Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Краткосрочный план по казахскому языку для детей с особыми образовательными потребностями

Каинтаева Гульзира Нуролдановна
Учитель – дефектолог
Специальная школа-интернат №6
г. Караганда, Казахстан

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Сыныбы: 5 сынып

Сабақ мақсаты:

Білімділік: адам дене мүшелерінің қазақ тіліндегі атаулары, дене мүшелерінің атауларын айтуға және оларды ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуге, білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың өзара бірлесе отырып сұрақтарға жауап бере алуларын дағдыландыру.

Тілдік мақсат: екі тілде дене мүшелерін атай білу: бас – голова, көз – глаза, мұрын – нос, қол – рука, аяқ – нога, арқа – спина, іш – живот, ауыз – рот.

Бағалау критерилері: адам денесінің негізгі мұшелерін атайды.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, әлеуметтік тұрмыстық бағдар

АКТ қолдану әдісі: компьютер арқылы слайд көрсету.

Сабақ барысы: амандасу, үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын, мақсат – міндеттерін айтып өту.

Адамның дене мүшелері

Бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық – адамның дене мүшелері. Мұны адамның қаңқасы (скелет человека) дейді. Адамның бас мүшесінде (в части головы) шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл,таңдай, т.б. мүшелер орналасқан.

Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.

Кез келген дене мүшесінің адам өмірі үшін маңызы зор. Бір жерің ауырып қалса, өзіңді жайсыз сезінесің, ол дегенің басқа дене мүшелері де ауырып тұрғанын білдіреді. Дене мүшелерін әрдайым таза ұстау керек. Денсаулықтың кепілі – тазалық.

Ал қазір мен дайындаған слайдты көре отырып, барлығымыз бірге басқа дене мүшелерімен танысып, аттарын дауыстап айтамыз.

Дене мұшелері – части тела: тұлға – туловище, мойын – шея, кірпік -ресницы,  қас – брови, тырнақ – ногти, шынтақ – локоть, бет – лицо, саусақ -палец, шаш – волосы, тізе – колено, тамыр – вены, қаңқа – скелет, ми – мозг, алақан – ладонь, қарын – пуза, маңдай – лоб, шеке – висок, ерін – губы, тіл –язык.

Ал енді, балалар қызықты бір ойын ойнайық. Ойын шарты: мен белгілі бір дене мұшелерін қазақша айтамын, ал сендер орысшасын айтып және аталған мүшені суреттен көрсетуге тырысыңдар.Кім жылдам және дұрыс -айтатындығын байқайық.

Біріншісін өзім көрсетемін; арқа-спина (арқаны көрсетемін).

Ал бастайық; аяқ, құлақ, ауыз, саусақ, көз, мұрын, шаш, қол, іш бас кірпік. Өте жақсы.

Адамның дене мүшелері 1 сынып

Сурет 1 – Адамның дене мүшелері

Жаңа тақырып бойынша диалог құрайық:

         – Марал, сенің бойың ұзын ба?

– Ия, өйткені менің аяғым ұзын.

– Жанар, бас бөлшегінде қандай мүше бар екенін білесің бе?

– Ия, көз, бет, кіріпкі, қас, ауыз, мағдай, шаш.

– Сенің шашың өте әдемі екен!

– Ия, мен оны уақытылы жуып отырамын.

– Ал сен дене мүшелеріңді таза ұстайсың ба?

– Әрине, апта сайын әпкеммен бірге моншаға барып отырамыз.

– Жақсы, сау бол!

– Көріскенше!

Дәптермен жұмыс.

Тақтаға екі оқушы шақырылады. Біріншісі кез келген дене мүшесінің атауын қазақ тілінде жазады, екінші оқушы шамасы келгенше сол сөздердің орысша.атауларын жазады. Оқушылар жауаптар дұрыс болған жағдайда дәптерге көшіріп жазады қате болған жағдайда өз жауаптарын айтады.

Сергіту сәті.

Басты оңға және солға бес реттен айналдыру, қолдарымызды алға ұстап, аяғымызбен бірнеше рет отырып тұру (приседания), бір біріміздің көзімізге қарап тұрып, онға дейін санау.

Ал қазір, жұмбақ шешуге дайындалыңдар:

1) «А» мен «қ»-ның арасы,

Бір-ақ әріп, санашы!

Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.                                   

(Аяқ-нога)   

2) Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр.
(Саусақ- палец)

3)Таппайтын тағат,                                              

Тығулы сағат.  

(Жүрек-сердце)                     

4) Сөз ұққыш

Қос тұтқыш.  

(Құлақ-ухо)

5) Отыз екi батыр,

Екiге бөлiнiп,                                                                                                     

Қамалып жатыр.  

(Тiс-зубы)

6) Дөңнiң сыртқы қабаты

Қарлығаштың қанаты.    

(Қас-брови)

Рефлексия: Не білдім? Не түсіндім? Оқушылардың жауаптары.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыға тиісті баға қоямын.

Үйге тапсырма. Адам дене мүшесінің негізгі бес бөлігінің атауларын жаттау: бас, мойын тұлға, қол, аяқ.

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *