Пішіндер
Казахстан, Мангистауская область, Бейнеуский район
Детский садик “Бейнеу”
Воспитатель
Наушабаева Маржан Жылкибаевна
Білім беру саласы: «Таным» Оқу іс-әрекеті: Математика Тақырыбы: «Пішіндер» Мақсаты: Балаларға таныс геометриялық пішіндер (үшбұрыш,дөңгеле
Іс-әрекетінің
кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық
қозғаушылық |
Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері: Бәріміз енді тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық, Жақсы-жақсы тілекті, Қонақтарға сыйлайық! |
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.
Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз, Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
-Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндермен танысамыз. Видеоролик көрсетіледі.
Тәрбиеші:-Балалар,алдымен пішіндер мен олардың түстері туралы тақпақтар тыңдайық. (геометриялық пішіндерден көрпеше құрастырып,қуырш Тақпақтар: Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер» Шарты:геометриялық пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырады. Әр балаға кез-келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша) үстелге қоюды ұсынады. Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды. Заттың пішінін саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады.Балалард Сергіту сәті: Бір,екі –еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш – төрт шалқай, Иілмесін тізең. Қолды көтер аспанға, Саусақты соз, жасқанба. Оңға,солға бұрылып, Жоғары,төмен қарайық, Орнымызды табайық. Тапсырма: «Түс пен пішінді ажырата білу» 1.Сары шеңберге секір. 2.Қызыл төртбұрышқа аяқты қой. 3.Жасыл үшбұрышты атта. «Қапшықтан алып шық» ойыны. Шарты:Үстел үстіне бір пішінді қояды. Балалардың біреуі шығып, қапшықтың ішінен дәл сондай пішінді сипап сезу арқылы табады. |
Төртбұрышты қолданып,
Үшбұрышты қолданып, Көрпешені жасаймын, Әдемісін ішінен, Қуыршаққа сыйлаймын. Ойыншықтар қандай, қандай, Қызыл,жасыл,сары Түрлі – түсті түрлері, Көз тартады өздері. Балалар тапсырманы орындайды. Педагогпен бірге қайталап, қимыл – қозғалыс арқылы жасайды. Балалар сары түске секіреді; Қызыл бұрышқа аяқтарын қояды; Жасыл үшбұрыштан аттайды; Сипап ұстау арқылы қапшықтың ішінен алып шыққан пішіннің атын айтып,түсін атайды. Балалар ойынға қызығушылық танытады. |
Рефлексиялық
түзетушілік |
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз, геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік, олардың неге ұқсайтынын білдік. -Сонымен бірге,олардың әртүрлі үлкен-кішілігін және түстерін білдік. -Сендер,барлығың өте жақсы атсалыстыңдар,се Ендеше, бүгінгі іс-әрекетімізді аяқтай отырып, бір –біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар! |
Балалар берілген
сұрақтарға жауап береді. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық! |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын,(төртбұры
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Наушабаева Маржан
Технологиялық картаны тексерген әдіскер: Кожанова Жаным