Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Азот топшасындағы элементтерге жалпы сипаттама

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент
Шымкентский аграрный колледж
преподаватель по химии
Курманбекова Индира Маратбековна

Дәрістің мақсаттары:

Білімділік: Азот топшасындағы элементтерге жайында білім беру, реакция теңдеулерін жазу, білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Танымдылық, ізденімпаздық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білім, дағды іскерлікті қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Әрбір істі саналы түрде орындауға, өзара көмек және ұжымшылдыққа тәрбиелеу, өз пікірін еркін айтуға, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар: 1. Физика

  1. Биология        

Дәріске қолданылатын  көрнекі құралдар:  карточкалар (тақырыпты қайталау барысында), Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі (есептер шығаруда, реакция теңдеулерін жазуда).

Дәріс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

1.Сәлемдесу

  1. Түгелдеу
  2. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру
  3. Сабаққа дайындығын тексеру

 ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (15 мин)

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сұрақтар:

  1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз не? (Элементтердің тотығу дәрежесінің өзгеруі арқылы жүретін реакциялар)
  2. Тотығу дегеніміз не? (Электрондарды беру процесі)
  3. Тотықсыздану дегеніміз не? (Электрондарды қосып алу процесі)
  4. Реакцияда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар қалай аталады? (тотықтырғыш)
  5. Реакцияда электрондарды беретін атомдар немесе иондар қалай аталады? (тотықсыздандырғыш)

 ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары (40 мин)

  1. VА топша элементтеріне жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді. Бұл элементтер атомдарының сыртқы деңгейінде бес электроннан бар s2p3. s –деңгейшеде электрондар жұптасқан, ал р-деңгейшедегі барлық үш электрон жұптаспаған.
  2. Азот элементіне жалпы сипаттама.

Азоттың электрондық формуласы:  7N    1s2 2s2 2p3

Графиктік формуласы:   II     ↑↓     ↑ ↑ ↑

                                  I     ↑↓        

                                         s          p

Табиғатта таралуы. Табиғатта азот негізінен бос түрінде де, сонымен қатар қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі – 78,09%, ал массалық үлесі – 75,6%-ті құрайды. Азот қосылыстары аздаған мөлшерде топырақта бар.

Алынуы.Техникада азотты ауадан алады. Ауа – бұл негізінен азот пен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауаны сұйық күйге айналдырады, содан кейін буландыру арқылы азотты ұшқыштығы аз оттектен (азоттың tқ -195,8ºС, оттектікі — 183ºС) бөледі.

  1. Фосфор элементіне жалпы сипаттама.

Фосфордың электрондық формуласы:  15P    1s2 2s2 2p6 3s2 2p3

Табиғатта таралуы. Бұл едәуір көп таралған элемент, оның жер қыртысындағы мөлшері 0,12%. Фосфор белсенді, табиғатта бос күйінде кездеспейді, тек қосылыстар құрамында болады. қосылыстардың ең маңыздысы кальций фосфаты – апатит минералы.

Ақ фосфор қызыл фосфордан химиялық қасиеттері бойынша едәуір ерекшеленді. Мәселен, ақ фосфор ауада жеңіл тотығадыжәне өздігінен тұтанады, оны тек су астында сақтайды. Қызыл фосфор ауада тұтанбайды, бірақ 240ºС-тан жоғары қыздырғанда тұтанады.

ІҮ. Жаңа материалды бекіту (20 мин)

  1. Азот топшасы элементеріне қандай элементтер жатады? (Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді)
  2. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды? ( 78,09%)
  3. Азоттың қайнау температурасы? (tқ -195,8ºС)
  4. Лабораториялық жағдайда таза азотты алу реакция теңдеуін жазыңдар

           ( NH4NO2 N2 + 2H2O)

  1. Азоттың физикалық қасиеттері (Азот –иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан жеңіл газ. Суда ерігіштігі оттекке қарағанда төмен: 20ºС-та 1 л суда 15,4 мл азот ериді.азоттың аз ерігіштігін пайдаланып, оны су астында жинауға болады)
  2. Фосфордың жер қыртысындағы мөлшері қанша? (0,12%)
  3. Ересек адам организмінде қанша фосфор болады? (1 кг-ға жақын)

 Ү. Сабақты қорытындылау және  бағалау (8 мин)

  1. Азот топшасы элементеріне қандай элементтер жатады? (Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді)
  2. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды? ( 78,09%)
  3. Азоттың қайнау температурасы? (tқ -195,8ºС)
  4. Лабораториялық жағдайда таза азотты алу реакция теңдеуін жазыңдар
  5. ( NH4NO2 → N2↑ + 2H2O)
  6. Фосфордың жер қыртысындағы мөлшері қанша? (0,12%)
  7. Бағалау және түсінбеген сұрақтары бойынша жауап беру.

ҮІ. Үй тапсырмасы (2 мин)

Азот топшасындағы элементтерге жалпы сипаттама тақырыбын оқып келу және реакция теңдеулерін жазу.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1. Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис Химия, Алматы «Білім» 1988ж
  2. М.Б.Усманова Химия, Алматы «Атамұра» 2005ж

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *