Азот топшасындағы элементтерге жалпы сипаттама
Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент
Шымкентский аграрный колледж
преподаватель по химии
Курманбекова Индира Маратбековна
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Азот топшасындағы элементтерге жайында білім беру, реакция теңдеулерін жазу, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Танымдылық, ізденімпаздық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білім, дағды іскерлікті қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әрбір істі саналы түрде орындауға, өзара көмек және ұжымшылдыққа тәрбиелеу, өз пікірін еркін айтуға, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: 1. Физика
- Биология
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: карточкалар (тақырыпты қайталау барысында), Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі (есептер шығаруда, реакция теңдеулерін жазуда).
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
1.Сәлемдесу
- Түгелдеу
- Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру
- Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (15 мин)
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Сұрақтар:
- Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз не? (Элементтердің тотығу дәрежесінің өзгеруі арқылы жүретін реакциялар)
- Тотығу дегеніміз не? (Электрондарды беру процесі)
- Тотықсыздану дегеніміз не? (Электрондарды қосып алу процесі)
- Реакцияда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар қалай аталады? (тотықтырғыш)
- Реакцияда электрондарды беретін атомдар немесе иондар қалай аталады? (тотықсыздандырғыш)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары (40 мин)
- VА топша элементтеріне жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді. Бұл элементтер атомдарының сыртқы деңгейінде бес электроннан бар s2p3. s –деңгейшеде электрондар жұптасқан, ал р-деңгейшедегі барлық үш электрон жұптаспаған.
- Азот элементіне жалпы сипаттама.
Азоттың электрондық формуласы: 7N 1s2 2s2 2p3
Графиктік формуласы: II ↑↓ ↑ ↑ ↑
I ↑↓
s p
Табиғатта таралуы. Табиғатта азот негізінен бос түрінде де, сонымен қатар қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі – 78,09%, ал массалық үлесі – 75,6%-ті құрайды. Азот қосылыстары аздаған мөлшерде топырақта бар.
Алынуы.Техникада азотты ауадан алады. Ауа – бұл негізінен азот пен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауаны сұйық күйге айналдырады, содан кейін буландыру арқылы азотты ұшқыштығы аз оттектен (азоттың tқ -195,8ºС, оттектікі – 183ºС) бөледі.
- Фосфор элементіне жалпы сипаттама.
Фосфордың электрондық формуласы: 15P 1s2 2s2 2p6 3s2 2p3
Табиғатта таралуы. Бұл едәуір көп таралған элемент, оның жер қыртысындағы мөлшері 0,12%. Фосфор белсенді, табиғатта бос күйінде кездеспейді, тек қосылыстар құрамында болады. қосылыстардың ең маңыздысы кальций фосфаты – апатит минералы.
Ақ фосфор қызыл фосфордан химиялық қасиеттері бойынша едәуір ерекшеленді. Мәселен, ақ фосфор ауада жеңіл тотығадыжәне өздігінен тұтанады, оны тек су астында сақтайды. Қызыл фосфор ауада тұтанбайды, бірақ 240ºС-тан жоғары қыздырғанда тұтанады.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту (20 мин)
- Азот топшасы элементеріне қандай элементтер жатады? (Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді)
- Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды? ( 78,09%)
- Азоттың қайнау температурасы? (tқ -195,8ºС)
- Лабораториялық жағдайда таза азотты алу реакция теңдеуін жазыңдар
( NH4NO2 → N2↑ + 2H2O)
- Азоттың физикалық қасиеттері (Азот –иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан жеңіл газ. Суда ерігіштігі оттекке қарағанда төмен: 20ºС-та 1 л суда 15,4 мл азот ериді.азоттың аз ерігіштігін пайдаланып, оны су астында жинауға болады)
- Фосфордың жер қыртысындағы мөлшері қанша? (0,12%)
- Ересек адам организмінде қанша фосфор болады? (1 кг-ға жақын)
Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау (8 мин)
- Азот топшасы элементеріне қандай элементтер жатады? (Периодтық жүйедегі VА топшаға типтік р-элементтер азот және фосфор, сонымен қатар оларға ұқсас үлкен период элементтері мышьяк, сурьма және висмут кіреді)
- Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды? ( 78,09%)
- Азоттың қайнау температурасы? (tқ -195,8ºС)
- Лабораториялық жағдайда таза азотты алу реакция теңдеуін жазыңдар
- ( NH4NO2 → N2↑ + 2H2O)
- Фосфордың жер қыртысындағы мөлшері қанша? (0,12%)
- Бағалау және түсінбеген сұрақтары бойынша жауап беру.
ҮІ. Үй тапсырмасы (2 мин)
Азот топшасындағы элементтерге жалпы сипаттама тақырыбын оқып келу және реакция теңдеулерін жазу.
Қолданылған әдебиеттер:
- 1. Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис Химия, Алматы «Білім» 1988ж
- М.Б.Усманова Химия, Алматы «Атамұра» 2005ж