ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР
Казахстан, г. Астана
Детский сад №30 “Кайнар”
Воспитатель
Мейрамова Толкын Мухамеджановна
Мақсаты : Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу. Балабақшадағы алғашқы күн танысу,бейімделу күні болып есептеледі . Балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі үшін тобындағы өздері секілді бүлдіршіндермен таныстырады , балабақшаның әр бөлмесіне , демалыс бөлмесіне,асхана ойын бөлмесіне «саяхат» жасайды .
Міндеттері :
–Балаларды бір-бірімен,балабақшамен таныстыру. Балаларға балабақша , топ сөздерінің мағынасын түсіндіру . Балабақшаның –балалардың екінші үйі , онда уақытты топпен бірге қалай көңілді , қызықты өткізуге болатынын . Балаларды тыңдай және түсіне білуге , тез қабылдауға үйрету .
– Баланың зеректігін , ойлау қабілетін дамыту.
– Ұқыптылыққа , тазалыққа , жинақылыққа тәрбиелеу.
Апталық тақырып | «Денсаулық» -3
Дене шынықтыру- 2,5 Қауіпсіздік мінез құлық негіздері-0,5
|
«Коммуникация»-5
Орыс тілі-1 Сөйлеуді дамыту-1 Сауат ашу негіздері-1 Ағылшын тілі-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма -0,5
|
«Таным» -2,5
Жаратылыстану-1 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5
|
«Шығармашылық» -5
Музыка-2 Мүсіндеу-1 Сурет салу-1 Аппликация -1
|
«Әлеумет» – 1,5
Өзін-өзі тану -1 Қоршаған ортамен таныстыру-0,25 Экология негіздері-0,25
|
Вариативтік
компонент –3
« Өнер көзі- халықта »-1 «Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы » – 2
|
І апта
04.09-08.09.17 ж. |
Дене шынықтыру.
Жетекші маманның жоспары бойынша .
Дене шынықтыру. Жетекші маманның жоспары бойынша .
Дене шынықтыру. Жетекші маманның жоспары бойынша .
|
Орыс тілі .
Жетекші маманның жоспары бойынша .
Сөйлеуді дамыту . Тақырып : «Балабақша» Мақсаты : Балабақша жайлы түсініктерін дамыту.Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу. (әңгіме құру).Топ бөлмелері ( кең , жарық , биік) , ондағы бұйымдар , бөлме нешінші қабатта , неше бөлме , ол не үшін керек , онда балалар не істейді? Сөздік қорын сапалық жағынан байыту . Сөзді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Сауат ашу негіздері Тақырып : «Балабақша» (әңгіме құрастыру) Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен , үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Ағылшын тілі . Жетекші маманның жоспары бойынша .
Көркем әдебиет. Тақырып : «Балабақшам» өлең жаттау . Мақсаты : Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға , баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру : ертегі , әңгіме , өлең.
|
Жаратылыстану.
Тақырып : «Табиғатта не өзгерді?» Мақсаты : Күзгі табиғатта болатын өзгерістерді бақылау, бір-бірінен айыру жəне атын атап беруге ; себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білуге үйрету. Балалардың тəжірибелік-тəжірибеалдық жұмысқа деген қызығушылықтарын дамыту, салыстыру, бақылау нəтижелерін бір-бірімен салыстырып , қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу .
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру . Тақырыбы : «Жиын . Бір-көп . Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру» Мақсаты : Балаларды заттар тобының ортақ белгілерін тауып , заттарды белгілі бір қасиетіне қарай « үлкен » , « кіші » деген топтарға біріктіре алуға үйрету, бір жеке затты тауып көрсету ; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру ; «бір» және «бірнеше » терминдерін енгізу. Берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру . Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу .
|
Музыка.
Жетекші маманның жоспары бойынша .
Сурет салу. Тақырып: « Анам мені балабақшаға апарады (сюжет) » Мақсаты: Анасы мен өзін , үй мен балабақша аралығындағы жолды бейнелеу арқылы мазмұнды сурет салуға үйрету. Салған суреті бойынша айтып беру.
Мүсіндеу. Тақырып : «Менің сүйікті ойыншығым» Мақсаты : Балаларды сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей білуге, қиялдау арқылы түрлі ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. Ойыншықтарды мүсіндеу арқылы бала қиялын ,ұсақ қол қимылдарын,ойлау қабілеттерін дамыту. мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету. Есте сақтау қабілеттерін , ұсақ қол қимылдарын дамыту.Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа , әдемілікті сезе білуге тәрбиелеу.
Музыка . Жетекші маманның жоспары бойынша .
Аппликация . Тақырып: « Көшедегі үйлер » Мақсаты:Ұжымдық жұмыс дағдысын қалыптастыру,көп қабатты және бір үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра білуге үйрету;архитектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып,әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен Жапсыру қабілеттерін дамыту;балалардың үй туралы,оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру, шығармашылыққа тәрбиелеу. |
Өзін-өзі тану.
Тақырып: «Менің балабақшам» Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету . Балабақшаға деген мақтаныш , құрмет сезімдерін дамыту. Айналасындағы адамдарды жақсы көруге , құрметтеуге тәрбиелеу .
Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырып : «Балабақша» Мақсаты : Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру . Сурет бойынша әңгімелесу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.
|
«Өнер көзі-
халықта» Тақырып: «Менің балабақшамда» (жапсыру) Мақсаты : Балабақша жайында түсініктерін жетілдіру. Балалардың айналадағы дүниеден көргендерін әңгімелеп , айтып беру ақылы байланыстырып сөйлеуге үйрету , тілін дамыту. Жапсыру іскерліктеріне машықтандыру , өз ойларын белгілі бір бейнеге келтіру, шығармашылық белсенділігін , көркемдік талғмын арттыру .Ұқыпты жұмыс істеуге , еңбек нәтижесіне жете білуге баулу . Іс-қызметі барысында бір-біріне деген ізгілік , адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
«Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы» Тақырып: «Адам» деген ардақты ат» Мақсаты : Адамға тән қасиеттермен таныстыра отырып , адамгершілікке байланысты айтылған тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға үйрету. «Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы» Тақырып: «Қазақша амандасып үйренейік» Мақсаты: Қол алысып ,құшақтасып, амандасу түрлерін түсіндіру. Бір-бірімен , үлкендермен амандасу дағдыларын қалыптастыру.
|
Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/qloJ8zWx3RHav9