Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Сабақ жоспарлары информатика 5-11 сынып қазақша

Казахстан, г. Кызылорда
Средняя школа №4 им. С. Сейфуллина
учитель информатики
Омарбекова Салтанат Кунтугановна

Кіріспе 

Адамның өмір тіршілігінің жаһандану үдерісінде, жоғарғы технологиялар мен ақпараттану ғасырында мектептегі информатика пәні оқушылардың ақпараттық коммуникациялық және ақпараттық – есептеуіш технологиялар, сандық білім беру ресурстары, қашықтықтан оқыту технологиялары саласындағы білімін, білігі мен дағдыларын меңгертуді және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етуді көздейді.

5 – сыныпқа информатиканы оқытудың мақсаты – информатиканың теориялық негіздері бойынша негізгі білім жүйесін, әртүрлі ақпаратты өңдеуде ең қарапайым программамен жұмыс жасауды және ақпаратты өңдеу түрлерін меңгертуді көздейді.

Оқытудың міндеттері:

  • Операциялық жүйелер (ОЖ) және ОЖ-нің стандартты қосымшаларын меңгеру;
  • Ақпараттық технологияларды өңдеуде мәтіндік (текстік), графикалық, сандық, ақпарат түрлерін игеру;
  • Пәнге деген қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Техникаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
  • Информатика саласындағы негізгі түсініктер мен білімдерді қалыптастыру;
  • Оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту,
    оқушыларға ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
  • Компьютерді әртүрлі тәжірибелік есептерді шешуге қолдануды үйрету;
  • Оқушылардың қызығушылықтарын компьютерлік-ақпараттық технологиялар және ақпаратты өңдеу әдістерін арттыру;
  • Жаңа ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеткіншек ұрпақтың бойында адамгершілік және құқықтық негіздерді қалау;

Ұсынылып отырған  5 – сыныпқа арналған сабақ жоспары мұғалімдерге, жас мамандарға көмек ретінде берілген.

Бірінші сабақ оқушыларды жұмыс істеудің дұрыс, әрі қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін игертуге бағытталған техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға арналады. Бұл жоспарда мұғалімдерге дайын бақылау сұрақтары мен тест жұмыстары берілген.

           Сағат саны:  аптасына 1 сағаттан,  барлығы  34 сағатты құрайды.

Түсініктеме  хат 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  3 сәуірдегі №115 бұйрығымен,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты басшылыққа алынды. Жалпы білім беретін  мектептің 5 – 9 сыныптарына арналған «Математика және информатика»  білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 115 бұйрығына 34-қосымша.

5-сыныпқа арналған «Информатика» курсының бағдарламасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес құрылған. Бұл оқулықта берілген материал оқушының теориялық материалды игеруін бақылауды, сондай-ақ берілген тапсырмалар дәріс өткізуді жеделдетіп, берік білім беру мен дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

1.Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;
ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
3. Компьютер (9 сағат):
компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;
пернетақта;
программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;
файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,
объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):
қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;
қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;
калькулятор, блокнот;
дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
5. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).

 

Тақырыптық жоспар

5- сынып

 

Бөлім

тақырыбы

Жалпы

сағат

саны

Мемлекеттік

стандарт

1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. 1 – Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесі;

– Алғашқы көмек көрсету тәсілін;

– Көзге жаттығу жасауды.

2 Ақпарат және ақпараттық үдерістер 3 – Ақпарат түрлері,ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау және ұсыну  тәсілдерін білуге;

– ЭЕМ- нің мүмкіндіктерін;

– Компьютер құрылғыларының мәнін;

– Компьютерде өңделетін ақпарат түрлерін.

– ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;

– компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;

– ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бпғдарламалық жабдықтарын білуі;

– адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;

3 Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы 9 – Ақпарат түрлері,ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау және ұсыну  тәсілдерін білуге;

– ЭЕМ- нің мүмкіндіктерін;

– Компьютер құрылғыларының мәнін;

– Компьютерде өңделетін ақпарат түрлерін.

– ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;

– компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;

– ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бпғдарламалық жабдықтарын білуі;

– адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;

– Құрылғылардың қызметін;

– Ақпарат тасуыштарды;

– Бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керектігін;

– Пернетақтамен жұмыс жасау ережелерін;

– компьютерлік тұсау кесер (презентация) ұғымын білуі;

– компьютерлік тұсау кесер құрудың технологиясын білуі;

  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 17 –          қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;

–          қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;

–          калькулятор, блокнот;

–          дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.

4 Жобалық іс-әрекет

 

2  
5 Тест жұмысы  І ж.ж.

Қорытынды тест ІІ ж.ж.

2 Оқушылардың білімін бағалау, сараптау.

 

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Сынып

Күні

Сағат саны Сабақтың тақырыбы ИКТ

Инт. тақта, эл.оқ, т.б

Сабақ типі мен түрі Үй тапсырмасы
5 сынып
1   1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Презента-ция Жаңа білімді меңгеру сабағы §1. Өзіңді

тексер тест.

Ереже жаттау.

  Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)

 

 
2   1 Информатика. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері. Презентация Аралас сабақ §2. Түйін жаттау. Тест.
3   1 Ақпаратты өңдеудің тәсілдері. Презентация Аралас сабақ §3.Түйін жаттау.Тест.
4   1 Ақпарат көлемі, ақпарат өлшем бірліктері     §4. Өлшем бірліктерін жаттау.
  Компьютер  (9 сағат)

 

 
5   1 Компьютер-әмбебеп есептеуіш машина. Компьютердің негізгі құрылғылары мен міндеттері. Презентация Жаңа сабақты меңгеру §5. Түйінді жаттау.
6   1 Компьютердің құрылымы. Пернетақта. Презентация Аралас сабақ §6. Түйінді жаттау. Тест.
7   1 Компьютердің қосымша құрылғылары     §7.Түйінді жаттау.Тест.
8   1 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы Электронды оқулық Аралас сабақ §8.Түйінді оқу. Бақылау сұрақтары.
9   1 Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару Электронды оқулық Аралас сабақ §9.Түйінді жаттау. Бақылау сұрақатр
10   1 Терезелер     §10. Түйінді оқу.
11   1 Файлдар, бумалар және жарлықтар. Электронды оқулық Аралас сабақ §11. Түйін. Бақылау сұрақтары.
12   1 Нысандармен жұмыс істеу

 

    §12. Түйін. Бақылау сұрақтары.
13   1 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу. Электронды оқулық Аралас сабақ §13. Түйін. Бақылау сұрақтары.
 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар (17 сағат)

14   1 Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, ашу, сақтау. Презентация Жаңа сабақты меңгеру §14. Түйін. Бақылау сұрақтары.
15   1 Графикалық редактордың сурет салу құралдары. Презентация Аралас сабақ §15.Түйін. бақылау сұрақтары.
16   1 Тест жұмысы

 

    Қайталау
17   1 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. Электронды оқулық Аралас сабақ §16. Өзіңді тексер.
18   1  Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), Презентация Жаңа сабақты меңгеру §17.Түйін. Өзіңді тексер.
19   1 Баспаға дайындау. Баспадан шығару. Практикалық жұмыс Презентация Аралас сабақ §18.Түйін. Өзіңді тексер.
20   1 Қарапайым мәтіндік редакторы. WordPad мәтіндік редактор интерфейсі. Электронды оқулық Аралас сабақ §19. Түйін. Өзіңді тексер
21   1 Мәтінді теру, түзету ережелері. ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Презентация Жаңа сабақты меңгеру §20. Түйін. Өзіңді тексер
22   1 Мәтіннің бөліктерін ерекшелеу. Презентация Аралас сабақ §21. Түйін. Өзіңді тексер
23   1 Мәтінді  пішімдеу. Әріптер Электронды оқулық Аралас сабақ §22. Түйін. Өзіңді тексер
24   1 Мәтінді  пішімдеу. Абзац. Презентация Аралас сабақ §23. Түйін. Өзіңді тексер

 

25   1 Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу. Презентация Жаңа сабақты меңгеру §24. А,В,С деңгейлі жұмыстар
26   1 Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.

 

Презентация Аралас сабақ §25 Түйін. Өзіңді тексер
27   1 Практикалық жұмыс. Аралас құжаттарды құру. Электронды оқулық Аралас сабақ §26. А,В,С деңгейлі жұмыстар
 
28   1 Блокнот. Калькулятор.

 

Презентация Аралас сабақ §27. Түйін. Өзіңді тексер
29   1 Калькулятор жады. Презентация Аралас сабақ §28. Түйін. Өзіңді тексер
30   1 Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу.

 

Электронды оқулық Аралас сабақ §29. Түйін. Өзіңді тексер
31   1 Практикалық жұмыс. Дыбыс жазу.

 

    §30 А,В,С деңгейлі жұмыстар
32-33   2 Жобалық іс – әрекет.

Аралас құжаттар құру.

 

    §31-34

 

34   1 Қорытынды тест

 

    Қайталау

 

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *