Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Геометриялық пішіндер

Медерова Асима Маратқызы
Ясли сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным.Шығармашылық.Денсаулық.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру. Олардың
пішіндерінің бір-біріне ұқсас және айырмашылықтарын түсіндіру.
Айналадағы заттардың пішіндерін анықтауды бекіту. Зеректік пен
адамгершілік және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Желім,әр тұрлі пішіндердің суреттері,түрлі геометриялық
пішіндер.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Мына сұлу әлемде,
 Адам өмір сүреді.
 Үлкен менен кішіге,
 Күн сәулесін төгеді.
 – Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келген екен. Олай болса, біз амандасып
алайық!
– Сәлеметсіздер ме?
– Қош келдіңдер, бізде бүгін өте көңілді оқу қызметі болмақ.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Ғажайып сәт. Есік соғылып, ішке Қонжық кіреді. Балалармен амандасады.
Қонжық: Балалар, менің үйшігім кеше дауылдан бұзылып қалды. Мен оны
қалай тұрғызуды білмеймін. Маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: -Иә, көмектесеміз!
– Қонжық, біз бүгін пішіндер туралы өтіп жатырмыз. Сол пішіндер арқылы
үйшікті тұрғызу өте оңайға соғады.
– Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетінде не туралы өткен болатынбыз?
– Биік – аласа, ұзын – қысқа, яғни шамаларды өткен болатынбыз.
– Олай болса мына суреттер арқылы өткен оқу қызметімізді пысықтай өтелік.
– Ұзын мойынорағыш.
– Қысқа мойынорағыш.
– Мынау ше?
– Биік үй.
– Аласа үй.
– Ал, балалар бүгін болса мына пішіндермен танысалық. Мен сендерге өлең
шумақтарын оқып беріп, оларды көрсетейін.
Балалар, маған қараңдар,
     Шаршы мырза мен болам.
     Енім, ұзындығым, биіктігім
     Қабырғаларым да тең менің.
       Мен шеңбермін, не керек.
       Жер шарындай шеңбермін
      Күн де, ай да дөңгелек.

Сергіту сәті

 Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.

– Балалар, мына пішінді шаршы деп атаймыз. Қане, қайталаңдаршы ?
– Шаршы.
– Балалар “Шаршы” деген төрт қабырғалары, биіктігі, ені мен
ұзындықтары бірдей пішінді айтамыз. Оларды қалай теңестірсек те тең
болады. Олардың бұрыштарын беттестірсек үшбұрыш болады.
– Ал, мына пішін – дөңгелек. Оны біз радиусы, яғни кіндігі арқылы
өлшейміз. Ол пішінде қабырға да бұрыш та болмайды. Қалай дөңгелетсек те,
ол домалай береді, яғни ешқандай кедергі жоқ.
– Қане, мынау қандай шеңбер?
– Үлкен бе, кіші ме?
– Кішкене шеңбер де, үлкен шеңбер де дөңгелейді.
– Осы дөңгелекке ұқсас нелерді білесіңдер?
– Доп, алма, күн және ай сияқты пішіндер өте көп.
Үшбұрыш
Үшбұрышпын мен балалар,
Бұрыштарымды қане, санаңдар.
Бүйірімдегі қос қабырғам
Жалғыз табан менде бар.
– Балалар, мына пішін неге ұқсас келеді? Түсі қандай?
– Қызыл түсті, үйдің шатырына ұқсайды.
– Керемет, өте жақсы таптыңдар.
– Үшбұрыштың аты айтып тұрғандай үш бұрышы, яғни үш төбесі болады.
Сонымен қатар үш қабырғасы болады. Олардың бірнеше түрлері болады.
Тікбұрыш, доғабұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыштар болады.
– Балалар, біздің бүгінгі өтіп жатқан пішіндерімізбен біз күнде кездесіп
отырамыз. Себебі, мына әлемнің өзі пішіндерден тұрады емес пе?!
Аспандағы ай мен күн дөңгелек емес пе?! Үйлер төртбұрыш болса, төбелері
үшбұрыш екен, не деген қызық, балалар!
– Балалар, сендер серуендегенді ұнатасыңдар ма ?
– Иә, әрине
– Ендеше орманға серуендеп барып, қонжықтың үйшігін құрастырып
берейік, тоңып қалмасын.
Саусақ жаттығуы:
Он қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болып шықты он саусақ
Дидактикалық ойын: Үйшікті құрастыру.
Ойын мақсаты: Пішіндерді дұрыс орналастару арқылы балалардың ой-
өрісін дамыту. Бала бойына ептілікті қалыптастыра білу.
Қонақпен қоштасу
Оқу қызметін қорытындылау.

– Балалар, бүгін біз қай пішіндермен таныстық?
– Қонаққа кім келді?
– Біз қайда бардық?
– Бәрекелді, балалар, жарайсыңдар, түгел белсенді бүлдіршіндер екенсіңдер!
– Ендеше қонақтармен де қоштасайық.
Көріскенше сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Баланың қолынан келуі: пішіндерді және олардың түстерін тани білу.
Білуі керек: ұқсас пішіндерді табу.
Баланың игергені: пішіндерді дұрыс орналастыра білу.

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *