Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия пәнін оқытудың ерекшеліктері
Муханбетжанова Динара Акылбеккызы
Учитель химии и биологии
Средняя школа №16
г. Кокшетау, Акмолинская область, Казахстан
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия пәнін оқытудың
ерекшеліктері»
«Мұғалім – мектептің жүрегі, әдістеме – оның тірегі». Біз, ұстаздар қауымы,
мамандығымыздың қасиетті де құдіретті екендігімен мақтанамыз. Мақтанамыз,
себебі біз Әл-Фараби бабамыздың ізбасарымыз, ағартушылық қызметтің өшпес
жұлдыздары – Ыбырай , Абай , Ахметтердің ұрпағымыз және де біз еліміздің
ертеңгі жарқын болашағы – бүгінгі жастардың тәлімгер ұстазымыз.
Химия — бұл эксперименталды ғылым. Сондықтан оқыту химиялық
экспериментке білімнің шоғырлануы мен бақылаудың құралы ретінде білімнің,
гипотезаларды ілгерілетудің және тексерудің қайнар көзі ретінде негізделген.
Сонымен бірге, мұғалім оқушының көңілінен шығатын тәжірибелік жұмыс
оңай емес екеніне, қайта-қайта жаңа нәрсені білуге деген құштарлығына көз
жеткізуі керек. Қазіргі таңда 500-ден астам педагогикалық технологиялар бар.
Алайда, осы технологиялардың барлығын химия пәнін оқытуда қолдануға
мүмкін емес. Солардың ішінде өз тәжірибемде көп жылдар бойы кеңінен
қолданып келе жатқан технологияның түрлерімен бөліскім келеді.
Бұл жұмыстың таңдалған тақырыбы қазіргі кезде ең өзекті болып табылады,
өйткені оқушылардың әр түрлі практикалық іс-шараларға белсенді тартуға
ықпал етеді және олардың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға
мүмкіндік береді Теориялық материалдың көп мөлшерін тиімді игеру үшін
оқушылардың өзіндік жұмысы жоғарылауы қажет, өйткені олардың өздігінен
алған білімдері әлдеқайда жоғары. Педагогикалық технологияларды
оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерін енгізу оқушының білім
алуына, оның танымдық іс-әрекетіне көмектеседі.
Технологиялық жобаның жақсы жақтарын атап айтсақ:
Әр түрлі тәсілдермен жұмыс жасап, ондағы жобамен танысып, әр түрлі
проблемаларды шешеді.
Оқушылар критикалық ойлауды қолдана отырып, сабақты өмірмен
байланыстырып көрсетеді.
Оқушыларға жобалар сарапшы болуға, өз араларында бәсекелестік
туғызуға, үлкендермен өзара жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұлайша
өздерін жетілдіріп, өмірге үйренеді.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізі:
Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
2
Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік
құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Сабақтарымда жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың
сабаққа қызығушылығын арттыра түсуге,әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
ынталандыра отырып,олар өз ойларын айта білуге,сөз қорын
дамытуға,шығармашылық жұмыс істей алуға,логикалық ойлау қабілеттерін
дамытуға, деңгейлеп оқыту технологиясы мен сын тұрғысынан ойлау
технологиясының көптеген жаңа әдіс – тәсілдерін қолданамын.
Сабақта оқушылармен джиксо, ішкі-сыртқы шеңбер,топтық жұмыс,орамал
тастау ойындары,жұптық жұмыс,жоғары және төменгі деңгей сұрақтары,ой
шақыру,ойлан тап қазіргі тиімді оқыту және оқу тәсілдері,белсенді оқу әдістері
,КӘМҚ-талдауы («SWOT-талдау»)т.б.тәсілдер арқылы сабақты қызықты
өткізуге тырысамын.
