Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

Казахстан, г. Атырау, пос. Геолог

Средняя школа им. К.И.Сатпаева

Учитель истории

Жаксымбетова Зарина

Жалпы мақсаты  Қазақстанда ЖЭС саясатының қандай жолдармен іске асқанын түсіндіру, ЖЭС-тың мақсатын ашу, Қазақстан экономикасына тигізген әсерін және оның табыстары мен қиыншылықтары туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінеді, оның қазақ халқына қандай әсері болғанын білетін болады, қандай мақсатпен жүргізілгенін айта алады.
Құрал-жабдықтар Интербелсенді тақта,карта, үлестірмелі қағаздар, стикерлер, парақшалар, А3 формат,маркерлер
Сабақтың кезеңдері:  Мұғалімнің әрекеті

 

Оқушылардың іс-әрекеті

 

1.Ұйымдастыру

(2 мин)

А) Сәлемдесу, қолайлы ахуал туғызу

Б)  Оқушыларды  3 топқа бөлу,топтың ережесімен таныстыру

В) Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту

А. Мұғаліммен сәлемдеседі

Б. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

Сергіту сәті:

(2 мин)

Оқушылар орындарынан тұрып, шеңбер құрып, бір-бірлеріне осы сабаққа сәттілік тілектер тілейді
Үй тапсырмасын сұрау

(2 мин)

БҮҮ кестесін толтырып келу

Білемін Білгім келеді Үйрендім
   

 

 

Кесте бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады
Бағалау: Әрбір оқушыға бағалау парағын тарату. Оқушылар бір-бірін бағалап отырады. (парақ толтыру тәртібін түсіндіру)
2. Білу

(2мин)

Ой қозғау

Жаңа экономикалық саясат дегенді қалай түсінеміз?

Осыған дейін бізге таныс «әскери коммунизм ұғымын еске түсірейік?

 
1. Видеодәріс

2. Слайд

 
3.Түсіну

(2 мин)

Тақырып мазмұнын түсіну, берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу.
4. Қолдану

(10 мин)

«Жіңішке және жуан сұрақтар»

Бұл тапсырма барлық топтарға беріледі.Топ мүшелері жаңа сабақпен танысқаннан кейін, оқулықпен жұмыс жасайды.Дәптерлеріне мәтін бойынша жуан және жіңішке сұрақтар әзірлейді

Кім? Не істеді?
Не? Не үшін?
Қашан? Қалай болды?
Қайда? Не болды?
Әр топ өздеріне берілген тапсырмамен танысады, дәптерге  жауаптарын жазады, қорғайды
Әрбір оқушыға бағалау парағын тарату. Әрбір оқушыға бағалау парағын тарату, парақ толтыру тәртібін түсіндіру Оқушылар бір-бірін бағалап отырады.
5. Талдау

(10 мин)

Пікірталас

1-топ: ЖЭС тиімді жақтары

2-топ: ЖЭС тиімсіз жақтары

3-топ: Екі топқа анализ жасайды

Әр топ мәтінді оқып шығып, өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді, түсіндіреді, 3-топ оқушылары қорытынды жасайды
6. Жинақтау

(5 мин)

Венн диаграммасын толтыру

Әскери коммунизм саясаты — Жаңа экономикалық саясат екеуін салыстыру және ұқсастықтарын айту

Әр топ оқушылары БҮҮ кестесі бойынша өз пікірлерін жазады.

 

7. Қорыту

(3 мин)

Жаңа экономикалық саясат дегеніміз не болды?

Жаңа экономикалық саясат дұрыс жүргізілдіме?

Өз мақсатын орындадыма?

Қазақ халқына қалай әсер етті?

 

 
 Кері байланыс

(3 мин)

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ — басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды

мәселе қандай болды?

Балалы үйрек бірлесу. Мен топта қалай жұмыс

істедім?

Ортан терек — ойлау. Мен бүгін қандай білім мен

тәжірибе алдым.

Шылдыр шүмек — шынайылық. Сабақ маған ұнады

ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек — көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта

өзімді қалай сезіндім?

Оқушылар бармақтарымен көрсету арқылы сабақты қалай меңгергендіктерін көрсетеді
Бағалау

(3 мин)

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы

(0-5 ұпаймен)

Топтық жұмыс

1 тапсырма

(0-5ұпаймен)

Топтық жұмыс

2 тапсырма

(0-5 ұпаймен)

БҮҮ кестесі бойынша жұмыс

(0-5 ұпаймен)

Барлық ұпай саны

15-12 ұпай -«5»

10- 8ұпай -«4»

7-5  ұпай — «3»

4- 0  ұпай -«2»

Бағасы
1              
2              
3              
4              
5              
6              
Бағалау критерийі бойынша өздерінің балдарын қосып бағалау шкаласы арқылы өздерінің жиынтық бағасын шығарады және түсіндіреді
Үй тапсырмасын беру

(1 мин)

1.  Тақырыпты оқу,

2. ЖЭС туралы қосымша мәліметтер жинап әкелу

 

 

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/DJIjTOaF3EFreY

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *