Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

Казахстан, г. Астана
Детский сад №30  «Кайнар»
Воспитатель
Мейрамова Толкын Мухамеджановна

Мақсаты :  Балаларды  көпшілік ортаға  бейімдеу. Балабақшадағы  алғашқы  күн  танысу,бейімделу  күні болып есептеледі . Балалардың  жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі үшін тобындағы  өздері секілді бүлдіршіндермен  таныстырады , балабақшаның  әр бөлмесіне , демалыс бөлмесіне,асхана ойын бөлмесіне «саяхат»  жасайды .

 Міндеттері :

Балаларды бір-бірімен,балабақшамен таныстыру. Балаларға балабақша , топ сөздерінің мағынасын  түсіндіру . Балабақшаның –балалардың  екінші үйі , онда уақытты топпен бірге қалай көңілді , қызықты өткізуге болатынын . Балаларды тыңдай  және түсіне білуге , тез қабылдауға үйрету .

— Баланың зеректігін , ойлау қабілетін дамыту.

— Ұқыптылыққа , тазалыққа , жинақылыққа  тәрбиелеу.

 

Апталық тақырып «Денсаулық» -3

 

Дене шынықтыру- 2,5

Қауіпсіздік мінез  құлық негіздері-0,5

 

«Коммуникация»-5

 

Орыс  тілі-1

Сөйлеуді дамыту-1

Сауат ашу негіздері-1

Ағылшын  тілі-1

Көркем әдебиет-0,5

Драма -0,5

 

«Таным»  -2,5

 

Жаратылыстану-1

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру-1

Құрастыру-0,5

 

«Шығармашылық» -5

 

Музыка-2

Мүсіндеу-1

Сурет салу-1

Аппликация -1

 

«Әлеумет» — 1,5

 

Өзін-өзі тану -1

Қоршаған ортамен      таныстыру-0,25

Экология

негіздері-0,25

 

Вариативтік

компонент –3

 

« Өнер көзі-

халықта »-1

«Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы » — 2

 

І  апта 

04.09-08.09.17 ж.

Дене шынықтыру.

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

Дене шынықтыру.

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

 

Дене  шынықтыру.

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

 

 

Орыс   тілі .

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

Сөйлеуді дамыту .

Тақырып :

«Балабақша»

Мақсаты : Балабақша жайлы  түсініктерін дамыту.Сөзді дыбыстау  мәдениетін тәрбиелеу.

(әңгіме құру).Топ бөлмелері ( кең ,

жарық , биік) , ондағы

бұйымдар , бөлме нешінші қабатта , неше бөлме , ол не үшін

керек , онда балалар  не істейді? Сөздік қорын сапалық жағынан байыту . Сөзді жекеше,

көпше  түрде  айтуға

үйрету.

 

Сауат  ашу  негіздері

Тақырып :

«Балабақша»

(әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде  айта білуге  үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен , үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

 

Ағылшын  тілі .

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

Көркем әдебиет.

Тақырып :

«Балабақшам»

өлең  жаттау .

Мақсаты :

Шығармалардың  эмоционалды-бейнелік мазмұнын  қабылдауға , баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби  жанр  түрлерін  түсіндіру : ертегі ,

әңгіме , өлең.

 

 

 

Жаратылыстану.

 Тақырып :

«Табиғатта  не өзгерді?»

Мақсаты : Күзгі табиғатта  болатын  өзгерістерді  бақылау, бір-бірінен айыру жəне атын атап беруге ; себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білуге үйрету. Балалардың тəжірибелік-тəжірибеалдық жұмысқа  деген қызығушылықтарын дамыту, салыстыру, бақылау нəтижелерін

бір-бірімен салыстырып , қорытынды  жасау қабілеттерін  дамыту. Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға  баулу .

 

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру .

Тақырыбы :

«Жиын . Бір-көп .