Мұғалімнен педагогикалық шеберлі, жауапкершілік, жан — жақтылығы, терең
біліктілік, жаңашылдық талап етіледі. Кез келген пәнді оқытатын ұстаз, ең
алдымен, алдына мақсат қойып, қажетті нәтижеге жетуді, сапалы білім беруді
ойлайды. «Ұстаздық — ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Педагогикалық іс-тәжірибеде инновациялық технологияларды сабақта тиімді
қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке
ынталандырып отырамын, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданып, әр
оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдай жасау арқылы жалпыға міндетті негізгі
орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың
оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде
қалыптастырамын. Сабақтарды заманауи талаптарға сай құрастырып, қазіргі
білім берудің жаңаша технологиялары элементтерін нәтижемен қолданып
отыруға тырысамын.
Химия сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Әрбір сабақ – мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты
оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн.
Сабақта, соның ішінде химия сабағында белсенді әдіс-тәсілдер үнемі
қолданылады. Себебі, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың оқуы қызықты жеңіл өтеді, ұжымда
бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, білімдері тереңдейді, әрі тиянақтылықтары
артады.
Тапсырма түрлері
Тапсырма құрастырған кезде алдымен оқу мақсаттарын, одан кейін
бағалау критерийлерін, сонымен қатар ойлау дағдыларының деңгейін Блум
таксономиясына сай ескеріп, соның негізінде тиімді жəне мəнді практикалық
тапсырма əзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі
тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың əр
түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті жəне өзекті болып саналады.
3
Мұндай тапсырманы құрастыру оңай жəне олар оқушылардың түсінуіне де
жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мазмұныны сақталған жағдайда жабық
тапсырмалардың ішкі құрылымы əр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық
материал негізінде сандық жəне сапалық сипаттамалары əртүрлі бірнеше
тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмасы
Гидролиз процесі соңына дейін жүретін тұз
A) натрий сульфаты
B) алюминий сульфиді
C) мырыш (II) хлориді
D) калий нитраты
E) натрий хлориді
Бірнеше дұрыс жауапты таңдау тапсырмасы
12,8 г мыс концентрациялы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген
газдың мөлшері, көлемі, массасы
A) 44,8 л; B) 0,2 моль;C)12,5 г; D) 22,4 л; E) 0,5моль; F)12,8 г;G) 32 г; H) 4,48 л
«Шындық» не «жалған» екеніндігін +.- таңбасын қою арқылы анықтаңыз
Шындық жалған
1 Глюкозаның формуласы С 6 Н 12 О 5
2 Глюкоза ашығанда этил спирті түзіледі.
3 Нәруыздың құрамында аминқышқылдары бар.
4 Крахмалдың өзіне тән қасиеті иодпен
әрекеттескенде иодтың түсі өзгереді
5 Нәруыздарда аминқышқылдары пептидтік
байланыспен байланысқан
6 Нәруыздар гидролизденбейді
7 Мақтаның құрамында 98% целлюлоза бар
8 Нәруыздардың балқу, қайнау температурасы
тұрақты
Жабық тапсырмалардың
Артықшылықтары Кемшіліктері
-Балл қою жеңіл
-Балдарды есептеу қолайлы
-Балдарды автоматты есептеу
мүмкіндігі
-Жауаптың мүмкін нұсқаларының
бар болуы
-Тапсырманы орындауға аз уақыт
жұмсалады
-Білімнің тар ауқымын тексеруге
бағытталған
-Жауапты кездейсоқ таңдау
мүмкіндігінің бар болуы
-Тапсырманы орындау үдерісін
бағалау мүмкін емес
-Деңгейі төмен
4
Ашық түрдегі
тапсырмалар
Толық жауапты
қажет ететін
Қысқа жауапты
қажет ететін
Эссе
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға жатады: бос орынды толтыру,
қысқа шешім, сұраққа жауап, санамалау.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларға жатады: эссе, толық шешім,
жобалар, таныстырылым.
