Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Дөңгелек күн

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское

ГККП Детский ясли-сад «Еркетай»

воспитатель

Кылышбаева Марияш Танатаровна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.қатынас

 Бөлім: Сенсорика

Тақырыбы: Дөңгелек күн

Мақсаты: балаларға таныс геометриялық фигуралар «үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы білімді бекіту, тапсырыс пен сөздік мағынасы бойынша , заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету, балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: құрсау, геометриялық фигураларға ұқсас заттардың сурету, геомертиялық фигуралар бейнеленген карточкалар, геометриялық фигуралар салынған қапшық.

Сөздік жұмыс:дөңгелек

Билингвальды компонент: дөңгелек-круг

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы

 

Ойындық жағдаят

Тәрбиеші балалрдың дөңгелек сызық бйына тұруын сұрайды.

Сөздік жұмыс: дөңгелек

 

Балалар, қараңдаршы, біздің дөңгелек қандай үлкен. Ол күнге ұқсай ма?

Кәнекеи, біздің күнімізге сәулелер жасайық. Оң қолдарыңмен құрсауды ұстаңдар, ал сол қолдарыңды  сыртқа қарай созыңдар. Міне, біз сәулелер сияқтымыз.

Балаларға әткеншек ойнау ұсынылады.

Күн, құрсау қандай пішінге ұқсайды?

Билингвальды компонент: дөңгелек-круг

Балалар дөңгелек сызық бойына тұрады.

 

Дөңгелек сөзін қайталадйы.

Иә, күнге ұқсайды.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші айтқанын орындайды.

Ұйымдастырушы-Іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстелде геомтриялық пішіндерге ұқсас заттардың суреттері қойылған

Балалардан сұрайды

Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?

Әр балаға  кез келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай үстелег қоюды ұсынады.  Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды. Заттың пішініне саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Келе жатты үйлеріне үш аю

Ең үлкені іштерінде әке-аю

Сәл аласа бойыменен ана-аю

Ал ұлдары болды ғой тым кішкентай

Жүрген еді, сылдырмақты тастамай

Балалардың жауаптары

 

Дөңгелекке

 

 

Саусақтарымен заттарды айналдыра жүргізіп шығады.

 

 

Қимыл қозғалыстар жасайды.

Рефлексті-түзету Қапшықтан аып шық ойыны

Ойын шартымен түсіндіру

Күтілетін нәтиж:

Біледі : геометриялық пішіндерге ұқсас заттарыдң атауын, пішіндердің атауын

Игереді : пішіндердің түсі және пішіні бойынша салыстыру дағдысын

Меңгереді көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттала отырып, заттарды жинақтауды

 

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *