Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Урок биологии на тему «Тіршілік анықтамасы, тіршілік деңгейлері»

Республика Казахстан,Актюбинская область,Темирский район,п.Шубаркудук
Средняя школа имени Жансена Кереева
Учитель биологии
Танатарова А.Х.

Сабақтың мақсаты: 1.Тіршілік туралы теориялық білімдерін толықтыру;
2.Тіршіліктің сан алуандылығы туралы түсінік бере отырып,
тіршілік деңгейлерін білуге қызығушылықтарын арттыру;
3.Тіршілік иесінің биологиялық түр ретінде маңызын білдіре отырып,
тіршілік иесін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тіршіліктің жаратылым суреттері бейнеленген слайдтар,тірек
сызбалар,тапсырмалар жазылған карточкалар.
Сабақтың әдістері: ойын,тірек сызбалар,сәйкестігін табу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы: I Кіріктірілген бөлім: Бағдарлау — мотивация.
1.тапсырма 2 ұпай
Ойын:« Миға шабуыл » 2 оқушы шығып тіршілік туралы не білетіндерін тақтаға жазады.
2тапсырма 5 ұпай Ойын: «Ой шақыру» сұрақтарға жауап беру
1. Тіршілік дегеніміз не?
2. Тіршілік иесінің қандай белгілері болады ?
3. Ф.Энгельстің пікірінше тіршілік дегеніміз не ?
4. «Тірі және өлінің химиялық құрам бірлігі» ұғымын қалай түсінесіңдер ?
5. Химиялық заттың қайсысы тіршілікке тән белгі болып табылады ?
ІІ Сараланған бөлім: Операциялық – орындаушылық.
1-ші тапсырма Тірек­ сызбамен жұмыс: 3 ұпай

Тіршілік деңгейлерін зерттейтін ғылымдарға сипаттама беріңдер
2-ші тапсырма 11ұпай
Тізбеде тіршілік құрылымдары көрсетілген.Тізбеге тірі материяның сәйкес келетін жаратылым деңгейін таңдап алып,анықтаманың жанына жазыңдар:
1.Торғай үйірі ___________________________________________________
2.Қылқанды орман _________________________________________________________
3.Мойынқұм шөлі __________________________________________________________
4.Цитоплазма,хлоропластар,ядро______________________________________________
5.Жүрек,бауыр,өкпе_________________________________________________________
6.Жер ғаламшары және ондағы тіршілік________________________________________
7.Хромосомалар және гендер_____________________________
8.Шығару жүйесі___________________________________
9.Амеба,кірпікшелі кебісше,хламидоманада___________________________
10. Оқушы Бауыржан_____________________________
11.Қазақстандағы тіршілік ететін ала қарғалардың барлығы______________________
3-ші тапсырма Оқулықпен жұмыс 3ұпай
Тіршілік деңгейлері Популяция.биогеоценоз Биосфера
Тірі – табиғат көптеген алғашқы заттардың тұрватын к.үрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе.Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан,бірнеше тірлік құрлым деігейлеріне бөлінеді.Олар: молекулалық , жасушалық, ағзалық, популияциялық – түрлік, биогенетикалық деігейлер.Бұл жүйелерде барлық негізгі тірлік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері болады. Тіршілік жаратылым деңгейін ең кішісінен үлкеніне қарай атап, қысқаша сипаттайық.
Молекулалық — жасушалық – ұлпалық — мүшелік — ағзалық — популяциялыө — түрлік — биогеоценоздық— биосфералық (2 сурет)

III. Кіріктірілген. Рефлекциялық-бағалау
1тапсырма 5 ұпай
1.Сұрақтарға жауап беру.
-Тіршілік жаратылысын әртүрлі деңгейлерге бөлу нышандары қандай?
-Қандай тірлік жүйені ағзаға дейінгі деп аталады?
-Қандай деңгейді ең жоғары деп есептейді?
-Тіршілік деңгейлерінің арасанда бір-бірімен өзара байланыс болады ма?
-Тіршілік жаратылым деңгейлері қалай бірлесе бағынады және қандай ұстаным
бойынша бөлінеді?
2 тапсырма 3 ұпай Сәйкестігін анықтау 2 сыныпқа ортақ.Берілген ғылымдар жанына сәйкес келетін жаратылым деңгейлерін жазу.
Анатолия_____________________________________________________________
Цитология____________________________________________________________
Биохимия_____________________________________________________________
Экологя_______________________________________________________________
Молекулалық биология_____________________________________________________
Физиология_______________________________________________________________
Микробиология____________________________________________________________
Өзін-өзі бағалау парағының үлгісі

р/с
Тапсырмалар Мұғалім берген
ұпай саны Оқушының жинаған ұпай саны Баға
І-1 Ойға шабуыл 2 ұпай

І-2 Ой шақыру 5 ұпай
ІІ-1 Тірек сызба 2 ұпай
ІІ-2 Сәйкестігін табу 3 ұпай
ІІ-3 Оқулықпен жұмыс 2 ұпай
ІІІ-1 Танымдық тапсырма 3 ұпай

ІІІ-2 Сәйкестігін анықтау 3 ұпай
Барлығы 18 ұпай
Өзін — өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтағышына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.
Бағалау «5»-18- 15
«4»-14-10
«3»-10-5
Үйге тапсырма:
§2 оқу.Әрбір тіршілік деңгейінің деңгейінің күрделенуіне байланысты өзіне тән құрылымдық ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *