Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ жоспары
КГУ “Тимирязевская средняя школа отдела образования акимата Сарыкольского района”
Учитель Физической культуры
Шаймерденов Арман Турсунулы
Сабақтың тақырыбы: Допты орыннан және қозғалыста бір және екі қолмен лақтыру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- Білімділік:
- орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру;
- допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру;
- үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету;
- Дамытушылық:
- оқушылардың ептілік, икемділік, жылдамдық қабілеттерін дамыту;
- Тәрбиелік:
- оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Құрал – жабдықтар:баскетбол доптары, ысқырық, секундомер.
СБ | Сабақтың мазмұны | Мөлшері | Әдістемелік нұсқаулар |
Кіріспе бөлімі 15 мин |
3. Жай журістен жеңіл жүгіруге көшу.
4. Секірулер, арнайы жүгіру жаттығулары.
5. Жалпы дамыту жаттығулары. (Карточка)
|
2’
30”
2’
3’30”
6’30”
30” |
Сапта түзу, тыныштық сақтау керек.
Командаларды дұрыс бір мезетте орындау қажет.
Бір қалыпта жүгіру.
Залдың ортасынан екі топқа бөлінеміз.
|
Негізгі бөлімі 25 мин | I. Орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру.
II. Допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру.
III. Үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету.
|
5’
10’
3 рет
3 рет
3 рет
10’ |
Сынып жұптарға бөлінеді.
1-ші нөмірдегі оқушылар допты себетке лақтырады, 2-ші нөмірдегі оқушылар допты себеттен қабылдап 1-ші нөмірдегі оқушыларға береді. 5 лақтыру жасағасын ауысамыз.
Сынып екі топқа бөлінеді, 1-ші топ алаңның сол жағында, ал 2-ші топ алаңның оң жағында екі адымды шабуылдың турлерін жетілдіреді. Екі адымды шабуылдыдың 1-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің сол жағынан екі адымды шабуыл жасайды. Екі адымды шабуылдыдың 2-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің алдынғы жағынан екі адымды шабуыл жасайды. Екі адымды шабуылдыдың 3-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің оң жағынан екі адымды шабуыл жасайды.
Сынып екі қатарға бөлінеді. 1-ші қатардағы оқушылар шабуылды бастайды, олар бірінші пасты алаңның орта шебінде тұрған ойыншыға береді, ал орта шептегі ойыншы допты қабылдап, екінші пасты 2-ші қатардан жүгіріп келе жатқан ойыншыға береді, ол ойыншы соңғы үшінші пасты шабуылды бастаған ойыншыға береді. 1-ші қатардан жылдам жүгіріп келе жатқан ойыншы допты қабылдап, тоқтамай екі адым жасап себетке допты лақтырады. Әдісті орындағаннан кейін ойыншылар қатарларымен ауысып тұрады. |
Қорытынды бөлімі 5 мин |
|
30”
1’30”
3’
Тыныштық сақтау қажет.
Сендерге сабақта не ұнады?
Сабақ барысында жіберген қателерді айту.