Үй жануарлары
Казахстан, Акмолинская область, Егиндыкольский район, с. Егиндыколь
КГУ «Егиндыкольская средняя школа №2»
Учитель казахского языка и литературы
Амантаева Назира Нурлановна
Сабақтың мақсаттары:Етістікті қайталай отырып,оқушылардың
алған білімдерін саралау, етістіктен
алған білім дағдыларын өз бетінше жаттығу
жұмыстарында еркін қолдануын қалыптастыру,
білімдегі оқылықтарды жою. Алған білім,
білік дағдыларын шығармашылықпен пайдалану,
ойлау қабілетін дамыту сауатты жазуға
машықтандыру.Үй жануарлары туралы кең
мағлұмат беру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:Интерактивті тақта,суреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту әдісі,сұрақжауап,көрнекілік,әңгіме. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Келген қонақтарды қарсы алу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. Жоғары қар ап күн көрдім Төмен қарап жер көрдім, Оңға ,солға бұрылып, Егеменді ел көрдім.
-Балалар бүгін сыныпта кім кезекші? -Бүгін нешесі? -Қандай ай? -Қандай жыл мезгілі? -Қандай күн? -Ауа-райы қандай?(Көктем туралы сұрау) II.Үйтапсырмасын тексеру. -Үйге не берілді? -Үйге сөз таптарын қайталап келу болды. -Дұрыс Балалардың үй жұмысын тексеріп шығамын. III.Жаңа сабақ.2-слайд Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Үй жануарлары».
Ендеше біз бүгінгі сабақта үй жануарлары жайлы айтамыз.Қазақ халқының негізгі кәсібі-мал шаруашылығы.Қазақстанда қой,сиыр,жылқы,түйе өсіріледі.Қазақтар оны төрт түлік деп атайды.Төрт түлік малға қазақ халқы түйені,жылқыны,сиырды,қойды жатқызған.Төрт түлік мал –қазақ халқының күнкөрісінің негізі.Ол сауса-сүт,сойса-ет,кисе-киім,мінсе-көлік.Сондықтан халық малды аса қадірлеп,оны өсіруге ерекше көңіл бөлген. IV.Үй жануарларының төлдері 3-4-5-6-7 слайд. Мұғалімнің «Малдың баласын сүюі»өленің оқу. Оқушылардан төрт түлік туралы өлеңді сұрау. Костя: Ауылдардың қойы бар, Қойы бардың тоны бар. Сауса тәтті сүті бар, Сойса тәтті еті бар. Жамылыш пен төсеніш, Қойдан емес неден. Шекпен шалбар,қап арқан, Содан емей неден. Севиндык: Жағы қалақтай Мойны садақтай Төбелі жұлдыздай Жүні құндыздай. Лейла: Маң-маң басқан Шудаларын шаң басқан Екі өркешін қом басқан Төрт аяғын тең басқан. София: Жұмбағым да,жұмбағым Жорға қара торпағым Бетегені төскейден Теріп жеген торпағым. V.Мұғалім:Үй жануарлары бізге не береді? 8-9 слайд Оқушы: Жылқы- ет береді.Еттен:қазы.шұжық,қарта қуырдақ жасайды.Сүті-қымыз. Қымыз-биенің ашыған сүті.қымыз өкпе ауруын емдейді.Көлік.
Мұғалім: Қымызды ашытып,баптау өте күрделі процесс.Қазақтар қымызды көбінесе жылқы терісінің жасалған сабада ашытады.Қымыздын сапасы тікелей оны пісіруге байланысты.дұрыс алдында машина болмағанда жылқы көлік болған.
Оқушы: Қой-ет береді.Ет тағам.Жүн береді.Жүннен мата тоқиды.Матадан әр-түрлі киім тігеді. Оқушы:Түйе-ет береді.Ет-тағам.Сүті-шұбат.Шұбат өепе ауруын емдейді.Жүнінен жылы көрпе жасайды. Оқушы:Сиыретбереді.Еттағам.Сүтіненайран,құрт,қаймақ,май,ірімшік жасайды. Мұғалім: 10-слайд, Адам табиғат құбылыстарының барлығының иесі бар деп түсінген.Балалар осы үй жануарларының өз пірлері бар.
Жылқы атасы-Қамбар ата. Сиыр атасы-зеңгі баба. Түйе атасы-Ойсыл қара. Қой атасы-Шопан ата.-деп әрқайсысына жеке ат қойған.Солардан көмек тілеген.Халық төрт түлік туралы өлең-жырларды әр түліктің қасиетін,адамға тигізер пайдасын дәл басып айтқан: Түйе-байлық. Қой-мырзалық. Жылқы-сәндік. Сиыр-ақтық. Әр малдың өз пірлері жануарларды қорғап жүреді деген. VI.Осыған байланысты Малдарға арналған тыйым сөздер бар. 11-12 слайд.
1-тапсырма.13-слайд. Енді дәптерлерінді ашып 1-тапсырманы орындандар.(септеу)
Төл қандай дыбыс шығарады.14-слайд.
Түйе,бота маңырайды.
Сиыр,бұзау боздайды.
Қой,қозы кісінейді.
Жылқы,құлын мөңірейді.
Енді етістіктерді сөз құрамына талдандар.
2-тапсырма.15-слайд.
Кітаптарындағы беттегі 2-тапсырманы оқыңдар. Мәтінді оқып ат қойыңдар.Етістіктерді теріп,тұйық етістік түрінде жазыңдар.
3-тапсырма. 16-слайд. Келесі мына сөздерді жіктеңдер.
4-тапсырма. 17-слайд. Етістіктерден сөйлем құраңдар. Сөйлем құрау.(оқыды,сауады,отыр,күлді)
VII.Сабақты бекіту. сөзжұмбақ шешу.
VIII.Үй тапсымасын беру. Үй жануарлары туралы шығарма жазып келу IX.Бағалау. Оқушыларды мақтап,мадақтап бағалап шығу.
Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/LSs5WwyY3Q3veZ