Заттарды  ортақ  қасиетіне   қарай біріктіру»

Мақсаты :

Балаларды  заттар  тобының ортақ белгілерін тауып ,

заттарды  белгілі бір қасиетіне қарай

« үлкен » ,  « кіші » деген  топтарға біріктіре  алуға  үйрету, бір  жеке затты тауып көрсету ; бір элементтен  тұратын   жиын  туралы  түсінік қалыптастыру ;  «бір» және «бірнеше » терминдерін  енгізу.

Берілген тапсырмалармен жұмыс  істеу  қабілетін   арттыру . Үлкендер еңбегін  бағалауға тәрбиелеу .

 

Музыка.

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

Сурет салу.

Тақырып: « Анам  мені балабақшаға апарады (сюжет) »

Мақсаты: Анасы  мен өзін , үй мен балабақша аралығындағы жолды бейнелеу арқылы  мазмұнды  сурет  салуға үйрету. Салған суреті  бойынша айтып беру.

 

Мүсіндеу.

Тақырып : «Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты : Балаларды сүйікті  ойыншықтары туралы әңгімелей білуге, қиялдау арқылы түрлі ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету.

Ойыншықтарды мүсіндеу арқылы бала қиялын ,ұсақ қол қимылдарын,ойлау қабілеттерін дамыту.

мүсіндеу  әдіс-тәсілдерін үйрету.  Есте сақтау қабілеттерін ,

ұсақ қол қимылдарын  дамыту.Ұқыптылыққа,

еңбекқорлыққа , әдемілікті  сезе  білуге тәрбиелеу.

 

Музыка .

Жетекші  маманның   жоспары бойынша .

 

Аппликация .

Тақырып:

« Көшедегі үйлер »

Мақсаты:Ұжымдық  жұмыс дағдысын қалыптастыру,көп қабатты және бір үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра  білуге үйрету;архитектуралық  бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте  отырып,әр бөлікті  өз орнына ұқыптылықпен

Жапсыру қабілеттерін дамыту;балалардың үй туралы,оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру,

шығармашылыққа тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану.

Тақырып: «Менің балабақшам»

Мақсаты:

Балабақшаға  деген  сүйіспеншілік сезімдерін  дамыту.

Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету . Балабақшаға деген мақтаныш , құрмет

сезімдерін  дамыту.

Айналасындағы адамдарды  жақсы көруге , құрметтеуге тәрбиелеу .

 

Қоршаған ортамен

таныстыру.

Тақырып :

«Балабақша»

Мақсаты : Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі  балаларды  тәрбиелейтін  мекеме екендігін түсіндіру

және балабақшада  жұмыс  істейтін  мамандық иелерінің  жұмыстарымен таныстыру . Сурет бойынша  әңгімелесу арқылы зейіндерін,

есте сақтау  қабілеттерін дамыту.Балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің  аттарын ажыратып

айту  арқылы

табиғатты  сүюге  баулу.

 

«Өнер көзі-

халықта»

Тақырып: «Менің балабақшамда»

(жапсыру)

Мақсаты : Балабақша  жайында

түсініктерін  жетілдіру.

Балалардың айналадағы  дүниеден

көргендерін әңгімелеп , айтып

беру ақылы байланыстырып сөйлеуге үйрету ,

тілін дамыту.

Жапсыру іскерліктеріне машықтандыру , өз  ойларын белгілі бір бейнеге келтіру,

шығармашылық

белсенділігін ,

көркемдік талғмын арттыру .Ұқыпты

жұмыс  істеуге ,

еңбек  нәтижесіне жете білуге баулу . Іс-қызметі барысында бір-біріне деген ізгілік , адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

 

«Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы»

Тақырып: «Адам» деген ардақты ат»

Мақсаты : Адамға тән  қасиеттермен таныстыра  отырып ,

адамгершілікке байланысты айтылған тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға үйрету.

«Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы»

Тақырып: «Қазақша амандасып

үйренейік»

Мақсаты: Қол алысып ,құшақтасып,

амандасу  түрлерін түсіндіру.

Бір-бірімен , үлкендермен амандасу дағдыларын қалыптастыру.

 

 

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/qloJ8zWx3RHav9

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *