Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол

Казахстан,  г. Павлодар
СОШ №7
учитель начальных классов
Нуралина Клара Камысбаевна

КІРІСПЕ

Абай-қазақ  халқының ұлы  ақыны.А.  Құнанбаев 1845 жылы   туып, 1904 жылы қайтыс болған.Абай Семей облысы,  Абай   ауданында,  Қасқабұлақ  деген жерде  туған.Абайдың  әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың   анасы- Ұлжан  -ақылды,ал әжесі  Зере  ертегілерді,аңыздарды жақсы білген. Абай  әжесінің  тәрбиесінде өскен.  Абай 12 жасынан   бастап,  өлең   жаза бастады. 20-дан астам әндер шығарған  үлкен  сазгер.   Үлкен  аудармашы  болған.  Бірқатар   өлеңдері халық   мүддесін  қорғауға  арналған.Табиғат туралы  лирикалық  өлеңдері  де   жеткілікті.  Жастарға   ақыл-кеңес берер  өлеңдері  де мол.  Абай-қазақтың ұлы  ақыны ,  сазгер,философ,қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін салушы. Қазақтың ұлы Абайы,арыстаны-ғұламасы,  ақыны,данышпаны.

Абай деген- терең   ой,терең   арман,

Жарқыраған жұлдыз  бір   алыстағы

Абай  деген  халқының бір белесі,

Оқтайболып  зулаған сұр жебесі.

Мектеп-кеме,білімді-теңіз десек,

Сол  білімге  бастайтын бір   кемесі.

Ол  ай  мен   күн,олжарық   аспандағы,

Елестетер көзіне жас  баланы

Білім   менен  ғылымның бәйшешегі

Тек  Абайдан бүр жарып басталады.

Әрқашан   жақсылық   жасар жақсы   адам болу үшін   аталар  өсиетін,ақылын  көп оқыған,  көңіліне  тоқыған,соны    үнемі орындап жүретін    оқушы болуымыз керек.  «Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай» — дегендей Абай ата  туралы оқушыларды  тыңдайық.

Дана десең  болады,

Дара   десең   болады

Қазағымның кемтігі

Абайменен  толады

Қара  сөзі құрандай

Өлеңдері   тұмардай

Биіктейді  ұлы   Абай

Шыңға  шыққан  шынардай

Үргеніш: Өлеңі-ақыл, өзі-аңыз,

Абай-  біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан,

Санамызға    жазамыз.

Шен-шекпенге   жасыңнан

Құмар болма  депті  Абай

Милары    жоқ   масылға

Сыңар болма депті   Абай.

Бүкіл абзал адамның,

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Өсиетін   Абайдың,

Орындап жүр кім қалай?

Абай   атамыздың  жыл  мезгілдерінде   арнап  жазған  өлеңдерін    тыңдап  көрейік.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
   Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ссылка на материал: https://yadi.sk/d/KG1BbIeL3M9agV

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *