Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Бүгін менің туған күнім!

Казахстан, Костанайская область

Краснодонская СШ

учитель казахского языка

Сайдалина Алия Сагандыковна

Сабақтың тақырыбы: Бүгін- менің туған күнім .(6 сынып)

Сабақтың мақсаты: «Сын есім» бойынша өткен тақырыпты пысықтау. Жаңа сөздермен таныстыру

Сабақтың міндеті: оқушылардың сөздік қорын молайту; туған күніне байланысты тілек білдіру; өзара диалог құрастыру.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

  1. Сәлемдесу, түгендеу
  2. Сабақ барысымен таныстыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)

Оқушылар тақта бетіне назар аударады. Ондағы сұрақтарға қол көтеріп жауап береді. презентация қосылады.

1 – сұрақ: Батаны кім береді және қай кезде беріледі?
2 – сұрақ: Ба
таның түрлерін атаңдар.
3 – сұрақ:
Бата мен тілектің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 4 – сұрақ: Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады?

ІІІ. Қызығушылықты ояту (5 мин.)

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты табу

Т а с б а қ а
т а у ы қ
б ұ ғ ы
б а л ы қ
к ү н
к ө г е р ш і н
т ү л к і
қ о я н

  1. Асты тас,
    Үсті тас,
    Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
  2. Апақ доп тауып, шақырады ақ …. (тауық)
  3. Таусылама, қарандар,
    Табиғаттын қызығы?
    Суық жақтағы жануар –
    Бұтақ-бұтақ мүйізі.
    (Бұғы) 
  4. Қанаты бар ұшпайды,
    Жұрт айламен,ұстайды. (Балық) 
  5. Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

  1. Еркін самғап ұшсын деп,
    Мәпелейміз,баптаймыз.
    Бейбітшілік құсы,- деп,
    Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін) 
  2. Өзі ширақ, өзі қу, 
    Жүрген жері айқай-шу. үлкі) 
  3. Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)
жауабы: (Туған күн)

ІY.Жаңа сабақты түсіндіру (7 мин)

Жазылым: 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.( оқулық, 61 бет)

  1. Бүгінгі күн кешегі күнге қарағанда….. . (салқындау)
  2. Алмастың ағасы … көрінеді. (жастау)
  3. Ол досына деген жақсы …. білдірді. (тілегін)
  4. Менің туған күнімде … тартылып, … ән айтылды.

Қажетті сөздер: салқындау, жастау, тілегін, домбыра, ән.

«Синквейн» стратегиясын қолданып, «туған күн» сөз тіркесіне өлең құрастыру. Мысалы,

Туған күн.

Қуанышты, таңғажайып.

Көңіліңді көтереді, бақытқы бөлейді, жасына жас қосады.

Жылына бір рет өтеді.

Шаттық.

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) Оқулықпен жұмыс:

Оқылым: 2 тапсырма: Мәтінді оқып шығып, Айдостың досына айтқан құттықтау тілегін көшіру (Еркін, жүлдең құтты болсын! Шеберігің шыңдала берсін. Сенің бұдан да биіктен көрінуіне тілектеспін).

3 тапсырма: Өлең шумағын оқу. Өлең оқылып болғасын, Мұқағали Мақатаевтың орындауында «Бүгін менің туған күнім» өлеңінің толық нұсқасы қосылады. Өлең аяқталғаннан кейін сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріледі:

1.Өлең қандай көңіл-күймен айтылды? Неліктен?

2. Автор жайлы балалардың білімін ортаға салу.

М.Мақатаев туралы мәлімет беру.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхам медқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағ дырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсай мын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады

Тілдесім: жұптық жұмыс. 4 тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқу (62 бет).

Y.Қорытынды:

Кестені толтыру:«Дұрыс» және «бұрыс»

Сөздер

дұрыс (+)

бұрыс (-)

1

«Ұзын» сөзі қатыстық сын есім бе?

2

«Жап-жасыл» сөзі күшейтпелі шырай ма?

3

«Өнерлі» қатыстық сын есім бе?

4

«Өте дәмді» сапалық сын есім бе?

5

Батаны сыныптастар бере ме?

6

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек салыстырмалы шырайдың жұрнақтары ма?

7

«Жаңа», «Қымбат» сөздері күшейтпелі шырай ма?

8

М.Мақатаев ақын ба?

Сұрақтарға жауап береді.

.Бағалау

YІІ. Үйге тапсырма: 61 бет, 3-тапсырма (өлеңді жаттау)

YІІІ. Рефлексия. (смайликтер арқылы сабақ ұнады ма, әлде жоқ па бағалау)

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/cVngGKLByoAoC

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *