Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Біздің үй

Казахстан, Павлодарская область, Актогайский район, с. Актогай

КГУ «Областной кабинет психолого-педагогической коррекции»

Учитель-логопед

Садвакасова Жанна Болатовна

Мақсаты: Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құралдарын дамыту және сөйлеу белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

-Тақырып бойынша заттың атын, сипатын білдіретін сөздермен молайту, бекіту;

-Зат есімнің кішірейтіп айтылатын жалғауларын қолдануға жаттықтыру;

-Әңгіме құрастыруда қарапайым фразаларды қолдану дағдысын қалыптастыру;

-Кеңістікті бағдарлауын дамыту;

-Ойлау қабілетін дамыт;

Көрнекілік құралдар:

– Әр түрлі көлемдегі (биік, аласа, кішкене, үлкен) үйлердің суреттері,

– «Дымбілместің» немесе ертегі кейіпкерінің суреті,

– Бірнеше бөлшекке бөлінген үйдің суреті.

 Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Логопед:

  • Балалар, серуенге шыққанда, көшеде не көрдіңдер? (машиналарды, адамдарды, үйлерді).
  • Дұрыс, көшеде үйлер көп.
  • Балалар, бізде «Дымбілмес» келіп көмек сұрап отыр. Ол үйін таба алмай адасып қалыпты.
  • Көмектесеміз бе?
  • Иә.
  1. Негізгі бөлім.

Логопед:

  • «Дымбілместің» үйі үлкен, биік, шатыры қызыл екен. Ауласында күшіктің үйшігі бар екен.
  • Ол үйді кім көрсетеді екен?
  • «Дымбілместің» үйі қандай екен?

 «Үлкен-кіші» ойыны.

Үлкен үйдің астына үлкен заттарды, кішкентай үйдің астына кішкентай заттарды қойып атау керек.

Заттар: көрпе, кілем, кітап, көрпеше, кіпатша, кілемше.

Сергіту сәті. «Үй» ойынын қимылмен ойнату.

Логопед: -Өздерің үй салғыларың келе ме?Онда менімен бірге жаттығуларды жасаңдар.

Үйдің қабырғасы (екі қолымен кезекпен жоғары-төмен қимыл жасау).

-төмен (сол қолымен оңнан солға қарай қимыл жасау);

-еден (оң қолымен солдан оңға қарай қимыл жасау);

-есік (қолдарын бүгіп қатарынан ұстау);

-шатыр (екі қолды жоғары көтеріп үшбұрыш жасау);

-пештің мойыны (қолды жоғары көтеру);

-терезе (сол қолды жоғары көтеріп, оң қолды тамақтың астына ұстау).

-Міне, үй салдық. Жара        йсыңдар!

  1. Суретші нен ұмытты?

Үйдің кейбір бөліктері жоқ (шатыры, терезесі). Бірнеше үйдің суреті көрсетіледі. Балалар не жоқ екенін айту керек.

  1. «Үй құрастырайық» ойыны. Кесілген үйдің суретінен үй құрастыру.

Логопед әр балаға сұрақ қояды.

  • Сенің үйің қандай?
  • Үйде кімдер тұрады?

Бала: Менің үйім биік, үлкен. Шатыры жасыл. Үйде атам, әжем тұрады.

  • Менің үйім кең, биік. Үйдің шатыры, терезесі бар. Үй жарық, жылы, әдемі.
  1. Логопед:

– Балалар «Дымбілмеске» сендердің үйлерің ұнады ма екен? Сұрақ қойып сұраңдар («Дымбілмес» біздің үй ұнады ма?).

– Иә, жарайсыңдар. Үйлерің әдемі екен.

  1. Сабақ қорытындысы.

 

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *