«Отбасы- өмір аясы»
Қазақстан,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
№3 орта мектебі
педагог-психолог
Джумабаева Даулетбике
Мақсаты:«Отбасы»құндылығы туралы ұғымдарды кеңейту,адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата алуда,тіл байлығын дамытуда,сөз қадірін ұғынуда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру
- – Армысыздар ата-аналар,құрметті қонақтар!Бүгінгі «Отбасы-өмір аясы» тақырыбындағы ата-аналармен кездесу тренингіне қош келдіңіздер!
1-бөлім.
Топқа бөлу.Ата-аналар«Бесік» «,гүлдер», «күн шуағы» суреттерінің таңдағанын алады,бірдей суретті алған ата-аналар бірігіп бір топ болады.-Енді әр топ 1мин ішінде өз топ аттарыңызды қорғап шығасыздар.
2-бөлім«Жақсы сөз- жан семіртеді» Мақсаты: Отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынас стилін анықтау.
1-топ:«Балаға жақсы сөздің әсері»
2-топ:«Балаға жағымсыз сөздің әсері.»
Әр топ өздерінің ойларын жазып қорғайды
.3-топ:«Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру» Әрбір қатысушы өз отбасын гүл бейнесінде салып, таныстырып өтеді.(Гүлдің күлтелеріне, жапырақтарына, діңіне, тамырына, тұқым шашатын жеріне салуы мүмкін) Не себепті тамырына немесе жапырағына жазғандығы жөнінде таныстырып өтеді.
3-бөлім
«Аяқталмаған сөйлем:»3 топ екеуден үлестірмелі қағаз таңдап алады.Берілген сөйлемді аяқтау қажет.1-топ:
Сәби бақыты –ол…. Ата бақыты –ол……
2-топ:Әйел бақыты- ол……. Ер азамат бақыты –ол…….
3-топ:Жанұя бақыты – ол….. Ұстаз бақыты – ол….
4-бөлім:«Сөз тіркесімен жауап бер.» 50/50жеңілдік беріледі
Мақсаты:Сөз тіркестерімен,мақалдап сөйлеген отбасының балалары тілдің қадір-қасиетін,тілдің қыр-сырын жақсы түсініп өседі
.І-топ: 1.Адамның төбесі көкке жете ме? (қуанғаннан төбем көкке жетті) 2.Екі аяқ бір етікке сия ма?(екі аяғын бір етікке тығып) 3.Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)
ІІ-топ:1 Менің құлағым саған бара ма?(айта бер,құлағым сенде.) 2.Сөйлегенде сөз аузыңнан түсіп қала ма? (аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп) 3.Алтын табақтан шоршитын не?(иттің басы алтын табақтан шоршиды)
ІІІ-топ: 1.Көз сатыла ма?(бермеске көзіңді сатпа) 2.Ұялмаған нені жейді?(Ұялмаған бұйырмағаннан жейді) 3.Тауық түс көре ме?(тауық түсінде тары көреді)
(50/50 жеңілдігі көңіл-күй,тентектік-долылық, ынта болса қолдан келеді,тыңдау,құрметтегенді білмейтін,тіленсектенбе,арсыз.)
5-бөлім:«Өзін-өзі тану»әлемі
Сіздерге екі тақырып беріледі.Екі тақырыптың біреуін таңдауларыңыз керек.Сол тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауаптың төрт нұсқасы берілген.Төрт көздің біреуін бос қоясыз.Сұрақты нақты білмесеңіз үш ұяшыққа бөліп салсаңыз болады.
1-топ:
1-сұрақ Ас-дәм * Астаналар
Ас-дәм жауабы: шұбат, айран, бесті қымыз, сүт. Сұрағы: Берместің үйінде не тұрады?(бесті қымыз)
Астаналар:жауабы:2,3,4,5 Сұрағы:Қазақстан мемлекеті неше рет Астана ауыстырды(Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана)
2-топ
Өсімдіктер *Көңіл күй
Өсімдіктер жауабы:итмұрын,жалбыз,итсигек,жусанСұрағы:Жергілікті жердегі дәрілік өсімдік?(жалбыз)
Көңіл күй: «Мен бақыттымын»(сұрағы да,жауабы да,сыйлығы да жоқ,бақытты сұрақ.Ішінен айту,сыбырлап айту,бірте-бірте дауысты көтеріп қатты айту.)
3-топ: 1-сұрақ..
Тарих*Тұлғалар Тарих жауабы: 4;5;6;7 Сұрақ:Қазақстан неше құрлықпен шекаралас(Ресей,Түркменстан,Қытай,Қырғыстан,Өзбекстан,)Тұлғалар:Абай,Мұқағали,Мұхтар,Фариза.Сұрағы: «Шеше,сен бақыттысың,тербете бер,Құба талдан иілген бесігіңді»осы өлең қай ақынның сөзі?(Мұқағали)
Ойынның келесі бөлімі сәл ғана өзгереді:Мұнда үш жауап беріледі,бірақ,бір көз бос тұру керек.Нақты жауаптарыңыз болмаса екі көзге бөліп салыңыз.
1-топ;2-сұрақ: Салт-дәстүр*ФизикаСалт-дәстүр жауабы:атастыру, бел құда, бесік құда.Сұрағы:Туылмаған балаға ниет қылысқанқұдаларды қалай атайды?(бел құда)
Физика Жауабы: жылу алмасуды сақтау үшін,тез қайнау үшін,сыртқа бу шықпауүшін Сұрағы:Шәйнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?(жылу алмасуды сақтау үшін)
2-топ;2-сұрақКатегория: Математика*ЕлдерМатематика: Жауабы: баған түрінде,ауызша,1000 көбейтіп,23 азайтамыз.Сұрақ:23*999 қалай шалт көбейтуге болады?(1000көбейтіп,23азайтамыз)Елдер:Жауап:Өзбек,Қазақ,Қытай Сұрағы: «Ең бірінші өз мемлекетін, екінші өзі тұратын мекенін ,содан кейін отбасын ,тек содан кейін ғана өз басының қамын ойлауы керек» деген қағидамен өмір сүретін қай ел?(Қытай)
3-топ;2-сұрақ: Категория: Қалалар*ХандарҚалалар; Жауабы:Алматы,Шымкент,Тараз Сұрақ:Елімізде жасыл қала деп қай қаланы айтады? (Шымкент)
Хандар:Жауап; Әмір –Темір,Шыңғыс хан,Әбілқайыр. Сұрақ; ҚожаАхмет Яссауй кесенесі кімнің ұсынысымен салынды?(Әмір-Темір)
6-бөлім:«Сергіту сәті»Ән салсаң Әсеттей сал шалықтатып.Жауап нұсқасы:Ән салсаң
Әсеттей сал,шалықтатып,әсемдетіп,әсерлетіп,шырқатып,шығандатып,шапшытып,шүмектетіп,тамылжытып,орағытып,нөсерлетіп,самғатып,саңқылдатып,өршелетіп,бәсеңдетіп.Біз де әнді Әсеттей салмасақ та,шын көңілімізбен балаларымызға арнап «Келші,келші,балашым» әнін шырқайық.
8-бөлім:«Тілек шамы»
Мақсаты:Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Бәріңізге келер күндеріңіз жарқын болсын!-деймін.