Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Табиғатты қорғайық

Казахстан, СКО, Айыртауский район, с. Лавровка
Лавровская средняя школа
Учитель казахского языка и литературы
Кусаинова Ж.К.

модулі бойынша

деңгейлік тапсырмалар. 8 сынып.

3-деңгей тапсырмалары.

а/ берілген сөздерді аударыңдар:

қоршаған орта-      табиғат байлықтары-    тіршілік-           апат-

жетістіктер-        табиғатты аялау-           көп көңіл бөлу-

қазба байлықтары-    зиян келтіру-      ластану-     зардап шегу-

ә/ берілген сөздердің сыңарларын табыңдар:

қасиетті-                                   орман

таза-                                          іс

көпжылдық-                              қоры

текше-                                       ауа

орман –                                     ағаштар

далалық-                                   метр

б/ Табиғат тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бер:

1. Табиғатсыз өмір бар ма?

2. Тіршілік көзі не?

3. Орман ауаны қалай тазартады?

7. Адамдар немен демалады?

2-деңгей тапсырмалары:

а/ берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар:

1. Өсімдіктер, оттек, бөліп шығарады, ауа қабатына

2. Тазартады, желектер, ауаны, жасыл, шаңнан, газ, улы, бен.

3. Өсімдіктердің, мүлдем, кейбір, жойылып, түрлері, кетті.

4. Табиғатты, сақтай алғандар, өмір сүреді, ұзақ.

5. Келтірме, табиғатқа, зиян.

ә/ берілген сөйлемдерді толықтырыңдар:

1. Ормандар өрттен қатты ……..     …………

2. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты ……….  ……….

3. Халықшаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа

…………….  …………….

4. Барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі-

…………….  ………….

б/ «Қорықтар» тақырыбы бойынша сұхбат құрастырыңдар /жұптық жұмыс/.

1-деңгей тапсырмалары:

а/ Қисынды ойлауды дамыту жұмысы: /ойлан, тап, сөйле/        

 

ә/ «Табиғат-анамыз» тақырыбы бойынша қысқаша эссе жазыңдар.

б/ «Өсімдік жақсы өссе…..» ойды жалғастырыңдар.

в/ «Қорықтар» туралы кластер құрастырыңдар.

Қисынды ойлауды дамыту жұмысы: /тақтада фигуралар берілген. Бұл фигураларға қарап, оқушылар өз ойларын айтады/

1-тапсырма:

1-ші оқушыға:         

2-ші оқушыға:   

3-ші оқушыға:

4-ші оқушыға:

5-ші оқушыға:

6-ші оқушыға:

Мысалы: Бұл төртбұрыш деп аталады, өйткені төрт бұрышы бар. Және бұл математикалық фигураға жатады. Тағы бұл фигура кірпішке ұқсайды. Кірпішпен адамдар әр-түрлі үйлер салады, демек бұл құрылыс материалы т.с.с.

2-тапсырма:

/тақтада сөздер жазулы, берілген сөздерді өрбітіп сөйлеу керек/

1-ші оқушыға:        ТАБИҒАТ  

2-ші оқушыға:        ҚОРЫҚТАР

3-ші оқушыға:        АДАМДАР 

4-ші оқушыға:        ҚҰСТАР

5-ші оқушыға:        ЖЫРТҚЫШ АҢДАР

6-ші оқушыға:        ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР

3-тапсырма:

/оқушылардың жұптық жұмысы/

Ситуативтік тапсырма:

1-ші жұп: Диас орманға келсе, бір топ балалар ағаштардың бұтақтарын

сындырып, қылыш етіп ойнап жүр. Сенің іс-әрекетің?

2-жұп:  Орман ішінде той-думандатып жүрген үлкен ересек ата-аналар өздерінен қалған тамақ қоқыстарын шашып, лақтырып жатыр.

Сен не деп айтасың ата-анаңа?

3-ші жұп: Асқардың отбасы ағаштың ішінде келе жатқанда алдарынан бір әп-әдемі елік шыға келді. Өзі сондай сүйкімді! Әкесі тез арада мылтығын алып, атайын деп жатыр… Сенің әрекетің?

1-ші тапсырма: берілген кестені толтырыңдар. /Барлық деңгейлерге/

          Қорықтардың атауы

Орналасқан жері

Мақсаты мен міндеттері

   

 

   

2-ші тапсырма: зат есімдерден туынды зат есімдер құрастырыңдар.

/барлық деңгейлерге/

3-деңгей: аспаз, сурет, қала, жаз, кеш, орман, мейрам, аға, шай, шаруа.

2-деңгей: сөз             сөз тіркесі. Мысалы: жаз- жаздық дала

1-деңгей: сөз             сөз тіркесі             сөйлем. Мысалы: жеңіл- жеңіл есеп- жеңіл есепті шығардым.

2-деңгей тапсырмасы

а/ сұрақтардың жауабын жазыңдар

1. Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?

2. Алматы мемлекеттік қорығы қай өңірде орналасқан?

3. Барсакелмес мемлекеттік қорығы қай жерде орналасқан?

4. Қостанай далалы аймағындағы орналасқан қандай қорық?

5. Табиғат қазынасы сарқылмас қор ме екен?

6. Арал теңізіндегі Барсакелмес аралындағы шөлді қорықтың негізгі мақсаты қандай?

ә/ «Қазақстанның қызыл кітабы» тақырыбы бойынша сұхбат құрастыру.

3-ші деңгейге

а/ сөйлемдерді аударыңдар

1. Тіршілік негізі-таза ауа.

2. Қазақстан ормандары үш топқа бөлінеді.

3. Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 млн гектарды алып жатыр.

4. Екінші топқа аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады.

5. Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді.

6. Таза ауа-тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттек.

ә/ Байқоңыр ғарыш айлағы /кестені толтыру/

                      пайдасы                               зияны
   

1-деңгейлерге:

а/ сұхбаттасу  1-жұп:   «Өсімдік экологиясы»  2-жұп: «Қорықтардың пайдасы» 3-жұп: «Қорықтар неге керек?»  4-жұп: «Табиғатты қорғау-кешенді мәселе»

ә/ «Арал теңізі» тақырыбы бойынша эссе жазыңдар.

3-деңгейлерге:

а/ берілген тірек сөздер мен сөз тірскестерін пайдаланып, сөйлем құрастырып жазыңдар:

табиғат байлығы                 қазына

сұлу табиғат                       жартас

кең дала                               орман

жануарлар әлемі                 аңдар

өсімдіктер әлемі                 арқар

көрікті жерлер                    иаулар

ә/ «Өсімдік экологиясы» тақырыбы аясында 6 сөйлем жазыңдар

2-деңгейлерге:

а/ берілген сөйлемдерді толықтырыңдар.

1. Адам баласы табиғатты …………

2. Біз бұлақтардың көзін…………….

3. Су мол болса, астық та ………….

4. Көк шөпті таптауға………………..

5. Ата-бабаларымыз табиғатқа жаңашырлықпен…………..

6. Экология адамның өзінен………..

Керекті сөздер: басталады, қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.

ә/ «Қазақстанның ормандары» тақырыбы бойынша кластер құрастырыңдар.

1-деңгей: Қисында ойлауды арттыру.

а/ 1-ші оқушыға: 

    2-ші оқушыға:                 

    3-ші оқушыға: 

    4-ші оқушыға:

    5-ші оқушыға:  

ә/  Сұхбаттасу

1-ші жұп «Ұлттық саябақ деген»

2-ші жұп: «Баянауыл ұлттық саябағы»

3-ші жұп: «Қазақстанның қызыл кітабы»

 

 

 

Скачать разработку

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *