Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

203 ∙ 6, 2003 ∙ 6 түріндегі көбейту

Мусайбекова Салтанат Балташевна,
учитель начальных классов
КГУ «Средняя школа имени Магжана Жумабаева»,
Уалихановский район,Северо-Казахстанская область,Казахстан

Мақсаты: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды көбейтуді үйрету; есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықамандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

  1. 3 120 санын 8 жүздікке арттыр. (3 920)
  2. Бірінші көбейткіш 42, екіншісі – 20. Көбейтіндінің мәні нешеге тең? (840).
  3. 720 санынан қай сан 100-ге кем? (620)
  4. 920 санын 80-ге арттыр. (1 000)
  5. 320 мен 60 сандарының айырмасы нешеге тең? (260)

ІІІ. Мақсат қою; ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1 тапсырманы көбейту тәсілін енгізуге дайындық ретінде ұсынуға болады. Сандарды цифрлармен жазады. Қандай разрядтардың жоқ екенін анықтайды.

1-ге және 0-ге көбейтуді қайталау қажет.

а ∙ 0 а ∙ 1 0 ∙ а 1∙ а а : 0 (0-ге бөлуге бола ма?).

Әріптің орнына кез келген санды қояды. Қандай ереже білетіндерін еске түсіреді.

Санды 1-ге көбейткенде, көбейтіндісінің мәні сол санға тең болады.

Санды 0-ге көбейткенде, көбейтіндісінің мәні 0-ге тең.

№ 1. Сандарды цифрмен жаз. Қандай разряд бірліктерінің жоқ екенін анықта.

8 млн. 5мыңд. 7 бірл. = 8 005 007 (жүздік мыңдық, ондық мыңдық, жүздік, ондық) т.с.с.

№ 2. Дауыстап түсіндіре отырып, көбейту тәсілін орындайды.

х 2 0 3 х 2 0 0 3 х 2 0 0 0 3

6 6 6

1 2 1 8 1 2 0 1 8 1 2 0 0 1 8

№ 2(ә). Жазбаша өздігінен орындау.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 3. Есептерді шығар.

3 жүк вагон – 144 т картоп Ш: 144 : 3 = 48 (1 жүк вагонында 48 т.)

240 т картоп – ? вагон – ? 240 : 48 = 5 (вагон керек)

480т картоп – ? вагон – ? 480 : 48 = 10 (вагон керек.)

№ 3(ә). Ш: 15 : 5 = 3 (1 көйлекке 3 м мата.)

60м : 3 = 20 (көйлек тігеді.)

№ 4. Жұптық жұмыс. Әріптердің берілген сандық мәндері бойынша өрнектердің мәндерін тап. (d + с) ∙ 3, мұндағы d = 23 054 ; С = 4 896 (23 054 + 4 896) ∙ 3 = 83 850

№ 5. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада түсіндіріп шығарады)

№ 7. Өздік жұмыс..

ҮІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма. № 8. Ү. Үйге тапсырма: № 6. 62- бет. Бағалау

Скачать

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *