Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ас – адамның арқауы

Казахстан, Северо-Казахстанская область, район им. Г.Мусрепова

КГУ «Тахтабродская средняя школа»
Учитель казахского языка и литературы
Мустафина Гулнар Карбасовна

Сабақтың мақсатыбілімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; менің сүікті асым  туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;

Дамытушылы: Оқушылардың іздену дағдысына  сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:     Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

Сабақтың түрі-дәстүрлісабақ

 әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, аудару, іздендіру, әңгімелеу, ойын, жұмбақ, мақал айту, миға шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, , кластер, суреттер;

Сабақтың типі— Білім мен іскерлікті қалыптастыру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. тренинг

-Балалар, біздің әр күніміз, әр сабағымыз-қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу-тілек, береке. Бір-бірімізге бақыт, қуаныш тілеп біз де шашу шашайық.

 Тақырыпқа шолу:

Эпиграф «Ас-адамның арқауы» (интерактивті тақтада проекцияланады)

  • Сөйлемді оқыңдар
  • Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
  • Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар

 Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

Білуіміз керек: Ас – адамның арқауы тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сұхбаттасу; қазақша сауатты жазу, сұрақтарды дұрыс қою;
Меңгеруіміз керек: мазмұндау, өз ойларын жеткізе білу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлем мүшелерін ажырата білу.

-Сабақтың лексикалық (грамматикалық) тақырыбы қандай?

-Есімше дегеніміз не?

— Есімшенің қандай түрлерін білесің?

-Өткен шақ есімше қалай жасалады?

— Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

— Мектеп асханасында даяшы бар ма?

— Сенің сүйікті тағамың қандай?

-Қою тағамдарды ата?

-Сусындарды ата?

 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

 Жақша ішіндегі сөздерді аудару, Ас мәзіріне не бар ? толықтыру.

 3 Ой қозғау. Слайд 1 таңғы ас туралы әңгіме құру.

ә/ Тақтамен жұмыс    Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу

  1. Нан болса, ән де болады. Будет хлеб будет и песня..
  2. Ас – адамның арқауы. Еда человеку силу даёт. 
  3. Сыйлап берген су да тәттi. Поданная с уважением и вода сладкая. 
  4. Тату үйдiң тамағы тәттi.      В дружном доме вся еда вкусная. 
  5. Сөздікпен жұмыс

Бекер айтпаған-не зря говорится

ерекше мән берген-особоевни мание уделял

ежелгі дәстүр бойынша-по древней традиции

 кеңпейілді-великодушный

жомарт-щедрый

 қонақжай-гостеприимный

таңғалдырады-удивляет

  1. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп оқу

 Қолдану:

«Мозаика» әдісі. Қонақ шақыру

1-топ: қонаққа шақыруды ұйымдастыру.

2-топ: Дастарқан мәзірін дайындау.

талдау – жинақтау. Талантты және дарынды  баламен жұмыс:

1-бала.сұрақ дайындау.

2-бала. Эссе жазу.

ü Сұрақтарға жауап беру:

—    Ас, тамақ туралы қанаты сөздерді білесіңдер?

—    Ас ішер алдыңда не істеу керек?

—   Тамақты қалай отырып ішу керек?

— Тамақ жеп болған соң не істеу керек?

ü Ең мықты аспаз байқауын өткіземіз. Өздерін жақсы көретін тағамның рецептін жазыңдар. Рецептіні былай бастаңдар.

Мысалы , мен жиі бауырсақ пісіремін. Оны дайындау үшін

Сергіту сәті «Қызыл өрік».презентатция

1топ: Ас туралы тйым сөздерді жазып айту. Оларды өмірде қолданасыңдар ма?

2- топ: Қазақ дастарқанының сәні мен дәмі қандай тағам екнің айтып беру.

3) тапсырма: Көп нүктенің орнына сөздерді жазып, сөйлемдегі бастауышпен баяндауышты тап:

Ал, балалар, біз бүгін сабақта жаңа сөздермен таныстық, өткен сабақты қортындыладық,

Рефлексия.     

1.Таңғы асқа көбіне не жейсің?

  1. Сүйікті асың не?
  2. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
  3. Қандай тағамды жеп көрмедіңдер?
  4. Қандай тағамды жеп көргін келеді

 Қорытынды.

  • Біз бүгін не туралы айттық?
  • Осы тағамдарды кім және қандай жағдайларда әзірлейді?
  • Осы тағамдарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?
  • Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?
  • Егер сенің мейрамханан болса, сен не істер едің?
  • балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:
Мен нені білемін? өте жақсы жақсы орташа нашар
1 Мен ұлттық тағамдар туралы айта аламын        
2 Ұлттық тағамдардың түрлерін білемін        
3 Мен өзімнің сүйікті тағамым туралы айта аламын        
4 Мен сөйлем мүшелерін білемін        
5 Мен сөйлемге синтаксистік талдау жасай аламын        

 

Рефлексия:

Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына ілу.

Үйге тапсырма:
1. Менің сүйікті асым туралы  шағын шығарма жазып келу.
 Бағалау
Қоштасу:- Сау болыңдар!

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/CazO19Le3Eow2v

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *