Разноцветные бусинки
Мусаев Ансар
Руководитель: Туйгынбаева Каракоз Абилазимовна
ГККП Ясли-сад №8
г. Тараз, Жамбылская область, Казахстан
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Сурет салу
Тақырыбы: «Түрлі түсті моншақтар»
Мақсаты: саусақ немесе бастырма арқылы сурет салуға үйрету
Міндеттері:
Білімділік: саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету;
Дамытушылық: бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелілік: әсемдікті, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: қуыршак, Айсұлу, түрлі түсті моншақтар, әр балаға сары түспен боялған қағаздар, қызыл, көк бояулар, қол сүрткіштер, су.
Алдын ала орындалатын жұмыс: қуыршақ Айсұлудың әшекейлерін қарау.
Сөздік жұмыс: моншақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Педагог балаларға түрлі түсті моншақтарды көрсетеді.
Сөздік жұмыс: моншақ. Олардың не үшін пайдаланылатыны туралы айтып, осындай әшекейді үйлеріңде кім тағады деп әңгімелесіп отырғанда қуыршақ Айсұлу ренжіп келеді. – Айсұлу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып, сендер сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме екен деп үміттеніп келіпті. |
Қайталайды: моншақ.
Балалар көмектесетіні жайлы айтады. Балалар көмектесетіні жайлы айтады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
– Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік. Ол үшін алдарыңдағы қағазға салынған моншақтың жібіне саусақтарыңды қызыл бояуға малып, қызыл түсті моншақты батырып саласыңдар, сонан кейін ол саусақты сулы шүберекпен сүртіп, көк бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан көк түсті моншақты бастырып саласыңдар. Педагогтің өзі салып көрсетеді. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын, әрі карай екі көк моншақ, екі қызыл және екі көк, т.б. түспен салуға болатынын түсіндіріп, қолдарын сүртпей тұрып бір түсті моншақтарды бірден екі-үштен бастырып салуға бағыт береді. Сергіту сәті: Моншақтарды алайық, Мойнымызға тағайық. Дөңгелене би билеп, Көңілденіп алайық. (Ф.Н.) Педагог сурет салу жолдарын көрсете отырып, жұмысты аяқтайды. Балалардың өз бетінше жұмыс жасағандарына мұқият қарап бақылайды. – Міне, әдемі моншақтар тізбегі дайын болды. Балаларға моншақ тізбегін Айсұлуға сыйлауды ұсынады. Айсұлу қуанышты екенін білдіреді. Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады. |
Мұқият тындайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар педагогтің көрсетуімен моншақтар тізбегін салады. Әр түспен екі моншақ салып болған соң ғана саусақтарын сүртіп отырады.Балалар моншақ Тізбектерін Айсұлуға сыйлайды. |
Рефлексиялық-
Түзетушілік |
Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды. |
Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды. |
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: моншақтардың әшекей зат екенін;
Түсінеді: моншақтар туралы қарапайым түсініктерді;
Қолданады: саусақ арқылы түстерді ауыстыра отырып дөңгелек салуды.