Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Туған жерімнің табиғаты. Нәтиже сабақ

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Зыряновский район, г. Зыряновск

КГУ «Средняя школа №11»

Учитель казахского языка и литературы

Шарыпова Гульнара Женискановна

Жалпы мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін жинақтап толықтырады, бекітеді.есімдіктің түрлерін пысықтайды, ажыратады, практикалық жолдармен қолдануын нығайтады.Сөйлеу,ойлау,оқу,тыңдау,аудару,ұғу қабілеттерін дамытады. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, табиғат,Отан сүйгіштікке тәрбиеленеді.
Оқу нәтижелері: Туған жерінің табиғаты туралы біледі, әңгімелейді. Есімдікті біліп қолданады.
Түйінді идеялар: Білім алу мақсатында оқушылар бірлесіп жұмыс істеу керек.Сабақта бірлесіп жұмыс істеу, белсене қатысу мен талқылау нәтижені жақсартуға көмектеседі.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер Таныстырылымдар,мәтіндер,тарату материалдар түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы, флипчарт, қарындаштар.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:
Психологиялық ахуал:  1 мин «Көтеріңкі көңіл-күй»

Мақсаты: Ынтымақтастық  атмосферасын орнату.

Нұсқаулық: оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап, тілек айтады.

Оқушылар шенберге тұрып бір – біріне тілек айтады
 

Топқа бөлу:

1 мин

Топқа бөлу: «атауларды реттеу» әдісі арқылы бөлу.

Мақсаты:  топта өзара  әрекеттестікте жұмыс істеу арқылы кедергілерді жою.

Нәтижесі: бірін – бірі сыйлау, құрметтеуге  дағдыланады

 Таратылған карточка бойынша «ағаш» атаулары (қайың,шырша,терек,қарағай) бір топқа жиналады, ал «өзен» атаулары ( Ертіс,Бұқтырма,Хамир,Үлбі) екінші топқа жиналады.
«Ой қозғау»

Тіл жаттықтыру

3мин

1.      Тапсырма: «Табиғат қорғау» тақырыбына диалог арқылы сөйлеседі

Мақсаты: Диалогпен таныса отырып,сабақтың тақырыбы мен мазмұны туралы мәлімет алады, жеке, жұп, топ болып жұмыс  істеуді  үйренеді.

·         Эпиграф:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

·         Қанатты сөздер:Жер – қазына,

·         Су- алтын, Мал-байлық.

·         Туған жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы.

·         Табиғат- тіршілік көзі.

Сабақтың тақырыбын,  мақсатын жариалау. Топ жұмысының ережесін еске түсіру, бағалау тәсілдерін білу

2 мин

Негізгі бөлім
 «Синквейн» әдісі

2 мин

 І топ «ағаш» сөзімен

ІІ топ «өзен» сөзімен синквейн құрастырады

Тақырыпқа грамматикалық білімдерін қолдана отырып, терең енеді.
Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым

1мин

Оқылған мәтінді мұхият тыңдап ұғады. Ұсынылған тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Сөйлемдерді толықтыр:

1.Менің туған жерім қандай …, …!

2.Айнала биік …, жасыл …, әдемі аққан …  … .

3.Мен үшін сенің әрбір …, әрбір …, әрбір … ыстық әрі қымбат.

4.Мен сенің гүлдеген …, жасыл …, сары алтын …, ақ мамық … сүйемін.

5.Мен туған жердің … көркейтуге көмектесемін.

Сергіту сәті: 2 мин.  С.Мауленов монолог «Туған жерімді сүйемін» жатқа оқу
Мәтінмен жұмыс

Оқылым

5 мин

І топ «Арал теңізі» мәтінін оқып аударады, 5 сұрақ құрастырады.

ІІ топ «Туған жерімнің табиғаты» мәтінін оқып аударады, 5 сұрақ құрастырады. Әр топ сұрақтарды бір-біріне  қояды,жауап береді.

Бірлесе жұмыс істеуге, дұрыс ұғуға дағдыланады.
Сергіту сәті:3 мин «Мақал-мәтелдер қоржыны» Әр топ қоржыннан конверт алып ұсынылған мақал-мәтелдерді құрастырады.

1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

2.Ағаштың тамыры – өскен жерінде, Адамның жаны- туған елінде.

3.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

4.Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.

 

Есімдіктермен жұмыс

Жазылым

5 мин

Берілген сөйлемдерден Есімдіктерді тауып, түрін анықтайды.

1.Біз өзіміз әрқашан табиғатты қорғауымыз керек.

2.Барлық адам қажеттінің бәрін осы жерден алады.

3.Біз қайда болсақ та, туған жерімізді ешқашан ұмытпаймыз.

Есімдіктерді қайталап, түрлерін пысықтайды. Қолдануға дағдыланады.
Есімдікті бекіту

Постер жасау

5 мин

І топ Жалпылау есімдігі

ІІ топ Өздік есімдігі

2.      Постер қорғау арқылы топтар алған білімін ортаға салып бөліседі.
Қосымша толықтыру мәліметі

3мин

3 оқушы алдын-ала берілген тапсырма бойынша туған жердің табиғи байлығы туралы әңгімелейді

1. «Зырян ауданының табиғаты»

2. «Марқакөл қорығы»

3. «Катонқарағай ұлттық табиғи саябағы»

Сөзжұмбақ шешу 2мин Баға жетпес байлығымыз не?

Сұрағына жауап табу үшін сөзжұмбақты шешу қажет.

Бағалау

2 мин

Ұпайлары және бағалау парағы арқылы қалыптастыру, сумативті бағалау өткізу
Кері байланыс

2мин

 «Бағалау ағашы» арқылы түсті стикермен әр оқушы сабаққа өз бағасын береді. Жазыл жапырақ – ұнады, ұғынықты

Сары – жақсы, ұғынықсыз жерлер болды

Қызыл —  ұнаған жоқ, ұғынықсыз

Үй жұмысы

1мин

1.«Туған жерімнің табиғаты» эссе жазу

2. «Табиғат» сөзін септе, 5 сөйлем құрастыр

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/-7TzMzhs3K8f85

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *