Ашық сабақ. Абдулхамит Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
Исакова Айгуль Сагимбаевна,
учитель казахского языка и литературы
сш №33 им. М.Ауезова
г.Тараз,Казахстан
Мақсаты: | А.Мархабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы түсініктерін толықтыру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып,түсіну. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың емдік қасиеті туралы айту. |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | Топтық және жеке жұмыс жасау, сұрақ –жауап, «Балық сүйегі», «Ассоциация» «Салыстыру» , «Пікірталас» әдісі шығармашылық жұмыс, кері байланыс. |
Оқу нәтижесі: | А.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын түсінеді; Оқушылар берілген әңгіме арқылы қай заманда, қай ғаламда болмасын қымыздың емдік қасиетін біледі; Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтайды және соған байланысты қорытынды жасайды ; Өз ойын еркін жеткізе біледі; |
Қолданылатын ресурстар | Интерактивті тақта, слайдтар,тірек сызбалар,суреттер,маркерлер,стикерлер. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі
(2мин)
|
Сәлемдесу,оқушы назарын сабаққа аудару. Сыныпты «Жұлдызшалар » арқылы 3 топқа бөлемін.
1топ: «Ғарышкерлер» 2топ: «Дәрігерлер» 3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар» |
Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Алтын ережені сақтап,мұғалім оқушыларды топқа бөледі.Мұғалім топ мүшелеріне бағалау парағын таратып береді.. | Оқушылар топқа бөлінеді.Бағалау парағы арқылы топ мүшелері бірін-бірі бағалап отырады. | |||||||||||||||
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту ( 2мин) |
Бейнебаян көрсету. «Планета», «Қымыз» туралы.
|
Бейнебаянда не көрсетілді? | Бейнебаян бойынша сабақ тақырыбын ашу | |||||||||||||||
Білу
3 мин |
-Фантастика дегеніміз не?
-Сендер фантастикалық кино көресіңдер ме? -Қандай фантастикалық жанрда әдеби кітаптар оқисындар? -Робот деген не? -Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар? -Ол планеталарда адамдар тұрады ма? |
М ұғалім сұрақ қояды | Оқушылар сұраққа жауап береді. | |||||||||||||||
Түсіну
15 мин |
Постермен жұмыс
1топ: «Ғарышкерлер» Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны мен шығармащылық жолы 2топ: «Дәрігерлер» «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып, түсіну. 3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар» «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып, түсіну. |
Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы топ мүшелерінің қорғаған постерлерін бақылау.
|
Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны туралы оқып,түсінеді.
Әңгіме мазмұнымен танысады.Оқушы мазмұнды оқып, түсінгені бойынша постер қорғайды. |
|||||||||||||||
Қолдану
(10мин) |
1топ: «Ғарышкерлер»
«Балық сүйегі» әдісі бойынша әңгімені жанр,түрі ,тақырыбы, идеясы бойынша анықтау.
2топ: «Дәрігерлер» «Сөздер банкасы» әдісі арқылы әңгімені жанр,түрі ,тақырыбы, идеясы бойынша анықтау. сөздікпен жұмыс. 3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар» «Ассоциация» әдісі арқылы қымыздың емдік қасиеті мен пайдасын топтастыру |
Мұғалім кестені таратып береді.
Мұғалім әңгіме ішіндегі сөздер тізбегі сонымен бірге бірнеше сөздер жазылған ақ парақты таратады. Мұғалім қымыздың емдік қасиетін топтастырып жазуға тапсырма береді.. |
Оқушылар әңгіме мазмұнындағы жанр,түрі, тақырыбы, идеясы бойынша балық толтырады.
Оқушылар таратылып берілген ақ параққа «Сөздер банкасы» әдісі бойынша сөздер жазады. Оқушылар қымыздың емдік қасиетін топтастырып жазады
|
|||||||||||||||
Талдау (6-7 мин) | 1топ: «Ғарышкерлер»
«Пікірталас» әдісі «Егер кенеттен күн жоқ болса, не болады?» 2топ: «Дәрігерлер» «Басқа ғаламшар адамдарымен бетпе-бет кездессек не істер едік?» 3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар» «Жерден аспан әлеміне барып, тіршілік етсек қалай болады?» |
«Пікірталас» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын айта отырып, сұраққа жауап береді.
|
«Пікірталас» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын айтады
|
|||||||||||||||
Бағалау 3-4мин | Өзін-өзін бағалау парағы. Аты –жөні
30-35 ұпай – «5»деген баға, 20-25 ұпай –«4» деген баға, 15-10 ұпай –«3» деген баға |
Оқушылар өзін-өзі бағалайды. | ||||||||||||||||
Үйге тапсырма: 1 мин | 1. «Ғарыштағы қымыз»әңгімесін оқу. 2.Фантастикалық әңгіме » жазу. |
+7 776 987 0729
Либо отправьте заявку с сайта