Түлкі мен қырғауыл
Казахстан, г. Павлодар
ГККП “Ясли-сад №33” “Ак бота”
Воспитатель
Садыкова Алмахан Кульджабаевна
Мақсаты: Балаларды ертегіні әңгімелеп беруге үйрету.
Міндеттері:Дауыс екпінін кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты өзгерте білуге үйрету,ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқына сипаттама беруге баулу,ертегі кейіпкерлерінің арасындағы байланысты бұзбай айтуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,жеті қалпақ әдісі,қақпақ ,алжапқыш театры , мнемотехника әдісі,қолшатыр театры т.б.
Сөздік жұмыс: Қырғауыл,зытып бара жату.
Көрнекіліктер:суреттер,жеті қалпақ,теледидар,тыныс алуға арналған бөтелкелер,қарындаштар,жапырақтар,екі алжапқыштар т.б.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті | жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
Ізденіс ұйымдастыру
Рефлексия |
1.Тәрбиеші:Бүгін міне арайланып таң атты.
Бүгін тағы бір жаңа күн шықты.Біз өз ана тілімімізде жақсы ,анық сөйлесуіміз үшін ең алдымен тілімізді оятайық,-деп қырғауылдың дыбысын салады(.Тілді шығарып,былдырлау.) Енді құстардың дыбысын тыңдай отырып,қай құс екенін айтып,сол құстың дыбысын бірге айтайық.Үнтаспадан қарға мен көкектің дыбысын тыңдатып,сұрау,және қайталап айту.(Қар-қар-қар,кө-кек,кө-кек. )Қазір қай жыл мезгілі? –Күздің қандай түрлері бар?Ұшып кететін құстарды қалай атаймыз?Құстар туралы не білесіңдер?Эвелинна:Мен болжам білемін: Егерде –бозторғай ән салса-күн ашық болады.Аңсар:Мен жаңылтпаш білем: Ала қарға қарға қонды, қара қарға қарға қонды. Али: Мен тыйым сөз білемін.Құстың жұмыртқасын алуға болмайды,бетіңе шұбар түседі. Тәрбиеші:Ал,енді балалар,тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік:Ұл балалар бөтелкедегі пенапласты үрлейді,ал қыздар-сары жапырақтарды үрлейді. Есік қағылып,тәрбиеші топқа құртақандардан жәшік келгенін айтады.Жәшік ішінен хатты алып,оқиды.
-Сәлеметсіңдер ме ,балалар сендерге хат жолдап отырған көңілді құртақандар .Біздің жанұяда « Сиқырлы қалпақ мерекесі» болып тұрады.Бізде қиын жағдай болды.Сиқыршы біздің қалпақтарымыздың сиқырын жойды.Енді біздің жанұяда бұрынғыдай мереке болмайтын болды.Көмектесеміз бе? Тәрбиеші жәшікті ашып,ішінен қызыл қалпақты алып шығады.Тәрбиеші:Мына қызыл қалпақ тілек қалпағы енді осы қызыл қалпақты кие отырып,бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айтып шығайық.
Тәрбиеші бір жылы сөз айтып,қызыл қалпақты балаларға бере отырып:Табиғатты қорғайық! –дейді. 1-бала:Әсия:Ей,балалар,балалар, 2-бала:Назерке:Аман болсын аналар. 3-бала:Аңсар:Құстарда да бала бар, 4-бала:Әдият:Кім сүймейді балалсын. 5-бала:Дильназ:Бір ойланып қалмайық, 6-бала:Шыңғыс:Құс ұясын бұзбайық! 7-бала:Қ.Мадияр:Жұмыртқасын алмайық. 8-бала:Әйгерім:Обалына қалмайық. 9-бала:Альмира:Тақия тұзақ салмайық, 10 бала:Али:Қарғысына қалмайық. 11-бала:Ясмин:Әдейі көздеп атпайық. 12 бала: Айлин:Көп күнаға батпайық. 13-бала:Амина:Құстар болсын досымыз, 14-бала:Айзима:Құстармен дос болайық! Басқа айтпаған балалар бірге:Құстарға ұя жасайық, Бидай мен дән шашайық! Осы сөздерді айтып болған соң балалар саусақ жаттығуы арқылы құстың ұясын,дәндер шашқан іс-әрекетті саусақ жаттығуы арқылы көрсетеді. Тәрбиеші:Қызыл қалпақ жылы лебізді білдіреді,біз қызыл қалпақтың сиқырын аштық- деп айта отырып,қызыл қалпақ тұрған суреттің бетін ашады.(Тақтада сызба ілініп тұр,онда әртүрлі қалпақтар суреттері бейнеленген,бірақ суреттің беті жабық.Әрбір апсырма орындалған сайын ғана ашылып отырады.)
Тәрбиеші:Бүгін біз сендермен жаңа ертегімен танысамыз.Ертегі « Түлкі мен қырғауыл» деп аталады.Бұл ертегіде мынадай жаңа сөздер кездеседі:Қырғауыл,зытып бара жатты.Қырқауыл-қыстап қалатын құс.Зытып бара жатты деген сөз-тез жүгіріп бара жатты деген сөз.(Тәрбиеші осы сөзді сызба түрінде көрсетеді.) Тәрбиеші :екінші ақ қалпақ-ақпарат қалпағы .Бүгінгі танысатын ертегімізде қырғауыл деген құспен танысамыз.Ол қалпақтың сиқырын ашу үшін ақ қалпақтың тапсырмасын орындаймыз. Бүгін біздегі жаңа сөз-қырғауыл сөзі .Осы жаңа сөз туралы ақпаратты Аңсар мен Әйгерімге үйге біліп кел деп едім.