Мысалы, химиялық диктант. Бос орынға астында берілген сөздерді қойып,
дұрысын жазыңыз
Молекула құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер ………………..
деп аталады.
Алкиндердің жалпы формуласы ………………………….
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен ………………, ………………………… газ, суда
нашар ериді.
Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне
байланысты қайнау және балқу температуралары ………………………………..
Ацетилен металдарды …………… және ……………….. үшін пайдаланылады.
Тапсырмаларды саралаудың мәні
«Саралау» ( лат. тіл. айырмашылық) – оқушылардың бейімділігін,
мүдделерін, қабілеттерін ескеретін оқу қызметін ұйымдастыру формасы.
Саралап оқыту деген- бұл:
- Бұл оқу үрдісін ұйымдастыру формасы, онда мұғалім оқу үрдісі үшін
қажетті жалпы қасиеттері бар оқушылар тобымен жұмыс жасайды; - Бұл оқытылатын түрлі топтардың оқу үрдісін мамандандырылуын
қамтамасыз ететін жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі; - Саралап оқыту- бұл оқушыларды топтастыру түрінде және белгіленген
топтардағы оқу үрдісін әр түрлі етіп құрастыруда тұлғаның жеке-типтік
ерекшеліктерін ескеру.
Химия сабағында оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін тереңдету,
пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында деңгейлік тапсырмаларды
5
пайдаланудың маңызы зор. Өйткені ойлау арқылы оқушының
шығармашылық қабілеттері дамиды, ол өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.
Шығармашылықпен еңбек ететін оқушыда логикалық ойлау зеректігі, терең
білім алу қабілеті дамиды.
Жаңартылған орта білім беру мазмұны ерекшеліктерін ескереді:
- Оқыту мақсатына жету
- Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды таңдау және жоспарлау
- Саралау (саралау тәсілдерін қолдануды жоспарлау)
- Қалыптастырушы бағалауды қолдану.
- Оқушылардың әрекетке белсенді қатысуы
7.Тілдік мақсаттарды жүзеге асырылуы (академиялық тіл) - Дағдылардың дамуы (қарым-қатынас, өзара әрекеттесу, ынтымақтастық)
Сабақты жоспарлау кезеңдері
-Сабақтың типі мен мақсатын анықтау, оның құрылымын әзірлеу.
-Оқу материалын жоспарлау.
-Оқушының сабақта түсініп және есте сақтауы қажет негізгі материалды
айқындау.
-Оқу тапсырмаларын «жеңілден күрделіге қарай» қағидасына сәйкес
орналастыру.
-Үш тапсырма топтамасын құру:
a) оқушыларды материалды еске түсіруге жетелейтін тапсырмалар;
b) оқушылардың материалды ұғынуына ықпал ететін тапсырмалар;
c) оқушылардың материалды бекітуіне ықпал ететін тапсырмалар.
-Сабақтың типі мен мақсатына сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдері мен
стратегияларды таңдау;
-Әр оқушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған оңтайлы жұмыс
көлемі мен сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын
таңдау;
-Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін анықтау;
-Сабақтың нәтижелерін бағалау тәсілдерін анықтау;
-Сабақты қорытындылау түрін ойластыру, рефлексия;
-Үй тапсырмасының көлемі мен формасын анықтау.
Химия сабағында мен тақырып сайын оқушылармен түрлі шығармашылық
жұмыстарды өз шеберлігіме қарай ұйымдастырып, түрлендіріп отырамын.
Өзімнің тәжірибем бойынша оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда
сабақтарымдағы жеткен нәтижем: oқушылардың тақырыпты оқуға және пәнге
ұмтылысы aртады; оқу прoцесінің сaпасы, oқу үлгерімі жoғaрылайды;
oқушыларды сaбақ кезінде және сaбaқтан тыс жaн-жaқты ізденуге үйретеді;
oқушы білім aлу жолында өз бетінше жaн-жaқты терең жұмыс істеуге
талпынады.