Қазақстан қалалары. Саяхат сабақ.
Казахстан, Акмолинская область, Есильский район, г. Есиль
Средняя школа им. Сайлау Серикова
Учитель казахского языка и литературы
Кайсарбекова Жанна Сериковна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап,қорыту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: жеке, топтық, ұжымдық,сұрақ-жауап, диалог, іздендіру,пікір алмасу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырмалар, бағалау парақтары, слайд, тірек –сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, жағрапия, тарих.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
– Сәлемдесу
а/ Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
ә/ Психологиялық тренинг
б/ Әр қаланың суреті арқылы топқа бөлінеміз.
– Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Ақпанның нешесі?
-Аптаның қай күні?
Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
Балалар, партаның үстінде қалалардың аттары жатыр.Казір кімге қандай қала ұнайды сол қалаға отырыңыз. Жақсы. Топбасшысын тағайыңдаймыз.
«Жаркент» қаласы
«Тараз» қаласы
«Ақтау» қаласы
«Алматы» қаласы
«Астана» қаласы
Бағалау парақтары беріледі. Топбасшылары оқушылардың аттарын жазып, әр кезеңді белгілеп отырыңыз. Оқушылар психологиялық тренингке қатысады. 5 топқа бөлінеді.
/Жақсы балалар, ендеше топ- топқа жылы сөздер, жақсы тілектер айтамыз. / Балалар, Мен сіздерге бүгінгі сабақта, көп табысқа жетуді, әрқашан осындай әдемі, көңілді болуларыңды тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Саяхатқа пойызбен шығамыз.Қалаларға қонаққа барамыз.Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.
Үйге не берілді?
Ереже
- Өткен шақтың түрлері? /Жедел өткен шақ,ауыспалы өткен шақ, бұрынғы өткен шақ./
- Өткен шақ деген не? /Өткен шақ қимыл, іс –әрекетің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді/ Мысалы: Біз тауарды кеше сатып бітірдік.
- Осы шақ деген не? /Қимыл, іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте өтіп жатқанын білдіретін шақтың түрі осы шақ деп аталады./Мысалы: Құрылысшылар жаңа үйдің терезесін с алып жатыр. 1.нақ осы шақ ауыспалы осы шақ.
- Келер шақтың түрлері? 1. Болжалды. 2. Мақсатты. 3. Ауыспалы келер шақ.
- Келер шақ нені білдіреді? /Келер шақ қимыл, іс –әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін орындалатынын білдіреді. Мысалы: Астанаға бүгін кешке пойызбен шығамын.
- Болжалды келер шақ нені білдіреді? /Болжалды келер шақ қимыл іс –әрекеттің болу-болмауын анық көрсетпей, болжап қана білдіреді. Мысалы:Келер деп күтіп жүрміз.
Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат.
Экранда слайд «Қазақстанның картасы» /слайд/
Қазақстанның қалалары
Сабақтың эпиграфы «Қайталау – оқудың анасы» /слайд/
Саяхат сабағымыз 5 кезеңнен тұрады. /слайд/
1. Қала туралы не білесің? /постер қорғайды/
- Грамматикалық тапсырмалар.
3. Полиглот ойыны / үш тілде сөз тіркестер беріледі/.
4. Диалог құрастыру
а/ «Қазақстан облыстары мен қалалары»
б/ «Есіл қала туралы»
в/ «Қазақстанның қай қаласы ұнайды»
- Тест
Балалар, әр қалаға саяхат жасаймыз.
1.Кезең Қала туралы постер жасап жұмыстарын қорғайды.
/Оқушыларға ватман, маркер беріледі/
( «Пойыз» «Жаркент» қаласы) /слайд/
- Кезең Грамматикалық тапсырмалар.
Сөз құрамына талдау: Керуендер, адамның,
– Жақсы, жарайсыңдар! Саяхатымызды жалғастырайық, пойызға отырамыз. Кеттік.
( «Пойыз», «Алматы» қаласы ) /слайд/
Балалар, мынау Оңтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.
Морфологиялық талдау:
Қаланың аумағы 170 шаршы километрден астам.
«Пойыз», «Тараз» қаласы /слайд/
Болжалды келер шақты теріп жазыңыз.
Мурат ертең ертерек келерсің. Кітапханаға бірге барармыз. Асан, мен мүмкін барармын, мүмкін бармаспын. Ең болмаса, келеріңді, не келмесіңді айтып, телефон шаларсың. Кітапханаға бірге баруды қалап тұрсаң, ертерек келермін.
( «Пойыз», «Ақтау» қаласы ) /слайд/
Ақтау қаласына жеттік. Енді тірек сызба арқылы Ақтау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. ойызға отырамыз. Кеттік.
Фонетикалық талдау: Септеу: қала сөзі
Те/ңіз
2 буын. 1-а.б. 2. б.б., 2 дауысты, 3 дауыссыз
5 дыбыс 5 әріп
Т- дауыссыз, қатаң
Е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке
Ң –дауыссыз, үнді
І – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке
З – дауыссыз, ұяң
( «Пойыз» «Астана» қаласы) /слайд/
Қазақстанның елордасы – Астана қаласына келдік.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына ауыспалы келер шақ жалғауын қойыңыз.
Мен кітап ашамын. Сен дәптерге жазасың. Ол сурет салады. Біздер бүгін барамыз. Сіздер ертең келесіздер. Мен өлең оқимын. Сен ән айтасың. Ол би билейді.
- 3. Кезең. Полиглот
Жаркент қаласы
Орыс тілі | Қазақша | Ағылшынша |
Великий шелковый путь | Ұлы Жібек жолы | The Great Silk Road |
Старое дерево | Ескі ағаш | Old tree |
Караван | Керуен | Karavan |
Алматы қаласы
Орыс тілі | Қазақша | Ағылшынша |
Самый большой город | Ең үлкен қала | The biggest city |
Золотая колыбель | Алтын бесік | Gold crade |
Красивый, зеленый город | Әдемі, жасыл қала | Beautiful green city |
Тараз қаласы
Орыс тілі | Қазақша | Ағылшынша |
Древний город | Ең көне қала | Ancient city |
Мавзолеи | Кесенелері | Mausoleum |
Средневековый | Ортағасырлық | Middle aged |
Ақтау қаласы
Орыс тілі | Қазақша | Ағылшынша |
Порт | Айлақ | Port |
Железнодорожного вокзала нет | Теміржол вокзал жоқ | There isn trailway station |
Перевозка | Тасымалдау | Shipping |
Астана қаласы
Орыс тілі | Қазақша | Ағылшынша |
Город будущего | Болашағы үлкен қала | City of the future |
Наша страна | Біздің еліміз | Our country |
Города Казахстана | Қазақстанның қалалары | Cities of Kazakhstan |
Кезең Диалог құрастыру
- «Қазақстан облыстары мен қалалары»
- Есіл қала туралы
- Қазақстанның қай қаласы ұнайды?
Оқулықпен жұмыс
Кітаптың- 172 бет, 3- тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Батырлық, бірлік, татулық, тәуелсіздік, жылдық, өндірістік /лық – лік, дық-дік,-тық-тік/
- Кезең Тест Оқушыларға беріледі
1.Қазақстан қай құрлықта орналасқан? А. Азия В.Еуразия С.Америка Д.Австралия
2.Қазақстанда неше облыс бар? А.16 В.15 С.14 Д.13
- Халқының саны қанша? А.15млн В.17млн С.21млн Д.11млн
4.Мегаполис деген не?
А.500-ден астам тұрғыны бар қала В.800-ден астам тұрғыны бар қала
С. 400-ден астам тұрғыны бар қала Д. миллионнан астам тұрғыны бар қала
5.Қазақстанда мегаполис қай қала?
А.Павлодар В.Астана С.Алматы Д.Көкшетау
6.Ірі қалалар қандай?
А.Астана, Қарағанды, Павлодар В.Түркістан, Көкшетау, Екібастұз
С.Талдықорған, Рудный, Орал Д.Қостанай, Петропавл, Ақтау
- Қазақстанда неше шағын қала бар? А.67 В.65 С.66 Д.69
Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді тест бойынша тексереміз. Дұрыс жауабы экрандан көресіз.
Рефлексия: – Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Сабақта не істедік?
Бағалау: Топ басшылары бағалайды. Бағалау парағы
Үйге тапсырма «Менің сүйікті қалам» тақырыбына эссе жазу.
«3» – 8-11 б «4» – 12-16 б «5» – 17-20 б
Бағалау критерийі: 3, 4, 5 Бағалау парағы бойынша топ басшыларының есебі.
р/с | Оқушының
аты- жөні |
Постер құрастыру | Граммати-
калық тапсырма |
Полиг
лот |
Диалог | Тест | Оқушының
бағасы |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 |