Али : Қырғауылдың құйрығы ұзын.Бір жылдан асқан және үлкен қырғауылдарды аулай береді.Қырғауыл Оңтүстік Қазақстанда басқа да облыстарда тіршілік етеді.( Қырғауыл суретін көрсете отырып,баяндайды.) Әйгерім:Қырғауыл-қыстап қалатын құс.Ұясын ну қамыстың арасына салады.Сәуір айында жұмыртқалайды. (Тәрбиеші тақтадағы ақ қалпақтың бетін ашады.)
Тәрбиеші:Балалар ,бүгін сендермен «Түлкі мен қырғауыл» атты ертегімен танысамыз.-дейді. (Балалар үстел басындағы орындықтарға жайғасады.)Мен сендерге ертегіні мәнерлеп оқып берейін.Тәрбиеші ертегіні бір рет оқиды.(Тәрбиеші басына жасыл қалпақ кие отырып ертегіні мәнерлеп оқиды.) Екінші рет тақтадағы мнемосызба арқылы әңгімелейді.(Тәрбиеші:Жасыл қалпақтың тапсырмасын орындадық,-деп тақтадағы жасыл қалпақтың бетін музыка арқылы ашады. )
Тәрбиеші:Балалар енді денемізді сергітіп алайық.Теледидардан қарай отырып,сергіту сәтін орындайды.
Кел ,балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Құстар құсап ұшайық, Ұшып,ұшып алайық.
Тәрбиеші:ал,енді осы ертегіні маған бір бала әңгімелеп береді-деп бір баланы тақтаға шақырады.Тәрбиеші:Балалар,енді кім осы ертегі желісінің бір жерінен қырғауылдың сөзін сиқырлы терезе ерқылы,қолшатыр театры бойынша әңгімелейді? Тақтаға 1 бала шығып сиқырлы терезені ертегі желісінің бір жеріне қоя отырып,қырғауылдың сөзін айтады.Мысалы:Мына жерде қырғауыл айтты:Жерге түсуге қорқамын,онда әртүрлі аңдар бар,-мені жеп қояды ғой деп айта отырып қолшатыр театры арқылы оқиғаның бір үзіндісін әңгімелейді.
Тәрбиеші:Енді осы ертегіні алжапқыш театры бойынша әңгімелеп берейік.(Үш баланы ортаға шығарады.Бір бала –автор,біреуі-түлкі,біреуі-қырғауыл
Тәрбиеші:Қандай ертегімен таныстық?Ертегі қалай басталады? Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Кімге не ұнады? Назерке:Маған құртақандар ұнады.Азима:Маған алжапқыш театры ұнады.Альмира:Маған қызыл қалпақ ұнады.Ясмин:Маған сары қалпақ ұнады.Эвелинна:Маған құртақандардың жәшігі ұнады. Ділнәз:Маған сергіту сәті ұнады.Али:Маған Эвелиннаның жауаптары ұнады.Аңсар:Маған қырғауыл ұнады,ол түлкіден де қу болып шықты.Әдият:Маған қақпақ театры ұнады.
Тәрбиеші:Бүгін біз құртақандардың барлық тапсырмаларын орындадық.Құртақандар сендерге сыйлықтар беріп жіберіпті.(Тәрбиеші әдемі себетті алып шығады.) Кім өзін бүгін көп нәрсе үйрендім,қысылмай бәрін айттым деп ойласа-үлкен саңырауқұлақ алады,ал,егер әлі де жауап беруге қысылдым ,ертегіні түсінбедім деп ойласа ол бала кішкентай саңырауқұлақтарды алады.
-Тәрбиеші балаларды мақтап,мадақтайды. |
Тілге жаттығу жасалады.
Балалардың жауаптары.
Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Балалардың зейіндері жәшікке ауады.
Балалар дөңгелене тұрады.
Балалар қызыл қалпақты кие отырып, құстарға жасалатын қамқорлықтар туралы жылы лебіздерін айтады.
Балалар тақтадағы сызбаны қарайды.
Екі бала тақтаға шығып,өздері ақ қалпақты киеді де үйге берілген тапсырма бойынша қырғауыл туралы біліп келгендерін әңгімелейді.
Екі бала қырғауыл туралы мәлеметтерін айтады.
Балалар үлкен,кіші саңырауқұлақтарды алады.
Тақтаға екі бала шығып,біреуі ырғауылдың сөзін,біреуі түлкінің сөзін ойықшаны қоя отырып,қолшатыр театры арқылы әңгімелейді.
Үш бала ортаға шығады.Біреуі-қырғауыл бейнеленген алжапқышты,біреуі-түлкінің сурет бейнеленген алжапқышты киеді.Ал,біреу-авторы болады.
Екі бала кейіпкерлер,біреуі автор болады.
Тағы екі бала шығып біреуі-ертегіде қырғауыл болдыдеп,қырғауыл сурет бейнеленген қақпақты бұрайды,екінші бала ертегіде –түлкі болды деп түлкінің суретін бұрайды.
Барлық балалар өздеріне не ұнағанын көк қалпақты кие отырып,әңгімелеп шығады. Қай бала өзін ертегін жақсы түсіндімдегендері-үлкен саңырауқұлақты, -кішкене саңырауқұлақты алады.Неге үлкенін алды,неге кішісін алды соны дәлелдейді, түсіндіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Түлкінің мінез-құлқы жайлы білууі тиіс.
Игеру: Ертегіні мазмұндап игеруі;
Меңгеру: Ертегі желісін толық,анық мазмұндауы.
Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/2DQZrm2w3HRbie