Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу процесінде отанымыздың тарихи мұрасымен мәдениетіне бейімдеу

Қадырова Еркежан Уақытқызы
Әдіскер
КМҚК «Ақбота» бөбекжайы
Қарағанды қаласы, Қазақстан

Мектепке дейінгі жас – баланың жалпы дамуының іргетасы, барлық жоғары
адами негіздің бастапқы кезеңі. Бала тұлғасында рухани тұрғыны сақтау,
жағымсыз әсерге бекем болуға үйрету,адамгершілік негізін қаластыру, қатынас
жасау ережелеріне үйрету, адамдар арасында үйлесімді өмір сүру – тұлға бойында
рухани–адамгершілік сапаларын тәрбиелеудің басты идеялары.Бастапқыдан
педагогика жүйесінде тәрбие рухани – адамгершілік сферасын дамытумен тығыз
байланысты болды және алдына келесі мақсатты қойды – баланы ойшыл, мейірбан,
қайырымды, әлем және адамдарды жетілдіру мүмкіндігіне ізгі сенуге тәрбиелеу.
Халық мәдениеті – балалардың рухани, танымдық және эстетикалық дамыту
құралдарының бірі. Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетке, бабаларымыздың салт
–дәстүрлеріне, тарихи жолдардың түрлі кезеңдеріне танымдық қызығушылық
артуда. Заманауи педагогикалық тәжірибеде бала тәрбиесіне тұлғалық тұрғыдан
қарау тұрақты беталысқа ие болды. Біздің балабақшаның іс – әрекетінің басымдық
бағыты – бала мектепке дейінгі өмірін толыққанды өткізу үшін жайлы жағдай
туғызуға, тұлғаның мәдени негізін қалыптастыруға бағытталған бала тәрбиесін
әлеуметтік – тұлғалық тұрғыдан жүргізу. Бірнеше жыл ағымында балабақша
педагогтары мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық мәдениетке баулу
бойынша жұмыс жүргізуде. Педагогтар бұл жерде педагогикалық аспектіде салт –
дәстүрді жандандыру және жаңғырту ғана емес, сонымен қатар, халықтың және өз
отбасы мәдени құндылық жүйесіне бейімдеу деп түсінеді. Тәрбиенің басты міндеті
болып тұлға ретінде өзін дамыту және рухани – адамгершілік өсу үшін жағдай
туғызу. Мектепке дейінгі жас – тұлға дамуының маңызды кезеңі, өйткені осы
кезеңде азаматтық сапалардың негізі қаланып, баланың жауапкершілігі мен басқа
адамдарды сыйлау және түсіну қабілеттері қалыптасады. Бұл қатар баланың
жалпы дамуының іргетасы, жоғары адами негіздің бастауы болып табылады.
К.Д.Ушинский: «Өзін сүймейтін адам болмайтындай, отанына деген
сүйіспеншілігі жоқ адам болмайды. Сол сүйіспеншілік сезімі тәрбиеде адам
жүрегіне кілт болып табылады».Дәл сол себептен біздің қызығушылығымыз
адамгершілік құндылықтарға, Отанымыздың ұлттық мәдениетіне тоқталды. Біз
барлық ұлт өкілдеріне зор сүйіспеншілік сезімімен қараймыз, алайда Қазақстан
елінде тұратын адам ел мәдениеті мен тарихына тәнті болуы қажет деп санаймыз.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – балабақша мен ата-ана үлгісі деп Ыбырай
Алтынсарин айтқандай,балаға нені үйретсең, ол соны бойға сіңіреді. Ал мүлдем
тәрбиелемесек бетімен кетеді. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас
ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Рухани адамгершілік тәрбие-екі
үдеріс. Бір жағынан ол үлкендердің ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын,
сезімдері мен қарым қатынастарынан көрінеді.Сондықтан белгілі бір мазмұнды
іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог

істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетістіктерін зер салып
талдау керек.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді,
моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік,
қоғам игілігі үшін еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің
өзге де формалары-сананың сезімдердің,мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың
бөлінбес элементтері,оларға негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық
құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер
арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұы мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
үдересінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Тәрбиешінің ең
бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты
іс –әрекетіде, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен танысу кезінде, балаларға
арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске
асады.
Балаларда пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен
шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға
талпыныс пайда болады.Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын
анықтайды, оны өмірге белсене ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.Мектепке
дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер
арасындағы саналы қарым қатынас (тұрмыстың қарапайым ережелерін
орындау),кеңпейілділік, қарапайымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау
және т.б. ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын
қалыптастыру.
Атақты педагог В.Сухомлинский былай жазған: Бала үш жастан он екі
жасқа дейінгі аралықта өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден
алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға
қанат бітіретін, жас баланың өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани
азық. Күнделікті көркем әдебиет, тіл дамыту ҰОҚ-терінде ертегілерді оқып,
ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдаймыз.Сюжетті-рольдік ойындарда
ертегі, аңыз әңгімелердің кейіпкерлерін балалар рольге бөліп сомдап, ондағы
кейіпкерлердің іс-әректтеріне баға береді. Мұндағы мақсат балалар жас күнінен
ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата білу.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін, олардың ар-ұятын, намысын
оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету,
адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Ал адамгершілікке
тәрбиелеудің бірден-бір жолы -осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы
қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек-адамгершілік қасиеттердің берік
ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік-адамның рухани арқауы,өйткені адам
баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен,
қайырымдылығымен ардақталады. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет
көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу, адамгершілік тәрбиесінің
жемісі.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық
тәрбиесін үлгі ұстайды. Адам баласының мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы
тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін,құдіретті,қасиеті мол
адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың
бірі-қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін, жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ата- бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла,
Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы –
халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына
сіңіреді. Өз халқының мәдениетін, тарыхын, өнерін сүю арқылы басқа
халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз
мәдениетті азамат қалыптасады.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты – халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін
көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін
білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.Жас ұрпақты
саналы етіп тәрбиелеу-отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден – бір
парызы.Оқу –тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны
орасан.Топтағы қабылдау бөлмесінде Ата-аналар бұрышы, Кел жаттайық бәріміз,
Жол тәртібі , Құттықтаймыз!, Хабарландыру атты тақырыптар мен жұмыс
жүргізіледі.Ата-аналармен сауалнамалар, дөңгелек үстел, Өнегелі тәрбие
отбасынан басталады, Адамгершілік – адам жанының айнасы атты баяндамалар
оқылып ата-аналар қатысып қызығушылық танытады.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол
бала солай бола алады дейді. Демек шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның
жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат
жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына
ықпал етуі сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін ,өмірін жалғастыратын салауатты ,саналы
ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы
    адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,2011.
  2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994.
  3. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.
  4. «Бала мен балабақша» респуликалық педагогикалық журнал №12 (2013ж.)

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *