Үй жануарлары
Бейсенова Тилектес Хайрулловна
воспитатель
КГКП «Центр полиязычного развития ясли-сад № 20 «Мерей»
г. Экибастуз, Павлодарская область, Казахстан
І кіші тобының тіл дамыту сабағына
арналған ашық сабақ конспектісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақтың мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың
түрлерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін ,қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге
тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Үй жануарларына байланысты тақпақ мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап
арқылы балалардың тілін дамыту.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері.
Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, ит, мысық суреттері. Малдан
алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін
балаларды орындарыннан тұрғызып бір-біріне жылы сөздер айту.
Негізгі бөлім:
Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз?
— Үй
Үй қандай бөліктерден тұрады?
— Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.
Балалар мен сендерге әр терезеде жұмбақтар бар екен. Мен сендерге соны оқып берейін
- Терезе
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы) - Терезе
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар
(Қой) - Терезе
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(сиыр)
Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. Үй
жануарларының адамдарға тигізетін пайдасы туралы айту.
Қой: Төрт түлік малдың бірі оның атасы – Шопан ата. Қой аша тұяқты, сүт қоректі
жануар. Жылына бір рет төл береді. Шөппен қоректенеді. Қой адамдарға ет, сүт, жүн
береді .
Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Атасы- Зеңгі баба.Сиыр сүт
қоректі жануар, шөппен қоректенеді, жылына бір рет төл береді.адамдарға ет, сүт береді.
Сиыр сүтіннен: Айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды..
Жылқы:Үй жануарларының ішіндегі тостаған тұяқты , ірі сүт қоректі жануар, шөппен
қоректенеді. Атасы- Қамбар ата. Жылқы жылына бір рет төл береді. Адамдарға ет, сүт
береді жылқының сүтіннен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды.
Балалар сендер маған үй жануарларының төлдері туралы тақпақты айтып беріңдерші. Кім
айтады?
Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны
Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары
мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау
қабылетін дамыту.
Барысы: қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала
ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан
жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.
Қорытынды: — Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
— Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы — кісінейді
Сиыр — мөңірейді
Қой, ешкі — маңырайды
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының, төлдердің аттарын, келтіретін пайдасы туралы біледі.
Игереді: Жұмбақ, тақпақтар, мақал-мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй
жануарларының пайдасы барын түсінеді.
Қолданады: Берілген тапсырманы түсініп, орындай біледі, сұрақтарға толық жауап береді.