Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Отбасы жарастығы

Казахстан, Костанайская область, Сарыкольский район

Соналинская средняя школа

Учитель самопознания

Сундеталина Кибат Ахметкалиевна

Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасы сыйластығы, жарастығы арқылы отбасына деген сүйіспеншілікке баулу.

Міндеттері:

–         Оқушыларға кешірімшіл болу, риясыз қызмет ете білуге шақыру.

–         Отбасына жанашырлық, сыйластық касиеттерін дамыту;

–         Отбасына риясыз қызмет ете білуге, кешірімшіл болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:

Слайдтар, дәйексөз, әндер жинағы, түрлі түсті қағаздар.

 

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

( Нұрға бөлену)

Баяу әнмен айтылады.

Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу ұстаңдар. Аяқ қолдарыңды айқастырмаңдар. Қолдарыңды тізелеріңе немесе парта үстіне қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.

Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе қарай бойлап барады.Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдеріңді, эмоцияларың мен тілек-қалауларыңды шайып, жүректеріңнің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сендердің бойларыңа ақырын бастағанын елестетіңдер.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолдарымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңа тарады. Аяқтарың сендерді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сендердің ауыздарыңа, тілдеріңе тарады. Тілдерің тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңа бағыттаңдар құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, бастарыңа тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сендердің денелеріңнең шығып, жан-жақтарыңа сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңа, мұғалімдеріңе, достарыңа, таныстарыңа бағыттаңдар, олардың да жүріктері нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңдар. Ойша айтыңдар: «Мен нұрмын….Нұр менің ішімде…. Мен Нұрмын»

Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңдар….

Енді осы Нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Нұрға толы бүкіл әлем сендердің жүректеріңде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңдар. Жаймен көздеріңді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Сабақ барысын талдау;
2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің бақытты отбасым» тақырыбына сурет салып келуге берілді.

Әр оқушы өзінің салып келген суретін, көрсете отырып таныстырады.

·        Суретте қандай сурет бейнеленген?

·        Суреттегі отбасы арасында қандай қарым – қатынасты байкадындар?

·        Бақытты отбасы қандай болады?

 
3. Дәйексөз

 

 «Шаңырақ сәні – сыйластық»

Халық мақалы

 

Дәйексөзді оқимыз мағынасын ашып талдаймыз.

–         Шанырақ деген не?

–         Отбасында жарастық болу үшін отбасы мүшелері бір – біріне қалай қарау керек?

–         Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінеміз?

Қорытынды: Әрбір адам өзіне, ата – анасына сүйіспеншілікпен қарайды. Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік арқылы келеді.

Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз. Дәйексөзді дәптерге жазу.

 
4. Әңгімелесу

           «Сүйіспеншілік»

Базарға барайын деп сыртка шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарт адамды көріп, оларды бар ниетімен үйіне шақырды. Сонда қариялардың біреуі:

« Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз» – дейді.

Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағы досым – Сәттілік. Менің атым Сүйіспеншілік. Өзін таныстарғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды.

–         Қазір үйіңе барып, үй иесімен ақылдасыныз.

Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға

құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды

өздеріңіз айтыңыздар деді.

–         «Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесімен айтканда, қатты қуанған ол». Қандай жақсы, қандай жақсы – деп қайталай берді.

–         Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?

Біз Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті» шақыруға қалай қарайсың ?» – деді. Екеуі ортақтасып, мынандай шешімге келеді:

« Негізгі, ең ақылды,  Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз.

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», – дейді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аңталған  болган жас әйел Байлық пен Сәттіліке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер…». Қариялар:

« Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, баска екеуміз далада отырар  едік. Бірақ та сіздер  Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек» – дейді. Әйелдің «неге?»  деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:

Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз Байлық пен Сәттілік қашанда қасымызда

Оқушылардың сүйіспеншілік туралы ойларын білу үшін мынандай сұрақтар қойылады.

Талдау сұрақтары:

·        Әңгіме не туралы айтылған?

·        Әйел үйге кімді шақырды?

·        Байлықты шақырса отбасы қандай болар еді?

·        Сендер қайсысын шақырар едіңдер?

·        Сүйіспеншілікті неліктен таңдады?

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 

«Бақытты отбасы» шаңырағын жасап шығару. Киіз үй бөліктеріне(кереге, есік, уык, шаңырақ) оқушылар бақытты отбасы болу үшін қандай адамгершіліқ касиеттер болу керек, соларды киіз үй бөліктеріне жазып, тақтаға құрастырып шығады. Оқушылар бір – біріне отбасына тілектер айтады.

–         Отбасында сыйластық болсын

–         Отбасында куаныш болсын т.б.

 
6. Топпен ән айту.

 

Ана туралы жыр.

Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

 

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай – күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал

 

«Ана жүрегі» видеоклип.

 
7. Үй тапсырмасы.

Отбасы туралы эссе жазу.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады».

Н. Ә. Назарбаев.

 
8. Соңғы тыныштық сәті.

(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырыңдар.Көзіңізді жұмыңдар.Денелеріңді босатып,тынышталыңдар.Көз алдыңрыңда енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңдер.Сендер тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыңдар.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сендер жеңіл демалудасыңдар,сендер күш-қуатқа толысыңдар.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сендердің денелеріне сәуле шашуда,самал жел сендердің шаштарыңды тербетіп, сендерге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші Сендерге өз махаббатын сыйлап,сендерді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сендердің бүкіл денелеріне қуат беріп тұрғанын сезінесіңдер.Бұл күшпен өздеріңе жақын адамдармен,достарыңмен ата – аналарымен бөлісіп жатқандарыңды елестетіңдер.Бұл қуат сендердің өмірлерінмен тығыз байланысты.Сендер әлемдегі ең бақытты жансыңдар!

Сабаққа рахмет!

 

 

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *