың ерекшелігі, бұл кезең өте нәзік
кезең. Осы кезеңде балалар алғашқы адами құндылықтарды, оның
руханилығы мен мәденилігін бойына сіңіреді. Рухани адамгершілік тәрбие
бұл өмірге деген көзқарастың қалыптасуы, адамның тұрақты әрі тепе тең
дамуы кезінде өзінің бойына парыз сезімін қалыптастыруы. Әрбір қоғам
өзінің өмірлік жинақтаған өнегесін келер ұрпаққа жеткізіп отырады. Осынау
жеткен мұраның сақталуы білім беру мен тәрбиелеу құрылымының
әлеуметтік мәдени және әлемдік көзқарастың ерекшеліктері арқылы
қалыптасады. Тәрбие және оқыту жеке тұлғаның әлеуметтену негізі бола
алады. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өмір бойы жалғасатын біртұтас
үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде
рухани құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді және өз халқының салт
дәстүрлерінде шоғырланған ұлттық нормаларды меңгеруі, өзіндік санасын
ояиып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін
және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып
табылады. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан»
Жолдауында: «… балаларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық
жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет… бүгіннен бастап
ұлттық мінез құлық, биік тадғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс
қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», деген болатын. Елбасының
бұл сөздері педагогтар үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле» деген сөзі бар. Халқымыздың бойына сіңген атадан балаға
жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне
тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. «Балаңа
басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазағымыз озық
жұрттардың санатында болашақ қамын ойлаған.
Ертегілер кейіпкерлерінің әрекеттері балаларға рухани адамгершілік тәрбие
беруде жақсыжаман, тіл алғыштық пен тілазарлық, келісу мен жауласу,
еңбекқорлық пен жалқаулық т.б. қасиеттер арқылы қайырлы да бақытты өмір
сүру ережелерін бойларына сіңіруге көмек береді.Балалардың ертегі
мазмұнындағы адамгершілікке жетелейтін ойды түсінуін қалыптастыру.
балаларды жақсы мен жаманды ертегіде де, өмірден де айыра біліп,
адамгершілік тұрғыдан қажеттісін таңдай алуы қалыптасады.
Ертегілердің өне бойындағы айтар ой да, болатын нәтиже де балалардыңата
аналарын тыңдап, сыйлауға, сабырлы болуға, кішіпейіл, қайырымды болуға,
әділ жеңіле білуге, жол беріп, кешіре білуге, бір біріне жәрдем беруге, алғыс
білдіре отырып, көмек ала білуге тәрбиелейтін ұтымды қолдануға болатын
балаларды тәрбиелеу құралы.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *