Жетісудағы тарихи тұлғалар
Куаныш Айсулу Төлеубекқызы
Учитель истории
Школа-лицей им. Н.Островского
г. Саркан, Алматинская область, Казахстан
Қазіргі кезде әлемнің төрт бұрышына да ескерткіштер, бюсттер орнатылған.
Олардың орнатылу себептеріде әр түрлі. Алматы облысының өзінде қаншама
ескерткіштер бар. Мысалы: Талдықорған қаласында өз заманында халыққа
қорған болған Ескелді, Балпық, Қабылиса сияқты әулие, билерге қойылған
«Үш ата» ескерткішіТалдықорғанның қақ ортасында 2006 жылы ұлы арғы
аталарымыздың құрметіне, оларға тағзым еткен ұрпақтары көтерген сәулетті
монумент қойылған.Ғұлама ғалым Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың, жыр
дүлдүлі Сүйінбайдың ескерткіштері және елді жаудан қорғап, дарабоз
батыр атанған Қабанбай батыр ескерткіші де Серік Әбікенұлының
қамқорлығының арқасында бой көтерді.Қабанбай батыр ескерткіші 2009
жылы Талдығорған қаласында орнатылды.Ескерткіштің авторлары:
архитекторы – Қабай Баулуков, мүсіншілері – Мәлік Жүнісбай, Болат
Құсайынов. Биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайтын Ескерткіштің
астына қойылған тас граниттен, ескерткіш қоладан құйылып жасалған. Ел
мен жерін қорғаған бабаларымыз Сұраншы, Саурық батырлардың Жамбыл
ауданы аумағында орналасқан. Әйгілі сазгер, халық қаһарманы Нұрғиса
Тілендиевтің ескерткішінің авторы Мейірман Әзмағанбетовтың айтуынша,
мүсін екі ай ішінде жасалған. Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед
Қонаевтің,әлем таныған Әнуар Әлімжановтың, ақын Сараның, ақындар
Ғали Орманов пен Үмбетәлі Кәрібаевтың,құлагер ақын Ілияс
Жансүгіровтың шағын мүсіні 1964 жылы Талдығорғанда қойылды.Ақынның
осы мүсіні 2003 жылы орталық алаң төріне биік тұғырға көшіріліп, орны
ауыстырылды.Ені 0,60 см, көлденеңі 1 м, биіктігі 3 м болатын тас
постаментке орнатылған ақынның бюсті 1 м биіктіктегі ені 9 м, көлденеңі 12
метрден тұратын сұр түсті, өрнектелген тас кірпіштен қаланған сахна
түріндегі алаңқайға қойылған.Бұл ескерткіштер мен бюсттер Талдықорған
қаласының төрінен орын алған.
Сонымен қатар Қазақ елінің әйгілі тұлғаларының ескерткіштері шет
мемлекеттерде орнатылған. Атап өтетін болсақ: Жамбыл жыраудың ұстазы,
жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының ескерткіші Түркия мемлекетінің Анкара
қаласындағы ақынның аллеясына тұрғызылып, 18 маусым күні ашылу
салтанаты өтті. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың
туғанына 170 жыл толды. Осындай мерейтой қарсаңында Елбасының
тапсырмасымен Сербия Республикасының Белград қаласында Жамбыл
Жабаевтың бюсті орнатылды. Тағы бір қосарымыз, Украинада жыр алыбы
Жамбыл Жабаевтың еңселі ескерткіші 2012 жылы бой көтерген. Санкт-
Петербург қаласында Жамбыл атындағы көшеде де ақын-жыраудың
ескерткіші бар.2010 жылдың 24 маусымында Анкара қаласында ҚР
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған
Қазақстанның ресми делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнатылды.
Қазақстанның өзінде қаншама ескерткіштер орнатылған. Тіпті шетелде де
біразы орнатылып қойған. Мұның барлығы қазақ халқы үшін зор мақтаныш
болып табылады.Жастардың «Генчлик» атты орталық саябағында орналасқан
Елбасы ескерткішінің жалпы биіктігі бес метрден (5 м. 10 см.) асады. Ал
мүсіннің биіктігі — 2 метр 60 см. Мүсіннің авторы — Гюрсель Чаталтепе
ханым. Түркия тарабы ескерткіштің ашылуында бұл құрмет Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық түркі әлемі үшін атқарып келе
жатқан ерен еңбегіне орай жасалып отырғанын мәлім етті.